"Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 02 наурызда № 14859 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 151 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 21.02.2024 № 151 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12432 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы қызметі жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын лауазымдар тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы қызметі жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын бөліністер мен лауазымдар тізбесі";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мынадай лауазымдарда ішкі істер органдарының "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағының 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет өткерген қызметкерлеріне:

      жасақ командирі;

      командирдің жедел жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары;

      командирдің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;

      жасақ командирінің орынбасары;

      арнайы мақсаттағы бөлім бастығы;

      арнайы мақсаттағы бөлім бастығының орынбасары;

      арнайы мақсаттағы бөлімнің бөлімше бастығы;

      жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің бастығы;

      арнайы мақсаттағы жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы;

      арнайы мақсаттағы бөлімше бастығы;

      жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімі бастығының орынбасары;

      жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің бөлімше бастығы;

      жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің аға нұсқаушысы;

      автоброньды танк қызметінің аға технигі;

      жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің нұсқаушысы;

      мерген;

      шабуылшы;

      шабуылшы-мерген;

      шабуылшы-атқыш;

      шабуылшы-жарғыш;

      мерген-шабуылшы;

      атқыш-шабуылшы;

      жарғыш-шабуылшы;

      жарғыш-аға инспектор;

      жарғыш-инспектор;

      жару технигі;

      полицей-жүргізуші;

      жүргізуші-қызметкер.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Штабтардың, кадр (жауынгерлік, арнайы және кәсіби даярлықтан басқа), құқықтық, қаржы, тылдық (автокөліктік және қару-жарақ жөніндегі бөліністерден басқа), медициналық, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністерінің лауазымдарын қоспағанда, арнайы мақсаттағы, жедел ден қою, ерекше мақсаттағы бөліністердің (милиция, полиция жасағы), "Арлан" арнайы мақсаттағы бөліністерінің, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтардың (мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің лауазымдарын қоспағанда) 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет өткерген қызметкерлеріне.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкiне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады