"Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 наурызда № 14898 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.02.2018 № 29 (бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 16-1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу және олар туралы мәліметтерді жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 169 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12987 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 10 ақпанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субьектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберілуін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы Б.Б.Мусинге жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры Ж. Асанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      2017 жылғы 10 ақпан

      _______ Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
  Бас Прокурорының
  2017 жылғы 8 ақпандағы
  № 10 бұйрығымен
  бекітілген

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды арнайы есепке алуды (бұдан әрі – адамдарды есепке алу) жүргізудің тәртібін анықтайды.

      2. Адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің облыс бойынша Басқармалары, Астана және Алматы қалаларының, Әскери және Аумақтық көлік Басқармалары (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық органдары) жүзеге асырылады.

      Комитеттің аумақтық органдары өз құзыреті шегінде әскери сотпен сотталған және көліктегі ішкі істер органдармен қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың есебін жүргізуді жүзеге асырады.

      Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар (бұдан әрі – есептегі адамдар) туралы мәліметтерді жариялауды Комитет жүзеге асырады.

      3. Адамдарды есепке алу әрбір есептегі адамға анықтама істерін және "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттар жүйесін (бұдан әрі – АЕА ААЖ) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      4. Тергеу және анықтауды, жазаны орындауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдар, сонымен бірге Қазақстан Республикасының әкімшілік және көші-қон полицияларының бөлімшелері, Қазақстан Республикасының жергілікті полиция қызметі есепке алудың субъектілері болып табылады.

      5. Осы Қағидалардың орындалуын бақылауды Комитет және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

      6. Осы Қағидалар қарастырған ақпараттық есепке алу құжаттарының бланктерінің белгіленген нысаны және материалдың сапасы мемлекеттiк құқықтық статистика, арнайы есепке алу iсiн жүргiзу, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салаларда қолданылатын құжатталған ақпаратты зерделеу және талдау мақсаттары үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, сот органдары және өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар (бұдан әрі - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері) "Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15516 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 68 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – ҚР БП № 68 бұйрығы) дайындайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Комитеттің және оның аумақтық органдарының қызметкерлері құқық бұзушылық салдарынан келтірілген моральдық және дене нұқсанының құрбаны болған жеке тұлғаның (бұдан әрі - жәбірленуші адам) жеке мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Есепке алуға жататын адамдардың санаты

      8. Есепке алуға жататын адамдар:

      1) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталғандар:

      1991 жылдың қаңтарынан 1997 жылдың желтоқсаны аралығында Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінің 101, 102, 103, 104 - баптары бойынша;

      1998 жылдың 1 қаңтарынан 2010 жылдың желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 120-бабының 3-бөлігінің "в" тармағы бойынша және 121-бабының 3-бөлігінің "в" тармағы және 2 бөлігінің "д" тармағы бойынша; 122, 123, және 124-баптары бойынша;

      2011 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың желтоқсаны аралығында ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі , 3-бөлігінің "в, д" тармақтары бойынша; 121-бабының 4-бөлігі, 3-бөлігінің "в, г" тармақтары бойынша; 122, 123, және 124-баптары бойынша;

      2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі, 3-бөлігінің 3 және және 5-тармақтары бойынша; 121-бабының 4-бөлігі, 3-бөлігінің 3 және 5-тармақтары бойынша; 122, 123, және 124-баптары бойынша.

      2) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған, оларға қатысты 1991 жылдан бастап медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануға байланысты қылмыстық істер қысқартылған адамдар (бұдан әрі – қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар), сонымен бірге Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35-бабының бірінші бөлігі 9-тармағы негізінде қылмыстық істі қысқарту туралы іс жүргізу шешімі қабылданған, оның ішінде ҚР ҚПК 37-бабының бірінші бөлігі 9-тармағы бойынша (1997 жылғы редакциядағы).

3-тарау. Адамдарды есепке алуды жүргізу, есепке қоюдың мерзімі және есептен шығару тәртібі

      9. Адамдарды есепке алу келесі ақпараттық-есеп құжаттарының негізінде жүзеге асырылады (бұдан әрі – АЕҚ):

      1) электрондық әліпбилік есеп карточкасы (бұдан әрі – ЭӘЕК);

      2) есептегі адамның электронды карточкасы (бұдан әрі – ЭК);

      3) сот үкімінің көшірмесі;

      4) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес орнатылған нысанда сотталғандар (қамауға алынғандар) жөніндегі хабарлама;

      5) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есептегі адамның мекен-жайын өзгертуі және анықталуы жөніндегі хабарлама.

      10. Есепке алу Комитеттің аумақтық органдарымен ЭК есептегі адамдар жөнінде мәліметтерді АЕА ААЖ-не ЭӘЕК мәліметтерінің және заңды күшіне енген сот үкімдерінің негізінде енгізу жолымен жүзеге асырылады.

      11. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 13 қосымшасына және 18 қосымшасына сәйкес комитеттің аумақтық органдары ай сайын АЕА ААЖ тегі бойынша есептің мәліметтері көрсетілген кезеңде Т-2 нысандағы статистикалық карточкалар бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті (айыпталушы) адамдарға (бұдан әрі - Т-2 нысанды карточка) және сот актілері шығарылған адамдарға қатысты Т-3 нысанына (бұдан әрі – Т-3 нысанды карточка) салыстыру жұмыстарын жүргізеді.

      Комитеттің аумақтық органдарының құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшелері, Әскери және көлік басқармаларымен қоса алғанда, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген баптар бойынша Т-2 және Т-3 нысанды карточкалар анықталғанда, бір жұмыс күні ішінде жазбаша түрде тегі бойынша есепке алу бөлімшесіне хабарлайды.

      12. Осы Қағидалардың 8 тармағының 2) тармақшасына сәйкес қылмыстық істі қысқарту туралы процестік шешім қабылданған адамға қатысты Т-2 нысанды карточкасы СДТБТ енгізілгені анықталғанда, Комитеттің аумақтық органының жауапты қызметкері жиырма төрт сағаттың ішінде мәліметтің нақтылығын анықтайды, АЕА ААЖ енгізуді қамтамасыз етеді және мәліметтерді ЭК-на экспорт жасайды.

      Сот актілері шығарылған адамға қатысты Т-3 нысанды карточкасы СДТБТ енгізілгені анықталғанда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері сот үкімін оқып зерделейді, ал ол болмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде сот органдарына үкімге сұрау салады.

      13. Комитеттің аумақтық органының аудандық (қалалық) бөлімшелерінің қызметкерлері Т-3 нысанды карточкасы СДТБТ енгізілгеннен кейін Қағидалардың 8 тармағымен қарастырылған адамдарға қатысты, есепті жүргізуге жауапты Комитеттің аумақтық органының аппараты қызметкеріне кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

      14. Комитеттің аумақтық органының қызметкерлері Қағидалардың 8 тармағында көрсетілген баптардың болуына және жәбірленуші адамның жасын (қылмыс жасаған сәтте 17 жасқа дейін қоса алғанда) анықтау үшін сот үкімін оқып зерделейді.

      15. Комитеттің аумақтық органының қызметкері сот үкімдерінің, қылмыстық іс материалдарының, Құқық қорғау және арнайы органдарымен ақпарат алмасу жүйесі (бұдан әрі - ҚАО ААЖ) мәліметтерінің негізінде ЭК-ын қалыптастырады және толтырады.

      Сот үкімі болған жағдайда, адам туралы мәлімет Т-2, Т-3 нысанды карточкалары СДТБТ енгізілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ЭК-на енгізіледі.

      16. Комитеттің аумақтық органының қызметкері электронды әліпбилік карточкаға деректемелер бойынша мәліметтерді енгізеді, содан кейін ЭӘЕК мәліметтерін ЭК-на экспорттайды және үкімнің, құжаттың және жеке куәліктің графикалық көшірмелерін тіркей отырып, ЭК-ның деректемелерін толтырады.

      17. Аумақтық орган жазбаша түрде адамды есепке алу туралы Комитетке есепке қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      18. Есепке алынатын адамның сауалнамалық деректері жеке басын растайтын құжат бойынша (жеке бас куәлігі, паспорт, туу туралы куәлік, көлік жүргізуші куәлігі), ал ол болмаған жағдайда - ҚАО ААЖ мәліметтері бойынша анықталады.

      19. Жәбірленуші адамның сауалнамалық деректері сот үкімі, жеке басын куәландыратын құжаттары (қылмыстық істің ішінде болмаса қадағалаушы прокурордың қадағалау ісінде болған жағдайда) және ҚАО ААЖ мәліметтері бойынша анықталады.

      20. Айырмашылық анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері жиырма төрт сағаттың ішінде нақты мәліметтерді алған сәттен бастап АЕА ААЖ жетіспейтін мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      21. Комитеттің аумақтық органының қызметкері есептегі адамның тексеру ісінің картотекасын жүргізеді.

      Тексеру ісінде келесі құжаттар қалыптастырылады:

      1) сот үкімі және сот органдарының басқа да процессуалдық құжаттары;

      2) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қортынды;

      3) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда, ҚАО ААЖ мәліметтері;

      4) жәбірленуші адамның жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі болмаса сауалнамалық деректері туралы ақпараттар бар қылмыстық істің ішіндегі басқа құжаттардың көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда, ҚАО ААЖ мәліметтері;

      5) әкімшілік қадағалауға және пробациялық бақылауға қою және алу туралы мәліметтер;

      6) ЭК;

      7) осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған АЕҚ көшірмесі;

      8) деректерді анықтау болмаса құжаттарды сұрату бойынша мемлекеттік органдармен алмасу хаттары;

      9) сотталушының қайтыс болуы туралы куәліктің (актінің) көшірмесі болмаса ҚАО ААЖ мәліметтері (адам қайтыс болған жағдайда);

      10) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның сот-психиатрия сараптама актісінің көшірмесі (болған жағдайда).

      22. Тексеру істері Комитеттің және оның аумақтық органдарының арнайы темір шкафтарында сақталады.

      23. Жазаны өтеу мерзімі бойынша босатылған адамға, сотталушы жөніндегі хабарлама негізінде Комитеттің аумақтық органының қызметкері ақпаратты Комитетке бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса жолдайды.

      Комитетке жолдауға құқық бұзушылық жасаған жасы кәмелеттік жасқа толған (18 жастан бастап), жасөспірім балалар (14 жасқа дейін) туралы хабарлама жатады.

      24. Есепке алынатын бап есепке алмайтын бапқа саралағанда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері ақпаратты Комитетке бес жұмыс күнінен кешіктірмей қортындының, сот үкімінің сканерленген көшірмелерін АЕА ААЖ бекітіп, басшылықтың қолымен және Комитеттің аумақтық органының мөрімен бекітіп жолдайды.

      25. Комитеттің аумақтық органының қызметкері әкімшілік қадағалау, пробациялық бақылау жүргізетін ішкі істер органының хабарламасы болмаған жағдайда, адамның нақты тұратын жері туралы ішкі істер органына тұратын нақты орны туралы сұрау салады және осы сұраудың күнтізбелік жиырма күні ішінде орындалуына бақылау жасайды.

      Аумақтық орган адамның нақты тұратын жерін анықтау туралы қабылдаған шаралар нәтиже бермеген жағдайда, аумақтық органның жауапты қызметкері жиырма төрт сағаттың ішінде бұл туралы Комитетке хабарлайды.

      Комитеттің жауапты қызметкері екі жұмыс күні ішінде есептегі адамның нақты тұратын жерін анықтау жөнінде Ішкі істер министрлігіне сұрау жолдайды.

      26. Салыстыру жұмысы барысында есептегі адамның қайтыс болғаны анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органының қызметкері ЭК-на түзетулер енгізеді және есептегі адамды есептен шығарып тастау үшін Комитетке хабарлайды.

      27. Комитеттің аумақтық органының қызметкері медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған сотталған адамдарға қатысты ішкі істер органдары және медициналық мекемелермен тұлғаның медициналық мекемеге түскенін және жатқанын білу үшін, сонымен қатар оларға қатысты медициналық сипаттағы шараның өзгеруіне және олардың босатылуына бақылау жасау үшін, тоқсан сайын салыстыру жұмыстарын жүргізеді.

      Салыстыру жұмысының нәтижесі бойынша Комитеттің аумақтық органдары медициналық сипаттағы шара тоқтатылған адамдарды бақылауға алу және тұратын жерін анықтау үшін, әр айдың бесінші күнінде ішкі істер органына босатылған тұлғалардың тізімін жолдайды.

      28. Комитетте осы Қағидалардың 38 тармағында көрсетілген адамдарға қатысты жазасын өтеуден босатылған, Комитеттің геоақпараттық жүйесінде жариялауға жататын тексеру ісі қалыптастырылады. Тексеру істерінде осы Қағидалардың 21 тармағында көрсетілген құжаттар, сонымен бірге есептің толықтығын және нақтылығын қамтамасыз ету сұрағы бойынша Комитеттің аумақтық органдары және мемлекеттік органдарымен алмасу хаттары қалыптастырылады.

      29. Адамды есептен алу мына негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) ҚР БП № 68 бұйрығына сәйкес, адамды тегі бойынша есептен алу;

      2) осы Қағидалардың 8 тармағында көрсетілмеген қылмысты саралаудың бапқа өзегертілуі жөнінде сот қаулысының шығарылуы.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының 26.09.2017 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      30. Адамды есептен алу, сонымен бірге есептің мәліметтеріне басқа өзгертулер енгізу Комитеттің жауапты қызметкерімен үш жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық органдарынан болмаса есеп субъектілерінен ресми құжат келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырылады.

      31. Комитеттің аумақтық органдарымен адамды есептен алу туралы құжаттар Комитетке бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.

4-тарау. Есепке жататын адамдар жөнінде субъектілер мен мәліметтерді ұсыну тәртібі және мерзімі

      32. Тергеу абақтысының әкімшілігі бес жұмыс күні ішінде үкімнің заңды күшіне енуі туралы анықтама алғаннан кейін, Комитеттің аумақтық органына заңды күшіне енген сот үкімнің (қаулының) көшірмесін және осы үкімнің шыққаны туралы мәлімет жазылған сотталушы жөнінде хабарлама ұсынады.

      33. Ішкі істер органдары, есептегі адам жазасын өтеуден босатылғаннан кейін, тұратын жері бойынша оның мінез-құлқына әкімшілік қадағалау және пробациялық бақылау жүргізетін, бес жұмыс күні ішінде адам есепке тұрғаннан кейін Комитеттің аумақтық органына оның нақты тұратын жері, сонымен қатар әкімшілік қадағалау және пробациялық бақылау тағайындалғаны туралы ақпарат жолдайды (қойылған күні, қадағалау/бақылау жүргізетін орган, қадағалау/бақылау жүргізетін қызметкердің аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), байланыс телефоны, қадағалау/бақылаудың мерзімі, мерзімін ұзарту, қадағалау/бақылаудан алынған күні және себебі).

      34. Ішкі істер органдары Комитеттің аумақтық органдарымен ұсынылған тізім бойынша әр айдың оныншы күні Комитеттің аумақтық органдарына олардың тұратын мекен-жайы жөнінде мәліметтер ұсынады.

      35 Әкімшілік қадағалау және пробациялық бақылау жүргізетін ішкі істер органдары, бақылауда, қадағалауда тұрған тұлғаның мекен-жайы өзгерген жағдайда, осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес, мекен-жайының өзгеруі туралы хабарламаны екі жұмыс күні ішінде жаңа мекен-жайы анықталған сәттен бастап жолдайды.

      36. Есептегі адамдар жөніндегі мәліметтерді жариялау Комитетпен жүзеге асырылады.

      Жариялауға бостандықта жүрген, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазадан босатылған адамдар жатады:

      1991 жылдың қаңтарынан 1997 жылдың желтоқсаны аралығында Қазақ ССР Қылмыстық Кодексінің 101 және 103-баптары бойынша;

      1998 жылдың 1 қаңтарынан 2010 жылдың желтоқсаны аралығында ҚР ҚК 120-бабының 3-бөлігінің "в" тармағы бойынша және 2 бөлігінің "д" тармағы бойынша; 121-бабының 3-бөлігінің "в" тармағы және 2 бөлігінің "д" тармағы бойынша; 124-бап бойынша;

      2011 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың желтоқсаны аралығында ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі, 3-бөлігінің "в, д" тармақтары бойынша; 121-бабының 4-бөлігі, 3-бөлігінің "в, г" тармақтары бойынша; 124-бап бойынша;

      2015 жылдың қаңтарынан бастап ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі, 3-бөлігінің 3 және және 5-тармақтары бойынша; 121-бабының 4-бөлігі, 3-бөлігінің 3 және 5-тармақтары бойынша, және 124-бап бойынша.

      2) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасаған, оларға қатысты 1991 жылдан бастап медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданылуға байланысты қылмыстық істер қысқартылған тұлғалар, сонымен бірге ҚР ҚПК 35-бабының бірінші бөлігінің 9-тармағы негізінде қылмыстық істі қысқарту туралы іс жүргізу шешімі қабылданған, оның ішінде ҚР ҚПК 37-бабының бірінші бөлігінің 9-тармағы бойынша (1997 жылғы редакциядағы).

      37. Жариялауға кәмелеттік жаста (18 жастан бастап) құқық бұзушылық жасаған адамдар жатады, жасөспірім балаларға қатысты (14 жасқа дейін).

      38. Жариялау Комитеттің қызметкерімен жүзеге асырылады, Комитеттің ғаламтор-ресурсында "кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адамдар" геоақпараттық картасында бейнелеу жолымен (бұдан әрі – тұлғалардың картасы).

      Адамдар туралы мәлімет бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 21 тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар Комитетке келіп түскен сәттен бастап жарияланады, адамның нақты мекен-жайы туралы ақпарат болғанда.

      39. Жарияланатын адамдар туралы мәліметтер сауалнамалық деректерден тұрады (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы және жері), суреті, сотталуы болмаса қылмыстық жауапкершілікке тартылуы жөнінде мәліметтер, тұратын мекен-жайы (пәтер нөмірі, ал егер жеке меншік үй болса онда үй нөмірі көрсетілмей), сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сәттегі жәбірленуші адамның жасы.

      40. Тұлғалардың картасында сотталу бабының бөлімі және тармағы көрсетуге жатпайды.

      41. Есептегі адамның суреті ҚАО ААЖ сұрау салып алынады.

      42. Адамның есеп картасына мәліметтерін орналастыруды Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының жауапты қызметкерімен бір жұмыс күні ішінде Комитеттің арнайы есепке алу басқармасынан тиісті ақпарат түскен күннен бастап Комитет Төрағасының жетекші орынбасарымен келісіліп жүзеге асырылады.

      43. Жарияланатын мәліметтің толықтығы және нақтылығы Комитеттің арнайы есепке алу басқармасының жауапты қызметкерімен жүзеге асырылады.

      44. Жариялаудан адамды алудың негізі болып табылады:

      1) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың есебінен алу;

      2) адамның қайтыс болуы;

      3) 95 жасқа жетуі;

      4) соттылықтың жойылуы, ҚК нормаларына сәйкес, бірақ босатылған сәттен бастап алты жылдан кем болмауы керек, осы Қағидалардың 8 тармағында көрсетілген екі және одан да көп қылмыс жасаған адамдардан басқасы;

      45. Жариялаудан алу, сонымен бірге адамды есепке алу картасында жарияланған мәліметтерге басқа да өзгертулер енгізу Комитеттің талдау жұмысы және құқықтық реттеу басқармасының жауапты қызметкерімен жүзеге асырылады, Комитет Төрағасының жетекші орынбасарымен келісілген Комитеттің арнайы есепке алу басқармасының жазбаша сұрауының негізінде бір жұмыс күні ішінде осындай сұрау келіп түскен сәттен бастап.

  Кәмелетке толмағандарға
жыныстық тиіспеушілікке қарсы
қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдарды есепке
алуды жүргізу және олар туралы
мәліметтерді жариялау
қағидаларына
1 қосымша
  Нысан

      Тегі бойынша картотекмен салыстырылды       Белгіленді

      ________________________________________________________________________________

                                                (тегі)

      Жеке іс № ____________________       Қылмыстық іс

      № ______________________________________

Сотталған жөнінде хабарлама (қамауға алынған)

      1. Тегі __________________________________________________________________________

      2. Аты __________________________________________________________________________

      3. Әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________________________________

      4. Туған жылы "__"____________ 19__ ж.

      ЖСН ___________________________________________________________________________

      5. Туған жері ____________________________________________________________________

                                    (облыс, қала, аудан, елді мекен)

      ________________________________________________________________________________

      6. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғанға дейінгі тұрған жері ________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Ұсталған күні "___"_______________ 20___ ж.

      ________________________________________________________________________________

      8. Сотталды "___"__________ 20___ ж.

      ________________________________________________________________________________

      (соттың атауы)

      ________________________________________________________________________________

      бабы _______________________ Қылмыстық кодекс __________________________________

            (республиканың)

      мерзімі _______ жыл _______ ай ___________________________________________________

      (негізгі және қосымша жаза шарасы,

      ________________________________________________________________________________қашан, қылмыстың қайталанауы қай сотпен танылған)

      ________________________________________________________________________________

      9. Үкім заңды күшіне енді "___"__________ 20___ ж.

      10. Үкім өзгерді __________________________________________________________________

                                          (қаулы және

      ________________________________________________________________________________

                                          соттың атауы)

      "___"_________ 20___ж. __________________________________________________________

                                    (қаулының мазмұны)

      ________________________________________________________________________________

      Келесі жағы

      11. Келді, кетті "___"________ 20__ ж.

      ________________________________________________________________________________

            (қажетсізін сызып тастау керек)                        (мекеменің шартты атауы,

      ________________________________________________________________________________

                              және олардың орналасқан жері - облыс)

      12. Жазаның өтелмеген бөлігі аса ауыр емес жазаға ауыстырылған болмаса тағайындалған

      жазаның мерзімі қысқартылған (ҚР ҚК 73, 87 баптары ) Шешім қабылданды "___"______ 20___ ж.

      ________________________________________________________________________________

                              қаулының шығарылған күні, соттың атауы

      ________________________________________________________________________________

                                          (шешімнің мазмұны)

      13. Босатылды /____ /__ / "___"_______ 20__ ж.

      13.1 жаза мерзімінің өтелуі бойынша _______________________________________________

      13.2 ҚР ҚК ( 65-71 баптарын) қолданумен қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

      13.3 ҚР ҚК 78 бабы амнистия актісі болмаса рақымшылық жасау негізінде

      13.4 ҚР ҚК 63 бабының ___ бөлігі _______негізінде __ жыл______ай мерзіміне шартты түрде

      соттау қолданылған

      13.5 ҚР ҚК.74 бабына сәйкес жазаны өтеу мерзімін ұзарту қолданылған,

      ____ жыл _______ай_______күн мерзіміне "___"________________ 20__ ж. дейін.

      13.6 ҚР ҚК ( 72, 86 баптары) негізінде өтелмеген ______ жыл _______ай ______ күн мерзімге

      шартты-мерзімінен бұрын босату қолданылған.

      13.7 ҚР ҚК (64 бабының 1 бөлігі) негізінде _____ жыл ______ ай_____ күн мерзімге шартты

      түрде сотталудың күшін жоюы.

      Шешім қабылданды "___"______ 20__ ж. ____________________________________________

                                                      (негізі, кіммен,

      ________________________________________________________________________________

                  шешім қашан қабылданды және оның мазмұны, шартты түрде

      ________________________________________________________________________________

            және өтелмеген мерзімге шартты-мерзімінен бұрын босатылу жағдайында )

      14. Босатылғаннан кейін кетті ______________________________________________________

                                                (таңдаған мекен-жайы)

      15. Бас бостандығынан айыру орнына қайтарылды, қамалды /____/__/

      Мерзімін санауды бастаған күн "____"____________ 20___ ж.

