Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 03.04.2020 № 52-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 16-8 "Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3407 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Сырым елі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген Сырым ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
2-тармақта:
8) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларымен толықтырылсын:
"11) "Өрлеу" жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
13) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз азаматтары мен оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
14) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
15) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;
16) өтініш беруші (үміткер) – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам.".
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарына 5 АЕК мөлшерінде және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 2 АЕК мөлшерінде, соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға 5 АЕК мөлшерінде;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.";
9-тармақтың 1), 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қатерлі ісік ауруымен онкологиялық есепте тұрған азаматтарға, туберкулезбен ауыратындарға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табысын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
5) гемодиализ аппаратын қабылдайтын I топ мүгедектеріне табысын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) аз қамтылған азаматтарды (отбасыларды) жерлеу рәсіміне 15 АЕК мөлшерінде.".
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма және облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгіленген кедейлік шегі мен ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырмасы ретінде төленеді.
Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы 3 айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша ай сайын немесе үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т. б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға пайдаланылуға тиіс.
Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне өтініш береді.".
2. Сырым аудандық мәслихат аппаратының бас маманы (А. Орашева) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Дуйсенгалиев |
Мәслихат хатшысы | Ш. Дуйсенгалиева |
"КЕЛІСІЛГЕН" | |
Батыс Қазақстан облысы | |
әкімінің орынбасары | |
_______________ М. Тоқжанов | |
21 сәуір 2016 жыл |