Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу және олар туралы мәліметтерді жариялау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 3 ақпанда 12987 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 10 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас прокурорының 08.02.2017 № 10 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12-2)-тармақшасын және 12-бабы 3 және 4-тармағының 16-1)-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында, "Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу және олар туралы мәліметтерді жариялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімдік баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы С.М.Айтпаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Бас Прокуроры

А. Дауылбаев


  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 169 бұйрығымен бекітілген

Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық
құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу және олар туралы
мәліметтерді жариялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу және олар туралы мәліметтерді жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңын орындау үшін, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына және 12-бабы 3-тармағының 16-1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес арнайы есепке алудың жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

      2. Қағидалар Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу және олар туралы мәліметтерді жариялау тәртібін белгілейді.

      3. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды және олар туралы мәліметтер жариялауды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық басқармалары "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЕ ААЖ) электрондық деректер журналын жүргізу арқылы іске асырады.

      Аталған санаттағы адамдар туралы мәліметтер "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың Қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бұйрығының талаптарына сәйкес оларға қатысты процестік шешімдердің қабылдануы және айыптау үкімдерінің заңды күшіне енуі бойынша АЕ ААЖ-не ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу арқылы қалыптасады (бұдан әрi – 71 Қағидалар).

      Көрсетілген мәліметтер электрондық деректер журналында автоматты режимде бейленеленеді. Электрондық журнал Қағидалардың қосымшасына сәйкес мәліметтерден тұрады.

      4. Комитеттің аумақтық басқармаларының басшылары кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтердің уақтылы енгізілуін, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы
қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу тәртібі

      5. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке қою үшін соттардың айыптау үкімдерінің (қаулыларының) заңды күшіне енуі және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағы, сонымен қатар ҚР ҚПК 37-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағы (1997 жылғы редакциясында) негізінде қылмыстық істерді тоқтату туралы процестік шешімнің қабылдануы негіз болып табылады.

      6. Адамдарды есепке алу мәліметтерді енгізу және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 120-бабы үшінші бөлігінің 3 және 5-тармақтары, сонымен қатар 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы үшінші бөлігінің 3 және 5-тармақтары, сонымен қатар 121-бабы 4-бөлігі және 124-бабы бойынша Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың электрондық журналын АЕ ААЖ-нде жүргізу арқылы іске асырылады.

      7. Аталған санаттағы адамдар бойынша мәліметтердің АЕ ААЖ-нде есепке алынуының толықтығын және уақытылы енгізілуін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Комитеттің аумақтық басқармалары айына бір рет (есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін) электрондық журнал деректерінің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 98 бұйрығымен бекітілген "Сот актілері шығарылған тұлғалар саны туралы" № 10 нысанды, "Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған сотталғандардың құрамы туралы" № 11 нысанды және "Кәмелетке толмағандарды соттау туралы" № 12 есептердің статистикалық нысандарының көрсеткіштерімен осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілген ҚР ҚК баптары бойынша салыстыруын жүргізеді.

      Салыстыру нәтижелері актімен ресімделеді және Комитеттің аумақтық басқармаларының арнайы есепке алу және құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімшелерінің басшылары бекітеді.

3. Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандарға жыныстық
тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді
ұсыну тәртібі және мерзімдері

      8. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның тұрғылықты мекенжайы бойынша оның жазасын өтеуден босатылғаннан кейін, с.і. әкімшілік қадағалау белгілеу кезінде мінез-құлқына пробациялық бақылауды іске асыратын ішкі істер органдары адамды есепке қойғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық басқармаларына оның нақты тұрғылықты орны туралы мәліметтерді жолдайды.

      9. Оған қатысты ҚР ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағы, сонымен қатар ҚР ҚПК 37-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағы (1997 жылғы редакциясында) негізінде қылмыстық істі тоқтату туралы процестік шешім қабылданған адамның тұрғылықты орны туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ адамның мінез-құлқын бақылаудың аяқталуы бойынша ішкі істер органдары тоқсан сайын Комитет ұсынған аталған санаттағы адамдардың тізімі бойынша олардың тұрғылықты орны туралы мәліметтерді ұсынады.

4. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы
қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық
жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялау тәртібі

      10. Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялауды Комитет геоақпараттық жүйедегі Комитеттің интернет-ресурсында "Ақпараттық сервис" жүйесінде бейнелеу жолымен 71-Қағидаларға сәйкес орталықтандырылған есепке қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде іске асырады.

      Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы жарияланатын мәліметтер сауалнама деректерінен (бар болған жағдайда) Т.А.Ә., туған күні), фотосуреттен, осы Қағидалардың 6-қосымшасында көрсетілген ҚР ҚК баптары бойынша сотталу немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылу туралы деректерден, тұрғылықты мекенжайынан тұрады.

      Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында ықтиярхат ресімдеген шетелдіктердің фотосуреті құқық қорғау, арнайы және өзге де мемлекеттік органдардың ақпарат алмасу жүйесінен сұрау-жауап режимінде беріледі.

      11. Жарияланатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын осы арнайы есепке алу түрін жүргізу үшін жауапты Комитет қызметкерлері қамтамасыз етеді.

  Кәмелетке толмағандарға жыныстық
тиіспеушілікке қарсы қылмыстық
құқық бұзушылықтар жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа тартылған
адамдарды арнайы есепке алуды
жүргізу және олар туралы
мәліметтерді жариялау қағидаларына
қосымша

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖУРНАЛ

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Құжат сериясы, нөмірі, ЖСН

ҚІ нөмірі

Процестік шешім

Қабылдану күні

Сот (кім соттаған)

Үкімді (қаулыны) шығару күні

Тарту (босату) бабы

Жазалау шарасы

Үкімнің (қаулының) заңды күшіне ену күні

Босату күні

Кету күні

Кету орны

Нақты тұратын орны

Облыс коды

Облыс атауы

Пробациялық бақылауды жүзеге асыратын орган, тек бұл анықталған жағдайда






































































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады