"Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14835 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 571-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1450) жарияланған) мынадай өзгерту енгізілсін:

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 42-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 30 қаңтардағы
№ 62 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығына
42-қосымша
  Нысан





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады