Маңғыстау, Ақмола облыстары және Астана мен Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017жылғы 1 ақпанда № 14754 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 212-бабына және "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Маңғыстау, Ақмола облыстарының және Алматы мен Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2017 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберуге арналған, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемдері:

      Маңғыстау облысы – 1 336 788 000 (бір миллиард үш жүз отыз алты миллион жеті жүз сексен сегіз мың) теңгеден артық емес;

      Ақмола облысы - 410 198 000 (төрт жүз он миллион жүз тоқсан сегіз мың) теңгеден артық емес;

      Астана қаласы – 6 922 232 000 (алты миллиард тоғыз жүз жиырма екі миллион екі жүз отыз екі мың) теңгеден артық емес;

      Алматы қаласы – 4 219 856 000 (төрт миллиард екі жүз он тоғыз миллион сегіз жүз елу алты мың) теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 22.06.2017 № 395 бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауға жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады