Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұсақ малынан шешек ауруының пайда болуына байланысты, Тереңкөл ауылдық округінің Кенбоз қыстағы аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы "Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Кенбоз қыстағы аумағында карантин белгілеу туралы" № 2 шешімінің (Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 3818 болып тіркелген) күші жойылсын.
3. Тереңкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Бупешова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауылдық округінің әкімі | Ж. Қайыров |