Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 17.02.2020 № 39-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы", 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 18-3 "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3429 тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы "Теректі жаңалығы – Теректинская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы", 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағида), 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.";
2-тармақта:
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілген қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
12) отбасына көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – уәкілетті орган үміткермен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешені;
13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
14) Өрлеу" жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру кешенді шаралар;
15) өтініш беруші (үміткер) – "Өрлеу" жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдірген адам.";
16) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.";
8-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына шығындарын өтеуге коммуналдық қызметтерге 5 АЕК мөлшерінде, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 2 АЕК мөлшерінде;";
мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
"2) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға айлық есептік көрсеткіштің 50% мөлшерінде әлеуметтік көмек.";
9- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бір реттік әлеуметтік көмек:
1) 1, 2, 3, 4 сатыдағы қатерлі ісік ауруларына, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын емделудің сүйемелдеу кезеңіндегі ауруларға аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
2) аз қамтамасыз етілген жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күн көріс деңгейінен төмен табыстары бар азаматтарға (отбасыларға) табысын есепке алып жерлеу рәсімдеріне 15 АЕК мөлшерінде;
3) мүгедек балаларға облыстан тыс жерлерге оңалту орталықтарына жол жүруіне байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 15 АЕК мөлшерінде;
4) гемодиализдегі 1 топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;
5) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларға) арыздары бойынша табысын есепке алып 5 АЕК мөлшерінде;
6) 90 жасқа толған және асқан адамдарға табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
7) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің сондай-ақ қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушылардың әйелдері (күйеулері) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс жасаған (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдерімен наградталмаған адамдарға санаторлық-курорттық емделуге жолдама алу үшін 30 АЕК мөлшерінде;
8) жалғыз тұратын зейнеткерлерге және жалғыз тұратын 1, 2 топтағы мүгедектерге қатты отын сатып алуға табысын есепке алмай 12 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1. ШАК еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (адамның) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда отбасы мүшелерінің (адамның) әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) беріледі.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын және ШАК төленетін кезеңде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады.";
мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2, 14-3, 14-4, 14-5, 14-6-тармақтармен толықтырылсын:
"14-1. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ол болмаған жағдайда ауылдық округ әкіміне өтініш береді.
Уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткер өтініш білдірген күні оған "Өрлеу" жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді. Үміткер "Өрлеу" жобасына қатысуға келісім берген жағдайда уәкілетті орган, ауылдық округ әкімі не ассистент әңгімелесу жүргізеді.
Әңгімелесу жүргізу кезінде:
ШАК алу негіздемесі;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;
жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша орталық атқарушы органмен бекітілген әңгімелесу парағы нысан бойынша ресімделеді.
14-2. Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер "Өрлеу" жобасына қатысуға өтініш пен орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
4) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы;
5) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
14-3. Уәкілетті орган немесе ауылдық округ әкімі құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде іс макетін қалыптастырады және "Өрлеу" жобасына қатысуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізу үшін учаскелік комиссияларға береді.
Учаскелік комиссиялар құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің материалдық жағдайын зерттеп-қарауды жүргізеді, орталық атқарушы орган бекітетін нысандар бойынша зерттеп-қарау актісін және учаскелік комиссия қорытындысын жасайды және учаскелік комиссия қорытындысын уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне береді.
14-4. Ауылдық округ әкімі өтініш берушілердің құжаттарын учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса, олар қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға береді.
14-5. Уәкілетті орган:
1) ауылдық округ әкімінен немесе учаскелік комиссиядан құжаттарды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелері бар өтініш берушінің электрондық іс макетін қалыптастырады, отбасының әрбір мүшесіне ШАК-тың айлық мөлшерін айқындайды;
2) ШАК-ке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін, осы Қағидалардың 14-6- тармағында көзделген жағдайларды және бірінші, екінші топ мүгедектерін, білім алушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасасу үшін жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.
Бұл ретте, уәкілетті орган жіберілген адамдардың тізімін жұмыспен қамту орталығына береді. Жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей олармен әлеуметтік келісімшарттар жасасады және әлеуметтік келісімшарттардың көшірмелерін уәкілетті органға жібереді;
3) әлеуметтік келісімшарттардың көшірмелерін алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес жеке жоспарды әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу үшін шақырады;
4) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу күні нысанын орталық атқарушы орган бекітетін тағайындау (ШАК тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды және ШАК тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша бас тарту туралы (себептерін көрсете отырып) хабарлама жібереді.
14-6. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу мынадай жағдайларда:
1) стационарлық, амбулаториялық (санаторийлік) емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынылған кезде) кезеңіне;
2) отбасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын басқа да еңбекке қабілетті мүшелер болған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, өзге адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасауды жүзеге асыруды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне ШАК алу үшін міндетті шарт болып табылады.";
24- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бұл ретте, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасына (адамға) ШАК төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады;
2) облыстарда белгіленген кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма республикалық бюджеттен түсетін нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттен нысаналы трансфеттер бөлінбеген жағдайда ШАК толығымен жергілікті бюджет есебінен төленеді.
Жан басына шаққандағы орташа табыс ШАК тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы үш айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАК мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.
ШАК отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.
ШАК-тың біржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын мүлік сатып алуға арналған шығындардан басқа, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және тағы басқа сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға пайдаланылуға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 27-1- тармақпен толықтырылсын:
"27-1. Уәкілетті орган мынадай:
1) "Өрлеу" жобасына қатысушы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған;
2) анық емес мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты бұзылған;
3) алушының банк шоты бойынша үш айдан астам қозғалыс болмаған;
4) ШАК алушылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтер, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
5) қайтыс болған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдар туралы мәліметтер, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан келіп түскен;
6) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кеткен;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздестіріліп жатқан адамдар фактісі, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан анықталған;
8) қамқоршылықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтер түскен жағдайларда нысанын орталық атқарушы орган бекітетін ШАК төлемін тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, ШАК-ты заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған анық емес мәліметтер ұсынылғаны анықталған жағдайда адамға (отбасына) ШАК тағайындалған кезеңге оны төлеу тоқтатылады. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен артық төленген сомаларды қайтару жөнінде шаралар қолданады.";
көрсетілген қағиданың 2-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген қағиданың 3-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Теректі аудандық мәслихат аппаратының басшысы (В. Мустивко) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Батыров |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Ә. Нұрғалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
___________ М.Тоқжанов
2016 жылғы 29 сәуір
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
№ | Алушылар санатының тізбесі | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
1. | Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдайда қалған азамат (отбасы) | 30 АЕК | бір ай ішінде |
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлері
№ | Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі | Әлеуметтік көмектің бірыңғай мөлшерлері (теңге) | |
1. | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері | 150 000 | |
2. | Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар: | ||
1) Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдар | 10 000 | ||
2) қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар | 20 000 | ||
3) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары | 20 000 | ||
4) бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік | 30 000 | ||
5) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқандар | 30 000 | ||
6) екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағындағы фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар | 70 000 | ||
3. | Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар: | ||
1) бұрынғы КСР Одағының қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер | 30 000 | ||
2) әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар | 10 000 | ||
3) басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер | 10 000 | ||
4)Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары | 30 000 | ||
4. | Жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары: | ||
1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы | 20 000 | ||
2) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы | 20 000 | ||
3) Чернобыль АЭС-індегі апаттың, зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы | 20 000 | ||
4) Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери | 10 000 | ||
5) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда | 10 000 | ||
6) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) | 15 000 | ||
7) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар | 15 000 | ||
8) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар | 10 000 | ||
5 | 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға | 10 000 |
Ескерту: аббревиатуралардың шешуі:АЕК – айлық есептік көрсеткіш;
КСР Одағы – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;
Чернобыль АЭС - Чернобыль атомдық электростанциясы.