Банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторларына жататын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 707 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 ақпанда № 12981 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 111 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2017 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2016 жылғы 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес БҰЙРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторларына жататын қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Тәжіяқов Б.Ш.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет"

      ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 707 бұйрығымен бекітілген

Банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің
операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді
заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына
қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес өңделген.

      2. Осы Талаптарда Банктер болып табылмайтын электронды ақша жүйелері операторлары қаржы мониторингінің субъектілеріне (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.

      3. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – Субъектілердің терроризм және экстремизмді не олардың пайдасына қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне кіретін ұйымдардың немесе жеке тұлғаның, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің не оның пайдасына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту жолымен қабылданатын шаралар;

      2) клиент – Субъектіден қызметтерді алатын жеке тұлға;

      3) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 Қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру ережесімен айқындалған нысан (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны);

      4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқаусыз тарту мүмкіндігі;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, айқындау, сондай-ақ оларды төмендету бойынша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);

      6) уәкілетті органЗаңға сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi өзге де шараларды қолданатын мемлекеттiк орган.

      4. Ішкі бақылау:

      1) Субъектілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі;

      2) ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру (бұдан әрі – АЖ/ТҚ) тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы;

      3) АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін төмендетуі мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Субъектілер Ішкі бақылау қағидаларын (бұдан әрі – ІБҚ) ұйымдастыру және сақтау бойынша жауапты тұлға болып табылады.

      6. Субъектілер ІБҚ-ын әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау міндеттемелерінің және оны жүзеге асыру бағдарламаларының орындалмауына "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікте болады.

      7. ІБҚ АЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдық негіздерін реттейтін және Субъектілердің АЖ/ТҚҚ мақсатында іс-әрекет жасау тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

      8. Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес ІБҚ мынадай:

      АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;

      технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламаны;

      клиенттерді сәйкестендіру бағдарламаны;

      клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламаны;

      қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламаны;

      ІБҚ-на сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаны қамтиды.

      9. Егер АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер олар күшіне енген уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ІБҚ-на тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

2. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      10. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында Субъектілер қызметінің сипаттамасын қоса алғанда ішкі бақылауды ұйымдастыру тәртібінен;

      2) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту тәртібі Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынасқа тыйым салу және тоқтату жөніндегі шараларды қабылдау, Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту тәртібі;

      3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъектілердің күдікті операция ретінде тану тәртібінен;

      4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды жіберу үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамыту жұмысының нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілерін беру тәртібінен;

      5) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қосқанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау тәртібінен құралады. Ескерту. Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға берілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, басшының қолы және мөрімен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында жазылады.

      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында:

      ақпаратты уәкілетті органға беру нөмірі мен күні;

      хаттаманы жіберу негізі;

      уәкілетті органның ҚМ-1 нысанын қабылдауы/қабылдамауы туралы хабарлама нөмірі мен күні.

      11. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес Субъектілердің функциялары:

      1) ІБҚ-на өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

      2) Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруді ұйымдастыру және бақылау;

      3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдау;

      4) клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;

      5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту және уәкілетті органға жолдау қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      6) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      7) клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеу;

      8) Ішкі бақылау қағидаларын іске асыру барысында алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыру;

      9) тәуекелдерді басқару және Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау;

      10) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауды қамтамасыз ету;

      11) АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға сәйкес өзге қызметтер.

      12. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:

      1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етеді;

      2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

      3) Заңның 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес уәкілетті органға оның сұратуы бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.

      13. Субъект клиенттер мен өзге де тұлғаларға осы Заңға сәйкес осындай клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға бергені туралы хабарлауға құқылы емес.

3. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы

      14. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы клиенттің операциясын жүзеге асыратын тұлғаның тәуекел деңгейін беру арқылы АЖ/ТҚ байланысты клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларын жүргізу тәуекеліне баға беруді көздейді. Ескерту. Тәуекел деңгейлері қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

      Тәуекелдерді бағалау қорытындылары құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдардың және Субъекті мүше болып табылатын қаржы емес ұйымдардың талаптары бойынша ұсынылады.

      Клиентке берілген тәуекелдер деңгейі қажеттілігі бойынша, алайда жылына кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс.

      15. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі:

      1) мынадай:

      ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын;

      жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейдегі;

      Біріккен Ұлттар Ұйымы (әрі – БҰҰ) салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

      террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар мемлекеттен (аумақтан) келген клиенттерге іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне. Ескерту. Осындай мемлекеттерге (аумақтарға) БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      2) мынадай жағдайларда клиентке:

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға болып табылған;

      клиент жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға болып табылған;

      клиент шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болып табылған;

      клиент (оның өкілі), клиенттің контрагенті операция бойынша Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте немесе аумақта тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;

      клиент Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

      клиент азаматтығы жоқ болып табылған;

      клиент Қазақстан Республикасында тіркелген немесе келген мекенжайы болмаған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған;

      клиент резидент емес болып табылған;

      клиентпен іскерлік қатынас ерекше (мысалы, Субъекті мен клиенттің арасында түсініксіз географиляқ арақашықтық бар) жағдайларда жүзеге асырылған;

      клиенттің қызметі қолма-қол ақша қарқынды айналымымен байланысты;

      клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде Субъектілерде қиындықтар пайда болған;

      клиент асығыс операция жүргізуді талап еткен;

      Субъектілердің пайдаланылуы әдеттегі тәжірибесінен айрықшаланатын стандартты емес немесе есеп айырысудың әдеттегіден күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;

      клиент жаңа, сондай-ақ қода бар өнімдерге берудің жаңа тетіктерін, жаңа және дамып келе жатқан технологияларды қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені қолданған;

      клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;

      клиент операциялары бұрын күдікті деп танылған;

      АЖ/ТҚ-дың жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған жағдайда;

      3) операциялар:

      қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, ойлап табылған есімдерді қолданумен байланысты;

      айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

      клиентке тән емес жиілікпен жүргізілген;

      ерекше ірі сомаға жүргізілген;

      АЖ/ТҚ-дың жоғары тәуекелі туралы ақпарат бар болған жағдайда беріледі.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген клиенттерге Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

      АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген клиенттерге Заңның 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің төмендетілген шаралары қолданылады.

4. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      16. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді, анықтау, бұрын алынғанды жаңарту бойынша шараларды Субъектілердің жүргізуі болып табылады және:

      1) Заңның 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті

      (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;

      2) Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

      3) Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысының барын немесе жоғын тексеру;

      4) Заңның 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру;

      5) сәйкесінше тіркеуі, тұратын жері және орналасқан жері бар клиенттерді анықтау:

      ФАТФ ұсыныдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті орындамайтын мемлекетте (аумақта) не АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес көрсетілген мемлекетте (көрсетілген аумақта) тіркелген банктегі шоттарды пайдаланушы;

      Бұйрықпен бекітілген оффшорлық аймақтарда;

      6) болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу. Ескерту. Тәуекел деңгейі жоғары клиент үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде жасалатын операциялардың қызмет түрі мен қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметте сұратады.

      Тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиент үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операцияларының негізгі сипатында анықталады.

      7) тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентке берілген тәуекел деңгейіне байланысты клиентті тиісінше тексеру шараларын қолдану;

      8) клиентті сәйкестендіру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді, клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы сәйкестендіру мәліметтерінің өзгеруіне байланысты, алайда жылына кемінде бір рет мәліметтерді жаңарту рәсімдерін қосады. Ескерту. Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиент мәліметтерді жаңарту жарты жылда бір реттен кем емес.

      Тәуекел деңгейі төмен клиент мәліметтер үшін мәліметтерді жаңарту екі жылда бір реттен кем емес.

      Клиентке іскерлік қатынастарды орнатудан және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасаудан бас тартылған жағдайда, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 3-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Субъектілер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай бас тарту фактісі жөнінде хабарлама жібереді.

      Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланыланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқталса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жолдайды.

5. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше
операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің
операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу
бағдарламасы

      17. Субъектілер мынадай операцияларды анықтауды қамтитын, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын әзірлейді:

      1) Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген;

      2) Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген;

      3) Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген.

      18. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген жағдайда, жоспарланған немесе жүргізілген операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиенттің аталған Субъекте өткізілген барлық операцияларды қосымша зерделейді және тексеруді талап ететін операциялардың сипатын анықтайды.

      Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейін берген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.

      19. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын іске асыру аясында алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.

      20. Заңның 4-бабы 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген клиенттің анықталған операциялары туралы мәліметтер мен ақпараттар уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша ұсынылады.

      21. Субъектілер міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны осындай операция күдікті ретінде танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей уәкілетті органға ұсынады.

6. АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      22. Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10001 тіркелген "Қаржы мониторингі субъектілерін жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығымен бекітілген АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады