"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-тармағы 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторларына жататын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Републикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 707 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 12981 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 ақпанда жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (А.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |