Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 228 "2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3987 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда "Уральская газета" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Тукжановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Сериккалиев |
Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 37 қаулысына қосымша |
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Р-с № | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі білім ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі білім ұйымдарда ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) |
Мектепке дейінгі ұйым (жергілікті бюджет) | ||||||
1. | Федоровка ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақ желкен" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 100 | 21683 | 21863 | 8580 |
2. | Федоровка ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 70 | 21636 | 21636 | 8580 |
3. | Аңқаты ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдырған" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 40 | 34494 | 34494 | 8580 |
4. | Пойма ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 47 | 27255 | 27255 | 8580 |
5. | Долинное ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Назерке" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 28 | 37021 | 37021 | 8580 |
6. | Шағатай ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 54 | 31035 | 31035 | 8580 |
7. | Сарыөмір ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Өркен" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 68 | 25609 | 25609 | 8580 |
8. | Ақжайық ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 123 | 19524 | 19524 | 8580 |
9. | Покатиловка ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қызғалдақ" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 30 | 34231 | 34231 | 8580 |
10. | Ұзынкөл ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Бүлдіршін" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 31 | 34659 | 34659 | 8580 |
Мектепке дейінгі ұйым (Республикалық бюджет) | ||||||
11. | Подстепное ауылы | "Теректі ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 290-орындық "Бәйтерек" мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 290 | 18865 | 18865 | 8580 |