      Байланысты: 15.1 _____ жыл _______ ай_____ күн мерзіміне шартты-мерзімінен бұрын

      босатылудың күшін жоюы

      15.2 ___ жыл _____ай_____күн мерзіміне шартты түрде сотталудың күшін жоюы (ҚР ҚК

      64 бабы 3 бөлігі)

      15.3 ___жыл ____ай____күн мерзіміне ұзартудың күшін жоюы болмаса мерзімінің өтуі

      ( ҚР ҚК 74 бабы ___ бөлігі )

      15.4 ҚР ҚК 60 бабымен қарастырылған тәртіп бойынша жазаның тағайындалуы, бұрын

      шартты мерзімінен бұрын босату қолданылған, болмаса шартты сотталған тұлғаға (ҚР ҚК

      64 бабы 5 бөлігі) болмаса жазаны өтеуді ұзарту кезеңінде (ҚР ҚК 74 бабы 4 бөлігі).

      15. бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін (ҚР ҚК 44 бабы 3 бөлігі)

      ____ жыл ______ ай ____ күнге бас бостандығынан айыруға ауыстыру

      Шешім қабылданды "___"______ 20___ ж.

      ________________________________________________________________________________

                              қаулының шыққан күні, соттың атауы

      ________________________________________________________________________________

                                          (шешімнің мазмұны)

      16. Қайтыс болды "___"____ 20___ ж. Қайтыс болудың тіркелгені туралы хабарлама жіберілді ________________________________________________________________________________

                        (күні, АХАЖ органының атауы)

      17. Хабарлама құрастырылды ______________________________________________________

                                          (мекеменің шартты атауы

      ________________________________________________________________________________

                              және оның орналасқан жері (елді мекен, облыс)

      Орындаушы _____________________________________________________________________

                                                (қолы, тегі)

      Бастық ____________________________________________________

                                    (қолы, тегі)

      "___"__________________ 20___ ж.

      Ескерту: 1-6,17 тармақтары барлық жағдайда толтырылады, 8 тек сотталғандарға, қалғаны

      хабарламаны құрастыру мақсатына байланысты (босатылу, бас бостандығынан айыру орнына қайтару және т.б.)

                                    (мөлшері 205 х 290)

  Кәмелетке толмағандарға
жыныстық тиіспеушілікке қарсы
қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдарды есепке
алуды жүргізу және олар туралы
мәліметтерді жариялау
қағидаларына
2 қосымша
  Нысан

Есептегі тұлғаның мекен-жайын өзгертуі және анықталуы жөнінде

ХАБАРЛАМА

1. Есептегі тұлғаның Т.А.Ә:
Тегі /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
Аты /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/___/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
Әкесінің аты (болған жағдайда)
/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
2. Туған жылы "______"__________19____ж.т.,
3. Сотталған, медициналық сипаттағы шараға тартылған ____________________________
(соттың атауы)
4. Үкімнің (қаулының) шығарылған күні "____"_________________ 20___ ж.
5. Сотталу/ тартылу ҚР ҚК бабы__________________________________________
6. Жазалау шарасы
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
7. Үкімнің (қаулының) заңды күшіне енген күні "____"____________________ 20____ ж.
8. Босатылды /____ /__ / "___"_______ 20___ ж.
Шешім қабылданды "___"______ 20___ ж. _________________________________________
(негізі, кіммен,
______________________________________________________________________________
шешім қашан қабылданды және оның мазмұны,шартты және
______________________________________________________________________________
өтелмеген мерзімге шартты-мерзімге босатылуы)
9. Босатылғаннан кейін кетті_____________________________________________________
(таңдалған мекен-жайы)
______________________________________________________________________________
10. Өзгертілген күн "____"_________________ 20___ ж.
11. Тұратын мекен-жайының адресі: ______________________________________________
(облыс, қала, аудан, ауыл, көше, үйдің нөмірі, егер жеке меншік үй болса, онда тек көше)
______________________________________________________________________________
12. Әкімшілік қадағалауға, пробациялық бақылауға қойылған күн "___"________ 20___ ж.
(қажеттінің астын сызу керек)
13. Қадағалау/бақылаудың мерзімі ________________________________________________
14. Қадағалау/бақылау мерзімін ұзарту ____________________________________________
15. Қадағалау/бақылаудан алып тастау күні "___"__________ 20___ ж.
16. Қадағалау/бақылаудан алып тастаудың себебі ___________________________________
Ішкі істер бөлімінің басшысы ____________________________________________________
______________________________________________________________________________
(органның атауы,тегі, қолы)
"____" ______________ 20 __ ж.
______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, Комитеттің аумақтық органы
қызметкерінің қолы)
 "____" ______________ 20 __ ж.

                  (мөлшері 210х297, қалыңдығы 80гр./м2 кем емес)

  Кәмелетке толмағандарға
жыныстық тиіспеушілікке қарсы
қылмыстық құқық
бұзушылықтар жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдарды есепке
алуды жүргізу және олар туралы
мәліметтерді жариялау
қағидаларына
3 қосымша
  Нысан

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасына қол сұқпаушылыққа және олар туралы мәліметтерді жариялауға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаларды есепке қоюдың негізділігі туралы ҚОРТЫНДЫ

      ________________________________________________________________________________

                              (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

                                    (туған күні: күні, айы, жылы)

      ЖСН №___________
ЖК № ________ _______жылғы

      Мен ____________________________________________________________________________

                              (Комитет немесе Комитеттің аумақтық органы)

      прокуроры ________________________________________________________________

                                    (жауапты прокурордың лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

                        (прокурордың аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      анықтама істі тексердім:

      ________________________________________________________________________________

                        (прокурордың аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Бұрын сотталған/сотталмаған, тартылған/тартылмаған_________________________________

                                    (прокурордың аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      сот болған күні, кім соттаған, сотталған бабы, жазалау шарасы)

      ________________________________________________________________________________

      Жаза мерзімін санаудың басталған күні _______________.

                                                (күнін көрсету).

      _________________________ жылғы сот үкіміне сәйкес қылмыс жасалды. Қылмыстық

      (қылмыстың жасалған күні)

      құқық бұзушылық жеке/топта (____________________________________________________)

                  (сыбайлас қылмыс жасаушының аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      жасалған, сол сәтте ол ______________________жаста болды.

            (қылмыс жасаған сәттегі қылмыскердің жасын көрсету керек)

      ____________________________________________ сауалнамалық деректері тексерілді

            (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      және ________________________________________________ мәліметтерімен дәлелденді.

                  (қылмыстық іс материалдары, құжаттар)

      Жазасын өтеу мерзімі бойынша ____________________________________ босатылды.

                                                (босатылған күні)

      Қазір бас бостандығынан айыру орындарында/жазаның мерзімін өтеу бойынша ___________

      _______________________________________________________мекен-жай бойынша тұрады.

            (нақты тұратын мекен-жайын көрсету керек).

      Тұлғаның мекен-жайы анықталды ____________________________________________

                                                      (анықталған күні)

      ________________________________________________________________________________

      (қандай жағдаймен мекен-жайы анықталғанын көрсету керек және мекен-жайды анықтаған

                                          органның атауы)

      Жәбірленуші болып табылады:

      1) ________________________________________________________________________

                  (жәбірленушінің аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайд) және туған күні)

      қылмыс жасау сәтінде ______________________________________________________ болды.

                        (қылмыс жасау сәтіндегі жәбірленушінің жасын көрсету керек)

      1) ________________________________________________________________________

                  (жәбірленушінің аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайд) және туған күні)

      қылмыс жасау сәтінде _____________________________________________________ болды.

      Жиналған материалдарды зерделеу нәтижесі бойынша қортынды жасаймын, яғни

      _______________________________________________________________________кәмелетке

                        (аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      толмағандардың жыныстық қатынасына қол сұқпаушылыққа қарсы қылмыстық құқық

      бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлға ретінде Комитеттің

      геоақпараттық жүйесінде жариялауға жатады.

      Бөлім прокуроры ___________
      Келісілді:
      Бөлім бастығы ___________
      Басқарма бастығы ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады