Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының 4-тармағы 3) және 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы бір ай қызметі бір жарым ай жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын бөліністер мен лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаментіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 21 ақпандағы № 151 бұйрыққа 1-қосымша |
Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің олардағы бір ай қызметі бір жарым ай жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелуге жататын бөліністер мен лауазымдар тізбесі
1. Арнайы мақсаттағы бөліністерде:
1) Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай лауазымдардағы қызметі:
бөлім (жасақ) командирі;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары - штаб бастығы;
бөлім (жасақ) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (арнайы даярлық жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (техника және қару-жарақ жөніндегі);
офицер-байланысшы;
офицер (байланысшы);
қару-жарақ және жару ісі жөніндегі офицер;
офицер (қару-жарақ және жару ісі жөніндегі);
жауынгерлік машиналар мен автотехниканы пайдалану жөніндегі офицер;
офицер-барлаушы;
офицер (барлаушы);
офицер-шабуылшы;
офицер (шабуылшы);
офицер-пулеметші;
офицер (пулеметші);
офицер-граната атқыш;
офицер (граната атқыш);
офицер-мерген;
офицер (мерген);
офицер-сапер;
офицер (сапер);
қару-жарақ жөніндегі офицер;
старшина;
старшина-аға техник;
фельдшер;
маман (фельдшер);
арнайы мақсаттағы топтың командирі;
арнайы ерекше мақсаттағы топтың командирі;
топ командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;
барлау бөлімінің бастығы;
жауынгерлік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
арнайы ерекше мақсаттағы бөлімнің бастығы;
рота командирі;
рота командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
взвод командирі;
взвод командирінің орынбасары – арнайы даярлық жөніндегі аға нұсқаушы;
арнайы даярлық жөніндегі аға нұсқаушы;
аға нұсқаушы-барлаушы-шабуылшы;
нұсқаушы-барлаушы-шабуылшы;
аға нұсқаушы-шабуылшы;
аға нұсқаушы-барлаушы;
аға нұсқаушы-граната атқыш;
нұсқаушы-граната атқыштың көмекшісі;
аға нұсқаушы-мерген;
аға нұсқаушы-жүргізуші;
аға нұсқаушы-броньды транспортер жүргізушісі;
броньды транспортер жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы;
жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы;
взвод нұсқаушысы;
іздестіру иттері қызметінің нұсқаушысы;
нұсқаушы-сапер;
нұсқаушы-пулемет дәлдеушісі;
аға техник-жүргізуші-барлау шолғынын қадағалау аспабының операторы;
аға барлаушы;
барлаушы-мерген;
барлаушы-атқыш;
барлаушы-броньды транспортер пулеметінің дәлдеушісі;
тау даярлығы жөніндегі аға нұсқаушы (жетекші маман);
барлаушы-граната атқыш;
барлаушы-оқтаушы;
бөлім (жасақ) командирінің техника, қару-жарақ және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары;
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (техника, қару-жарақ және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (техникалық және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі);
бөлім (жасақ) командирінің орынбасары (тыл жөніндегі);
топ командирінің орынбасары;
нұсқаушы;
топ командирі;
барлау тобының командирі;
бөлім бастығы;
офицер;
офицер-нұсқаушы;
офицер (нұсқаушы);
офицер-байланыс бастығы;
офицер (байланыс бастығы);
офицер-психолог;
офицер-сүңгуір;
офицер (сүңгуір);
офицер- броньды транспортер пулеметінің дәлдеушісі;
офицер (броньды транспортер пулеметінің дәлдеушісі);
офицер - дәрігер маман;
офицер (дәрігер маман);
офицер (дәрігер);
аға офицер;
бөлімнің аға офицері;
аға барлаушы-шабуылшы;
аға барлаушы-граната атқыш;
аға барлаушы-пулеметші;
аға барлаушы-фельдшер;
аға барлаушы-мерген;
аға барлаушы-сапер;
аға барлаушы-байланысшы;
аға барлаушы- сүңгуір;
аға техник-жүргізуші;
қайта қаруландыру және жару ісі жөніндегі офицер;
жауынгерлік машиналарды және автомобиль техникасын пайдалану жөніндегі офицер;
шабуыл бөлімінің бастығы;
аға нұсқаушы-аға мерген;
нұсқаушы-жүргізуші;
нұсқаушы-броньды транспортер жүргізушісі;
аға техник-жүргізуші-химик-дозиметрист;
аға техник-жүргізуші-байланысшы;
аға нұсқаушы-барлаушы-пулемет дәлдеушісі;
орталық бастығының орынбасары;
орталық бастығы;
бөлім бастығы – орталық бастығы;
орталықтың бөлім бастығы;
орталық бастығының техника, қару-жарақ және материалдық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары-аға офицер;
штаб бастығының орынбасары-барлау бастығы;
қызмет бастығы (қаржы, заң, кадр, тыл және техникалық қызметтерді қоспағанда);
медициналық пункттің бастығы;
байланыс бастығы;
топ бастығы;
бөлім бастығы (машина командирі);
офицер (топ бастығы);
офицер (жауынгерлік жүзгіш);
офицер (кинолог);
бөлімше командирі;
аға маман (аға нұсқаушы);
маман (техник);
аға маман (нұсқаушы);
аға маман (аға барлаушы);
аға маман (аға жүргізуші);
маман (санитарлық нұсқаушы);
бөлімше бастығы (топ бастығы);
топ командирі – барлау бастығы;
оқу ротасының командирі;
оқу взводының командирі;
барлау бастығы;
оқу ротасы командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
оқу ротасы командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
штаб бастығының орынбасары;
бөлімше бастығы;
бөлімше офицері;
взвод командирінің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
топ бастығының орынбасары;
жүргізу жөніндегі нұсқаушы;
жүргізу жөніндегі нұсқаушы - жүргізуші;
аға маман (қойма бастығы);
аға маман (аға техник);
аға маман (аға сүңгуір);
аға маман (аға парашютшы);
аға маман (аға парашют жинаушы);
аға маман (аға санитарлық нұсқаушы);
маман (сүңгуір);
маман (барлаушы);
маман (парашютші);
маман (парашют жинаушы);
аға нұсқаушы;
аға нұсқаушы – броньды транспортер пулеметінің дәлдеушісі;
батальон сержанты-жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
жасақ сержанты;
рота, батарея сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
орталық сержанты – жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
топ сержанты - жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушы;
байланыс торабының сержанты;
топ (парашюттік даярлық орталығы) бастығы;
бөлімше бастығы (барлау тобы командирінің орынбасары);
бөлімше бастығы (топ командирі);
барлаушы-пулеметші;
бөлімше бастығы (радиоторап бастығы);
бөлімше бастығы (шеберхана бастығы);
жасақ командирінің орынбасары;
офицер (жауынгерлік қамтамасыз ету қызметінің бастығы);
офицер (РХБ қорғау қызметінің бастығы);
офицер (инженерлік қызмет бастығы);
офицер (әскер қызметі және әскери қызметтің қауіпсіздігі бастығы);
офицер (жауынгерлік даярлау бөлімінің бастығы);
офицер (қару-жарақ қызметінің бастығы);
бөлімше бастығы (станция бастығы);
арнайы мақсаттағы бөлімнің аға маманы;
аға маман (аға жүргізуші) – автомобиль бөлімшесінің командирі;
арнайы мақсаттағы (барлау) бөлімінің аға маманы;
2) Ішкі әскерлердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының орталығы әскери қызметшілерінің - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап мына лауазымдардағы қызметі:
Ішкі әскерлер арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру орталығының бастығы;
Ішкі әскерлер комитеті арнайы мақсаттағы бөліністерді жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының бастығы;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының бастығы;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығы бастығының орынбасары- бөлім бастығы;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығы бастығының орынбасары;
бөлім бастығы – "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығы бастығының орынбасары;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының бөлім бастығы;
Ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру орталығының аға офицері;
Ішкі әскерлер комитеті арнайы мақсаттағы бөліністерді жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының аға офицері;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының аға офицері;
Ішкі әскерлердің арнайы мақсаттағы бөліністерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін ұйымдастыру орталығының офицері;
Ішкі әскерлер комитеті арнайы мақсаттағы бөліністерді жауынгерлік және әдістемелік даярлау орталығының офицері;
"Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөліністері орталығының офицері;
3) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы қызметкерлерінің - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай лауазымдардағы қызметі:
жасақ командирі;
командирдің жедел жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары;
командирдің арнайы даярлық жөніндегі орынбасары;
жасақ командирінің орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;
арнайы мақсаттағы бөлім бастығының орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бөлімше бастығы;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің бастығы;
арнайы мақсаттағы жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы;
арнайы мақсаттағы бөлімшенің бастығы;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімі бастығының орынбасары;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің бөлімше бастығы;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің аға нұсқаушысы;
автоброньдытанк қызметінің аға технигі;
жауынгерлік және арнайы даярлық бөлімінің нұсқаушысы;
мерген;
шабуылшы;
шабуылшы-мерген;
шабуылшы-атқыш;
шабуылшы-жарғыш;
мерген-шабуылшы;
атқыш-шабуылшы;
жарғыш-шабуылшы;
аға инспектор-жарғыш;
инспектор-жарғыш;
жару технигі;
полицей-жүргізуші;
жүргізуші-қызметкер.
4) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы қызметкерлерінің - 2000 жылғы 28 наурыздан 2006 жылғы 1 маусым аралығында мынадай лауазымдардағы қызметі:
штаб бастығы;
атыс даярлығы және қару-жарақ жөніндегі, дене шынықтыру жөніндегі, байланыс құралдары және арнайы техника жөніндегі, штабтың аға инспекторы;
байланыс құралдары және арнайы техника жөніндегі, атыс даярлығы және қару-жарақ жөніндегі инспектор;
автоброньдытанк қызметінің бастығы;
арттехқару-жарақ бастығы, медициналық қызметтің бастығы.
5) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы қызметкерлерінің - 2006 жылғы 1 маусымнан бастап 2012 жылғы 31 желтоқсан аралығында мынадай лауазымдардағы қызметі:
жедел басқару бөлімінің бастығы;
жедел басқару бөлімі бастығының орынбасары;
жедел басқару бөлімінің аға инспекторы;
аға инспектор - кезекші;
кезекшінің көмекшісі;
тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы;
тылдық қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары, әрі арттехқару-жарақ және киім-кешекпен қамтамасыз ету бастығы;
арттехқару-жарақ қоймасының меңгерушісі;
автоброньдытанк қызметінің бастығы;
автоброньдытанк қызметінің аға инспекторы;
медициналық қызметтің бастығы.
6) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы қызметкерлерінің қызметі - 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап, штабтардың, кадр (жауынгерлік, арнайы және кәсіби даярлықтан басқа), құқықтық, қаржы, тылдық (автокөліктік және қару-жарақ жөніндегі бөліністерден басқа), медициналық, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністерінің лауазымдарын қоспағанда;
7) арнайы мақсаттағы ("Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағын қоспағанда), жедел ден қою, ерекше мақсаттағы бөліністер (милиция, полиция жасағы), "Арлан" арнайы мақсаттағы бөліністері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтар (мамандандырылған күзет қызметі бөліністерінің лауазымдарын қоспағанда) қызметкерлерінің қызметі - 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап, штабтардың, кадр (жауынгерлік, арнайы және кәсіби даярлықтан басқа), құқықтық, қаржы, тылдық (автокөліктік және қару-жарақ жөніндегі бөліністерден басқа), медициналық, құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл және ақпарат бөліністерінің лауазымдарын қоспағанда.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының сотталғандарды және күзетпен ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүруді жүзеге асыратын бөліністерінде - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) атқыштар батальонында (айдауылмен алып жүру жөніндегі):
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (қарауыл бастығының көмекшісі);
2) атқыштар ротасында (айдауылмен алып жүру жөніндегі):
рота командирі;
рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
взвод командирі;
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (қарауыл бастығының көмекшісі);
взвод сержанты –жауынгерлік даярлық жөніндегі нұсқаушы;
бөлімше командирі;
аға сарбаз (аға атқыш);
сарбаз (атқыш);
аға маман (аға жүргізуші);
маман (жүргізуші);
бөлініс бастығы (топ бастығы);
аға маман (аға нұсқаушы);
аға маман (нұсқаушы);
3) атқыштар взводында (айдауылмен алып жүру жөніндегі):
взвод командирі;
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (қарауыл бастығының көмекшісі);
взвод сержанты –жауынгерлік даярлық жөніндегі нұсқаушы;
бөлімше командирі;
аға сарбаз (аға атқыш);
сарбаз (атқыш);
аға маман (аға жүргізуші);
маман (жүргізуші);
бөлініс бастығы (топ бастығы);
аға маман (аға нұсқаушы);
аға маман (нұсқаушы);
4) атқыштар бөлімшесінде (айдауылмен алып жүру жөніндегі):
бөлініс бастығы (қарауыл бастығы);
аға маман (қарауыл бастығының көмекшісі);
бөлімше командирі;
аға сарбаз (аға атқыш);
сарбаз (атқыш);
аға маман (аға жүргізуші);
маман (жүргізуші);
бөлініс бастығы (топ бастығы);
аға маман (аға нұсқаушы);
аға маман (нұсқаушы).
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 21 ақпандағы № 151 бұйрыққа 2-қосымша |
Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттары
1. Осы Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттары (бұдан әрі - Шарттар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының 4-тармағы 3) және 4) тармақшаларына сәйкес әзірленді және Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу шарттарын айқындайды.
2. Ұшқыштардың әскери-есептік мамандықтарына сәйкес келетін лауазымдарда реактивті және турбовинттік авиацияда әскери қызмет өткеретін және ұшуда экипаж құрамында міндеттер орындайтын Ішкі әскерлердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ұшқыштар құрамына бір ай қызметі екі ай жеңілдік жағдайларында еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін ұшу уақытының мынадай ең аз жылдық нормасы белгіленеді:
авиациялық бөлімдердің ұшқыштар құрамы үшін – 40 сағат;
авиацияны басқару органының ұшқыштар құрамы үшін – 30 сағат.
3. Ішкі әскерлердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының авиацияда ұшу жұмыстарында әскери қызмет өткеретін ұшқыштар құрамына жеңілдік жағдайларындағы еңбек сіңірген жылдарының бір ай қызметін бір жарым айға есептеу:
поршеньді қозғалтқыштары бар ұшақтарда және тікұшақтарда ұшуды орындау;
осы Шарттардың 2-тармағында көзделген ұшу уақытының ең аз жылдық нормасын орындамау;
пилотсыз әуе кемелері ұшқыштарының (пилоттардың, операторлардың) ұшу уақытының ең аз жылдық нормасы 40 сағатты орындауы кезінде жүзеге асырылады.
4. Еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік жағдайларындағы есептеу әскери қызметшінің жеке ісінде сақталатын осы Шарттарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу жұмысын есепке алу парағының негізінде жүзеге асырылады.
5. Ұшу құрамының лауазымдарында толық емес күнтізбелік жыл болған кезде ұшу сағатының нормасы ұшу лауазымында нақты болған уақытына пропорционалды айқындалады.
Ұшу жұмысын есепке алу парағы
______________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке нөмірі)
Жылдар | Ұшу сағатының бір жылға белгіленген нормасы | Іс жүзінде жылдық ұшқан сағат | Ұшу сағатын растау туралы кімнің бұйрығы, оның нөмірі мен күні | ||
реактивті және турбовинтті қозғалтқышы бар ұшақта және тікұшақта | поршеньді қозғалтқышы бар ұшақта және тікұшақта | реактивті және турбовинтті қозғалтқышы бар ұшақта және тікұшақта | поршеньді қозғалтқышы бар ұшақта және тікұшақта | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ұшу жұмысындағы үзіліс, жаңа авиациялық техниканы қайта оқу, авиацияның басқа түріне көшу, әскери бөлімнің (мекеменің) таратылуына байланысты ұшуды тоқтату туралы мәліметтер
Р/с | Міндетті түрде күнін көрсетумен ұшу жұмысын (кезеңін) тоқтату немесе ұшу жұмысынан шеттету, ұшақтың басқа типіне көшу, әскери бөлімнің (мекеменің) таратылуына байланысты ұшуды тоқтату жазбасының қысқаша мазмұны | Оның негізінде жазба жүргізілген құжат атауы, нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 |
Ескертпе: әскери бөлімдердің (мекемелердің) тек шартты атауы бойынша жүргізіледі.
Лауазымы ТАӘ (болға кезде)
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 21 ақпандағы № 151 бұйрыққа 3-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12432 болып тіркелген).
2. "Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 75 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14859 болып тіркелген).
3. "Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 203 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16728 болып тіркелген).
4. "Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік жағдайларында есептеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 546 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18852 болып тіркелген).