Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округінің Кенбоз қыстағы аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 17 ақпанда № 3818 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің 20.04.2016 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 13 ақпандағы № 60 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұсақ малынан шешек ауруының пайда болуына байланысты, Тереңкөл ауылдық округінің Кенбоз қыстағы аумағында карантин белгіленсін.
      2. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етуді өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Ж. Қайыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады