"Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама мен жұмыскердің салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 439 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14843 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 01.02.2018 № 102 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 23-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама мен жұмыскердің салық шегерімдерін қолдану туралы өтініш нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 439 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14220 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерту енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.";

      жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтама осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 1 ақпандағы
№ 73 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 10 тамыздағы
№ 439 бұйрығына
1-қосымша
Нысан

Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы АНЫҚТАМА

      Салықтық кезең:__________________________________________________________________

      Жеке тұлғаның ЖСН-і:____________________________________________________________

      Жеке тұлғаның Т.А.Ә (болған кезе).:_________________________________________________

      Салық агентінің (жұмыс берушінің) ЖСН(БСН)_______________________________________

      Салық агентінің (жұмыс берушінің) атауы____________________________________________

Айы

Төлем көзінен салық салуға жататын кірістің сомасы

жеке табыс салығы бойынша түзетудің сомасы, оларды көшіруді қоса алғанда*

қолданылған салық шегерімдерінің сомасы, оларды көшіруді қоса алғанда, барлығы **:

1

2

3

4 (5+6+7+8+9+10+11+12+13)

қаңтар




ақпан




наурыз




сәуір




мамыр




маусым




шілде




тамыз




қыркүйек




қазан




қараша




желтоқсан




БАРЛЫҒЫ:





Оның ішінде:

Жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасы

Есептелген жеке табыс салығының сомасы

Төленген кірістің сомасы

МЗЖ

Стандартты шегерім

Міндетті медициналық сақтандыруға

Көп балалы отбасылар үшін

Ерікті зейнетақы жарналары үшін

Оқу үшін

Медицина үшін

Сыйлықақылар бойынша

Сақтандыру сыйақылары бойынша

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14 (2-3-4)

15 (15*10%)

16









































































      Басшы _________________________________________________________ ________________

      (Т.А.Ә.) (болған кезе)                  (мөрдің орны)            (қолы)

      Анықтама беруге жауапты лауазымды тұлға_____________________________ _____________

      (Т.А.Ә.) (болған кезе)            (қолы)

      Анықтаманың берілген күні 20_____ жылғы "_____" ________________

      Ескерту:

      * - салық салудан босатылатын табыстар (табыстарды түзету) Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағында қарастырылған, табысты түзетуді көшіру Салық кодексінің 156-1-бабына сәйкес жүргізіледі.

      ** салық шегерімдері Салық кодексінің 156-2, 156-3, 156-3, 156-6, 156-7, 156-8, 156-9, 156-10, 156-11-баптарында қарастырылған, стандартты салық шегерімін көшіру Салық кодексінің 156-5-бабына сәйкес жүргізіледі, басқа да салық шегерімдерін көшіру Салық кодексінің 156-12-бабына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады