Казталов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 наурыздағы № 9-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 наурызда № 4730 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Казталов аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Г.Кушваева
      Мәслихат хатшысы Е.Ғазизов

  Казталов аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 9-5 шешіміне қосымша

Казталов аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" № 39-6 шешімі (2016 жылдың 14 қаңтардағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4224 нөмірімен тіркелген және "Ауыл айнасы" газетінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №20 жарияланған);
      2. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы "Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 39-6 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 41-1 шешімі (2016 жылдың 2 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4283 нөмірімен тіркелген және "Ауыл айнасы" газетінің 2016 жылғы 11 наурыздағы №11 жарияланған);
      3. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 сәуірдегі "Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 39-6 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 3-1 шешімі (2016 жылдың 5 мамырдағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4382 нөмірімен тіркелген және "Ауыл айнасы" газетінің 2016 жылғы 27 мамырдағы №22 жарияланған);
      4. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 тамыздағы "Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 39-6 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 5-3 шешімі (2016 жылдың 17 тамыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4518 нөмірімен тіркелген және "Ауыл айнасы" газетінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі №37 жарияланған);
      5. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 5 қазандағы "Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 39-6 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 6-1 шешімі (2016 жылдың 14 қазандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4577 нөмірімен тіркелген және "Ауыл айнасы" газетінің 2016 жылғы 28 қазандағы №44 жарияланған);
      6. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 қарашадағы "Казталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 39-6 "2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 7-3 шешімі (2016 жылдың 12 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4617 нөмірімен тіркелген және "Ауыл айнасы" газетінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №53 жарияланған);
      7. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы "Казталов аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 42-3 шешімі (2016 жылдың 12 сәуірдегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4331 нөмірімен тіркелген және "Ауыл айнасы" газетінің 2016 жылғы 22 шілдедегі №30 жарияланған);
      8. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы "Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 42-3 "Казталов аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 4-8 шешімі (2016 жылдың 12 шілдедегі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4470 нөмірімен тіркелген және 2016 жылы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      9. Казталов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы "2016 жылы Казталов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы" № 41-2 шешімі (2016 жылдың 9 наурыздағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4290 нөмірімен тіркелген және "Ауыл айнасы" газетінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №20 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады