Кедендік тексеріп қарау және қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14929 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 14.02.2018 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 204 және 205-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қоса берілген Кедендік тексеріп қарау және қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығымен бекітілді

Кедендік тексеріп қарау және қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1 Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 204 және 205-баптарына сәйкес кедендік тексеріп қарауды (қарауды) ұйымдастыру, жүргізу және нәтижелерін ресімдеу кезіндегі мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының іс-әрекетінің реттілігін айқындау мақсатында әзірленген.

      2. Жүргізілген кедендік тексеріп қарау (қарау) нәтижелері бойынша кедендік құжаттардың нысандары "Кедендік құжаттардың нысандары туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 260 шешімімен (бұдан әрі – КОК шешімі) бекітілген.

      3. Кодекстің 183-бабына сәйкес кедендік бақылау объектілері мен нысандарын таңдау кезінде тәуекелді басқару жүйесі пайдаланылады.

      4. Кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу туралы шешімді кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуге мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оны алмастыратын тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды тұлға), кедендік тексеріп қарау (қарау) туралы қызметтік жазбасы негізінде қабылданады.

      Кедендік тексеріп қарау (қарау) негізі ретінде:

      1) кедендік тексеріп қарау жүргізу кезінде:

      кедендік тексеріп қарау жүргізуді көздейтін тәуекелді басқару жүйесінде кездейсоқ іріктеу әдісі немесе тәуекел бейінін іске қосылуы туралы:

      жөнелтуші кеден органы жүргізген кедендік бақылаудың нәтиже бойынша басып шығарылған рентген суреттердің беткі жағында Инспекциялық тексеріп қарау кешенінің (бұдан әрі – ИТК) "ИТК бақылауы күдікті" деген штампының болуы туралы;

      Қазақстан Республикасының, Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) немесе кедендік мақсаттарда ақпаратпен алмасу туралы халықаралық келісімдер бар шет елдердің құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан ықтималды тәуекел (бағдарлар) туралы ақпараттардың болуы туралы;

      мәлімделген кедендік рәсімдерді Қазақстан Республикасы және ЕАЭО заңнамасымен көзделген шарттарына сәйкес "Еркін кедендік аймақ" және "Еркін қойма" кедендік рәсімдерді қоспағанда кедендік тазарту кезінде тауарларды сәйкестендіру қажеттілігі туралы;

      2) кедендік қарау жүргізу кезінде:

      кодекспен қарастырылған, кедендік бақылаудың өзге түрлерін қолдану кезінде уәкілетті лауазымды тұлғаға белгілі болған, ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы ақпараттар болған кезде кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті құрылымдылық бөлімшесінің басшысы, не оны алмастыратын адам қабылдайды.

      5. Кедендік тексеріп қарау (қарау) лауазымды нұсқаулықта тиісті құқықтары мен міндеттері айқындалған, мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасы жүргізеді.

      Кедендік тексеріп қарау (қарау) өндірісіне қажет болған жағдайда экономикалық тергеу қызметінің қызметшілері, мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің басшысы, не оны алмастыратын тұлғаның кедендік тексеріп қарау (қарау) өндірісіне қатысу туралы жазбаша хабарламасының негізінде қатысады.

      6. Өзге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары (соның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша) мынадай жағдайларда:

      1) мемлекеттік кірістер органына, оның ішінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану кезінде көмек көрсету үшін қажетті арнайы білімдері және дағдылары бар басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын мемлекеттік кірістер органдарына тарту кезінде;

      2) мемлекеттік кірістер органдарында кедендік бақылауды жүргізуге қатысты бірлескен іс-шараларды жүргізу туралы өзге мемлекеттік органдармен бірлескен құқықтық актілер болған кезде кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуге қатысады.

2 Тарау. Кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу туралы шешім қабылдауды ұйымдастыру

      7. Кедендік тексеріп қарау жүргізу алдында уәкілетті лауазымды тұлға, егер бұл тұлғалар белгілі болса, декларантқа немесе тауарға қатысы өкілеттігі бар өзге тұлғаға кедендік тексеріп қарау жүргізілетін орны және уақыты туралы жазбаша еркін нысанда хабардар етеді.

      Тәуекелді басқару жүйесінің тиісті ұсынымдар болған жағдайда, тәуекелдің алдын алу және (немесе) азайту бойынша шараларды (кедендік бақылауды) қолдану туралы хабарламаны басып шығарылады және беріледі.

      8. Егер тауар өзге мемлекеттік орган тарапынан бақылауға жататын болса және/немесе осындай органнан тиісті хабарлама алынған жағдайда, онда тексеріп қарау (қарау) осындай мемлекеттік органының өкілімен бірлесіп жүргізіледі.

      9. Кодекстің 192-бабының 1-тармағына сәйкес, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және басқа бақылаушы мемлекеттік органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде, мемлекеттік кірістер органдары осындай іс-әрекеттерді жалпы үйлестіруді және олардың бір уақытта жүргізілуін қамтамасыз етеді.

      10. Тәуекелді басқару жүйесі кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу арқылы тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылдануы қажет, сондай-ақ Кодексте көзделген, тәуекелді азайту бойынша қосымша шаралар қабылдануы қажет тәуекел объектілеріне көрсетеді.

      Бұдан басқа, тәуекелдерді басқару жүйесінде кедендік тексеріп қарауға (қарауға) жататын тауарлардың жалпы көлемінің пайыздық қатынасында, оның ішінде не тауарлардың белгіленген партиясының мөлшерінде, ішінара тексеріп қарау (қарау) жүргізу мүмкіндігі көзделген.

      11. Егер оларды, Еуразиялық экономикалық одағының аумағынан әкетуді көздейтін кедендік рәсімдерге орналастырылатын тауарлардың тұрған жері белгісіз және (немесе) тауарлар кедендік бақылау аймағынан тыс жерде болған жағдайда, кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу туралы шешімді қабылдаған уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу үшін тауардың тұрған жерін және тауарларды ұсынбау жағдайын анықтау бойынша тиісті шараларды қабылдайды.

      Кедендік тексеріп қарауға (қарауға) тауарлар ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға декларантты немесе оның өкілін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 558 бабына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдайды.

      Кедендік тексеріп қарауға (қарауға) тауарлар ұсынылмаған жағдайда, жауапты лауазымды тұлға кедендік декларацияны шығарудан бас тартады.

      12. Кедендік декларациялау көлеміне және штат санына байланысты, мемлекеттік кірістер органы басшысының шешімі бойынша кедендік тексеріп қарау (қарау) және лауазымдық (функционалдық) міндеттемелерге сәйкес кедендік сараптама тағайындалған кезде сынама мен үлгілерін алуды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға айқындалады, не кедендік тексеріп қарау (қарау) және кедендік сараптама тағайындалған кезде сынама мен үлгілерін алуды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардан мамандандырылған бөлімше (бұдан әрі – тексеріп қарау тобы) құрылады.

      Тауарларды кедендік тазарту кезінде тауарларға кедендік тексеріп қарауды (қарауды) тексеріп қарау тобының лауазымды тұлғалары немесе уәкілетті лауазымды тұлғалар жүргізеді.

      Кедендік тексеріп қарауға жататын тауарлардың санына және көлеміне байланысты кедендік тексеріп қарау уақтылы аяқталуы үшін жеткілікті сандағы (бір, екі немесе артық тұлғалар) уәкілетті лауазымды тұлғалармен жүргізіледі.

      13. Декларант болмаған кезде, тауарларға қатысты өкілеттігі бар өзге тұлғалар және олардың өкілдері ЕЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес, кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуге жол беріледі.

      Кедендік тексеріп қарау (қарау) көрсетілген жағдайда екі тәуелсіз куәгердің (айғақ берушілер) қатысуымен фото (бейне) бекітуді қолдана отырып жүргізіледі. Фото (бейне) бекіту тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынысына қарамастан осы Нұсқаулықтың 6-тарауында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      Дипломатиялық өкілдіктердің және консульдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін арналған және өткізілетін тауарларға қатысты тексеріп қарау тек дипломатиялық агенттің немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

      14. Кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде кедендік тексеріп қарауды (қарауды) жүргізетін тұлғаның рұқсатымен, декларант не тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның келісімі бойынша уақытша сақтау орындары өкілдері немесе кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу мақсатында қажетті тауарлармен жүк және өзге де операцияларды жүзеге асыратын өзге тұлғалар қатысады.

      15. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары кедендік тексеріп қарауды, оны толық аяқтау үшін жеткілікті мерзімде кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, кедендік тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде тауарлар шығарылғанға дейін, мемлекеттік кіріс органы басшысының, оның уәкілетті басшы орынбасарының немесе оларды ауыстыратын тұлғалардың жазбаша рұқсатымен жүзеге асырады.

      16. Кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу орнына келгеннен кейін уәкілетті лауазымды тұлға:

      1) кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде қатысушы тұлғалардың өкілеттігін, сондай-ақ олардың кедендік бақылау аймағында болуының негіздерін тексереді.

      2) кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде қатысулары Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Кодекстің 18 бабына сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті органның құқықтық актілерінде көзделген, өзге де мемлекеттік орган өкілдерінің қатысу (қатыспау) фактін белгілейді;

      3) тауарларды, көлік құралдарды, жүк ыдыстарын, контейнерлерді, жеке тұлғалардың багаждарын, сәйкестендіру құрадарын (бұдан әрі – тауарлар) кедендік тексеріп қарауға (қарауға) ұсыну фактін белгілейді

      17. Егер ұсынылған тауарлар кедендік тексеріп қарау (қарау) үшін жарақтандырылған, арнайы жабдықталған алаңда, уақытша сақтауға арналған үй-жайларда, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарауды жүргізетін, мемлекеттік кірістер органының кедендік бақылау аймағында болған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарауды (қарауды) жүргізуді бастау туралы шешім қабылдайды.

      Уәкілетті лауазымды тұлға тікелей контейнердегі немесе көлік құралдарының жүк бөлігіндегі тауарларды кедендік тексеріп қарауды жүргізу мүмкіндігі туралы шешімді, егер:

      іске қосылған тәуекел бейінінде тауарларды контейнерден немесе көлік құралдарының жүк бөлігінен толық түсіру қарастырылмаған;

      мұндай кедендік тексеріп қарау жүргізу тауарларды жоғалтуға немесе олардың жай-күйін өзгертуге әкеліп соқтырмайтын;

      мұндай кедендік тексеріп қарау жүргізу кедендік тексеріп қарау жүргізетін не кедендік тексеріп қарау жүргізу кезінде қатысатын тұлғалардың өмірлері мен денсаулығына зиян келтірмейтін жағдайларда қабылдайды.

      Тауарларды ұсыну және олармен тауарларды сәйкестендіру операцияларын жүргізу кезінде барлық мүдделі тұлғалар қатысқан жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуге кіріседі.

3 Тарау. Кедендік тексеріп қарау жүргізу

      18. Кедендік тексеріп қарау уақыты уәкілетті лауазымды тұлғаның тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк бөлігін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе бар болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен көріп қарау бойынша әрекет басталған уақыты болып табылады.

      19. Кедендік тексеріп қарау жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды тұлғалары осы Нұсқаулықтың 4-тарауын және мынадай ережелерді басшылыққа алады:

      1) кедендік тексеріп қарау тауар партиясымен өткізілетін тауарлардың (осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген, тауарларды қоспағанда) барлық атауларына, көлік құралынан барлық тауарларды міндетті түрде толықтай түсіре отырып (осы тармақтың 3) және 4) тармақшасында көрсетілген, жағдайларды қоспағанда) тауар партиясын құрайтын тауарлардың барлық мөлшерінің көлеміне қатысты жүргізіледі.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды тұлға мынадай оперцацияларды (осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген, жағдайларды қоспағанда) жүргізуді қамтамасыз етеді:

      тауарларды толық өлшеу;

      барлық жүк орындарын ашып жүк орындарын қайта санау;

      барлық жүк орындарындағы заттардың санын қайта санау;

      2) біркелкі таңбалармен, біркелкі орамдағы біртекті тауарларға (10 белгі дейіндегі Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) бір кодының тауарларына) қатысты кедендік тексеріп қарау, кейін есептеу жолымен тауардың барлық партиясының санын және салмағын анықтай отырып, тауар орамының әрбір түрінің тек 1 (бір) данасын ашу, қайта санау және өлшеу жолымен жүргізіледі.

      3) егер, көлік құралына біртекті тауарлар (10 белгі дейіндегі СЭҚ ТН бір кодының тауарлары) тиелген жағдайда көлік құралының жүк бөлігінде ұзына бойы "дәліз" түрінде өту жолын қалыптастыра отырып, тауарларды ішінара түсіру жүргізіледі. Үйіп, бос, құйып өткізілетін тауарларға қатысты түсірілу жүргізілмейді.

      Бұл ретте, осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген, талаптарды сақтай отырып, тек бір жүк орынын (көліктік (тасымалдау) құжаттарына сәйкес) ашу, қайта санау және өлшеу жүргізіледі.

      4) егер көлік құралына тез бұзылатын тауарлар тиелген жағдайда, көлік құралының жүк бөлігінде ұзына бойы "дәліз" түрінде өту жолын құру жолымен тауарларды ішінара түсірілу жүргізіледі.

      Бұл ретте осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген, талаптарды сақтай отырып, тауардың әрбір атауын ашу, қайта санау және өлшеу жүргізіледі.

      5) төменде көрсетілген тауарлардың санаттарына қатысты кедендік тексеріп қарау уақытша сақтау орындарында орналастырылған тауарларды бейне түсірілімін немесе оның ішіндегінің (көлік құралынан тауарларды түсірмей) бейне түсірілімін жүргізіп, міндетті түрде:

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасында тіркелген, халықаралық ұйымның мекенжайына жеткізілетінін;

      дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар салдарларын жою мақсатында жеткізілетінін;

      дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар және (немесе) олардың өкілдіктері, ЕАЭО кедендік аумағында орналасқан, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттік өкілдер ресми пайдалануы үшін өткізілетінін және көзделгендігін;

      көлік құралдарының тауар ретінде мәлімделгендігін;

      заттардың, кедендік тексеріп қарау жүргізетін лауазымды тұлғаның өміріне және денсаулығына қауіп-қатер келтіретін және арнай таным және (немесе) жарақтандыруды талап ететін;

      тауарларға қатысты ЕАЭО кедендік аумағына келу орнында мемлекеттік кірістер органдары кедендік тексеріп қарауды жүргізгенін, не оларға қатысты кедендік тексеріп қарау актісінің тұпнұсқасы бар болған жағдайда, ЕАЭО мүше мемлекеттердің кеден қызметтері кедендік тексеріп қарауды жүргізгенін, оған сәйкес кедендік тексеріп қарау жүргізудегі көлем мен дәреже, іске қосылған тәуекел бейінінде көзделген көлем мен дәрежеден асатынын, сондай-ақ кедендік тексеріп қарауға тауар партиясы алғашқы кедендік тексеріп қарау жүргізілген, сол көлемде ұсынылғанын;

      габаритті емес және ірі салмақты тауарлардың, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 "Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес берілген, тасымалдауға арнайы рұсаттары бар екендігін;

      тауарлардың, осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес СЭҚ ТН тауар топтарынада және тауар позицияларында жіктелетінін түсіндірумен көлік құралдарының жүк бөлігін ашу жолымен жүргізіледі.

      6) коммерциялық құжаттарға сәйкес тауардың саны қосымша өлшем бірлігінде (данада, жиынтықта, жұптап және басқа өлшемдерде) көрсетілген және бұл ретте төленуге тиіс кедендік баждар, салықтар сомасы тауардың салмағына байланысты болмаған жағдайда, егер тәуекелдерді басқару жүйесімен өзгеше көзделмесе, кедендік тексеріп қарау барысында тауарларды өлшеу жүргізілмейді;

      7) тәуекелді басқару жүйесінің негізінде тағайындалған, кедендік тексеріп қарау жүргізу кезінде, бейнетүсірілімді жүргізу туралы ұсыным болған кезде, уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қараудың барлық процесін үздіксіз бейнетүсірілімді жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Бейнетүсірілім басталғанан кейін уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қараудың барлық процесін айтып түсіндіріп тұрады.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды тұлға міндетті түрде мынадай мәліметтерді айтып және жазып тұрады:

      кедендік тексеріп қарау басталған және аяқталған уақыт;

      кедендік тексеріп қарау жүргізілген орын;

      Кодекстің 244 бабында көрсетілген бақылауға қатысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әкелуге және өткізуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған, мәлімделмеген немесе дұрыс декларацияланбаған тауарлардың бар болуы туралы декларанттың мәліметтері;

      кедендік тексеріп қарауды жүргізген тұлғаның тегі аты әкесінің аты (бұдан әрі-Т.А.Ә.) (әкесінің аты бар болған жағдайда) және лауазымы;

      кедендік тексеріп қарауға қатысқан тұлғаның Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болған жағдайда) және лауазымы;

      барлық орындалған әрекеттер, оның ішінде ішінара түсіруді жүргізуге немесе кедендік тексеріп қарауды жүргізбеуге негіздеме;

      кедендік тексеріп қарау нәтижесі;

      басқа да қажетті мәліметтер.

      Тиеу-түсіру жұмыстары кезінде кедендік тексеріп қарау жүргізуші уәкілетті лауазымды тұлғаның түсіндіруіне сәйкес бейне түсірілімді тоқтатуға болады. Кедендік тексеріп қарауды тоқтатқан және қайта бастаған кезде уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарау тоқтатылған (қайта бастаған) нақты уақытты айтуы тиіс.

      20. ИТК-ны пайдалана отырып тауарларды кедендік қарау нәтижелері бойынша кедендік тексеріп қарау жүргізу туралы шешімді қабылдаған кезде, кедендік тексеріп қарау жүргізген уәкілетті лауазымды тұлғаға ИТК суреттерінің көшірмелері және оған түсіндірмелер беріледі.

      Кедендік аумақтық тыс қайта өңдеу, сондай-ақ кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды және қайта өңдеу өнімдеріндегі тауарларды сәйкестендіру мақсатында олардың қайта өңдеу өнімдерін тексеріп қарау (қарау) жүргізу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлғаға міндетті түрде тауарларды сәйкестендірудің тәсілдері көрсетілген қайта өңдеу шарттары туралы құжаттардың көшірмелері беріледі.

      21. Орамдарды ашуды уәкілетті лауазымды тұлға декларанттың немес оның өкілінің қатысуымен жүргізеді. Өзге жағдайларда орамды ашу екі тәуелсіз куәгердің (айғақ берушілердің) қатысуымен декларантсыз және оның өкілінсіз жүргізіледі.

      22. Жүк орындарын ашу олардың тұтастығын және олардың сәйкестендіру құралдарын бұзуды, кейін олардың орамдарынан (жәшіктерден, қораптардан), технологиялық ыдыстардан, тауарлардың мөлшерін және атауын, шығарылған елін айқындау және басқа да мәліметтерді алуды бақылауға мүмкіндігін алу үшін арнайы жасалған жасырын орындардан тауарлардың жекелеген бірлігін алуды, басқа тауарлар түрінде өткізілетін тауарларды анықтауды көздейді.

      23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 558, "Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу қағидаларын бекіту туралы" " (Қазақстан Республикасының номативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12384 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес тауардың сипаттамасы туралы мәліметтер жеткіліксіз болған және тауарды сәйкестендіру үшін айқындалған тану белгілері болмаған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 227-бабына сәйкес кедендік сараптама тағайындайды және тауардың сынамалары мен үлгілерін іріктеуді жүзеге асырады.

      24. Иондаушы сәуле шығару көздері бар тауарларды кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары кедендік тексеріп қарауды жүргізуге тартылады.

      25. Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарларды анықтау мақсатында кедендік тексеріп қарау (қарау) қажет болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары қызметтік иттерді пайдаланып жүргізеді.

      26. Аралау, егеу, кесу және өзге де әрекеттердің көмегімен кедендік қарауды жүргізу жасырылған тауарлардың үстіне бояу қабатын, металл, өзге материалдарды жағу жолымен не арнайы дайындалған бөлінбейтін жасырын орынға тауарларды салу жолымен кедендік бақылаудан жасырылған тауарларды анықтау, тауарлардың химиялық құрамын, олардың физикалық қасиетін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      27. Кедендік тексеріп қарау (қарау) тиімділігін арттыру мақсатында уәкілетті лауазымды тұлға Кодекстің 199-бабымен белгіленген, кедендік бақылаудың өзге нысанын қолдануға құқылы.

      28. Егер кедендік тексеріп қарау барысы объективтік себептер (үзіліс, жұмыс уақытының аяқталуы) бойынша тоқтатылған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға, тауарлардың өзгеріссіз жағдайда, оның ішінде тауарлар тұрған жүк орындарына, көлік құралдарына не үй-жайларға сәйкестендіру құралын салу жолымен сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.

4 Тарау. Кедендік қарау жүргізу

      29. Кедендік қарау уақыты уәкілетті лауазымды тұлғаның тауарлардың орамдарын немесе көлік құралының жүк бөлігін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе бар болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен көріп қарау бойынша әрекет басталған уақыты болып табылады.

      30. Уәкілетті лауазымды тұлға тауарларды, жеке тұлғалардың багаждарын, көлік құралдарын, жүк ыдыстарын, кедендік пломбалар, мөрлер және тауарларды сәйкестендірудің басқа да құралдарын, көлік құралдарын және тауарлар орамаларын бұзып ашпай және тауарлардың орамдарын бұзбай кедендік тексеріп қарауды көзбен шолып қарау жолымен жүргізеді.

      Тауарларды кедендік қарау, кедендік бақылаудағы тауарлардың сыйпаты, шығарылған жері, жай-күйі және саны туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк орындарында кедендік пломбалар, мөрлер және басқа да салынған сәйкестердіру құралдарының болуы туралы мәліметтерді растау мақсатында жүзеге асырылады.

      Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік қарау, қаралатын обектілердің ішкі құрылымын көзбен көріп қарауды қамтамасыз ету және осындай обектілердің физикалық ерекшелік сипатының болуы туралы өзгеше ақпараттандыруды қамтамасыз ететін, техникалық құралдарды қолданумен жүргізілуі мүмкін.

      31. Егер кедендік қарау барысы объективті себептер (үзіліс, жұмыс уақытының аяқталуы) бойынша тоқтатылған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға, тауарлардың өзгеріссіз жағдайда, оның ішінде тауарлар тұрған жүк орындарына, көлік құралдарына не үй-жайларға сәйкестендіру құралын салу жолымен сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.

5 Тарау. Кедендік тексеріп қарау (қарау) көлемі мен дәрежесі

      32. Кедендік тексеріп қарау (қарау) тәуекелдер бейінімен белгіленген көлемде және дәрежеде жүргізіледі. Кедендік тексеріп қарау (қарау) көлемі мен дәрежесін өзгертуге жол берілмейді.

      Іске қосылған тәуекелдер бейінінде көлемі мен дәреджесі болмаған, не кедендік тексеріп қарау жүргізу туралы осы Нұсқаулықтың 4-тармағымен көзделген өзге негіздер бойынша шешім қабылданған жағдайда, кедендік тексеріп қарау осы Нұсқаулықтың 19-тармағының 2) – 7)-тармақшаларына сәйкес ішінара жүргізіледі.

      Тауардың мөлшерін айқындау тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген тауардың мөлшері туралы деректер негізінде кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізер алдында есептеу жолымен жүргізіледі.

      33. Егерде тәуекел бейіні іске қосылған кезде айқындалған кедендік тексеріп қарау көлемі, егер тәуекел бейінінде өзгеше көрсетілмесе, тауар партиясымен өткізілетін тауарлардың барлық атауын кедендік тексеріп қарауды болжайды, уәкілеттті лауазымды тұлға келесі операцияларды жүргізуді қамтамасыз етеді:

      тауарлардын толық салмағын өлшеу;

      барлық жүк орындарын ашып жүк орындарын қайта есептеу;

      барлық жүк орындарында заттардын санын қайта есептеу.

      Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізудің көлемі мен дәрежесі, осы Нұсқаулықтың 19 тармағының ережелерін есекере отырып белгіленеді.

      34. Кедендік тексеріп қарау (қарау) дәрежесі, кедендік тексеріп қарау (қарау) көрсетілген көлеміне байланысты айқындалған көлемдегі тауармен қандай әрекет жүргізу қажеттігін көрсетеді.

      Егер тексеріп қарау (қарау) жүргізу нұсқауында жүк орындарын қайта санау қажеттілігі белгіленсе, онда кедендік тексеріп қарауға (қарауға) ұсынылған тауардың барлық жүк орынарын қайта санау жүргізіледі.

      35. ЕАЭО кедендік аумағына келетін орындарда тауарларға қатысты мемлекеттік кірістер органдары кедендік текресіп қарау жүргізілген, не оларға қатысты кедендік тексеріп қарауды ЕАЭО мүше мемлекетерінің кеден қызметтері жүргізген, бұл ретте кедендік тексеріп қарау актінде кедендік тексеріп қарауды жүргізудің көлемі және дәрежесі көрсетілмеген жағдайда, кедендік тексеріп қарау тек қана тәуекел бейіні іске қосылған кезінде немесе тәуекелдерді басқару жүйесінің кездейсоқ іріктеу әдісі бойынша осы Нұсқаулықтың 19-тармағының 2) – 7)-тармақшаларына сәйкес жүргізіледі.

6 Тарау. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану

      36. Кедендік тексеріп қарауды (қарауды) жүргізуді тездету және олардың тиімділігін арттыру үшін тауарлар (олардың мөлшері, құрамы, физикалық және химиялық қасиеті, түпнұсқалылығы, жарсырын орындардың болуы және т.б.) туралы қажетті мәліметтерді анықтауға мүмкіндік беретін кедендік бақылаудың техникалық құралдарының (бұдан әрі – КБТҚ) әртүрлі түрлері қолданылады.

      37. КБТҚ қолдану кезінде уәкілетті лауазымды тұлға адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтіруге жол бермеу мақсатында қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс.

      38. Уәкілетті лауазымды тұлға тәуекелдердің алдын алу және азайту бойынша ұсынымда кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қажеттілігімен кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуге арналған шаралар болған жағдайда, кедендік тексеріп қарау (қарау) процесін және нәтижелерін фото (бейне) түсіру үшін фото (бейне) түсіру аппаратураларын қолданады.

      Уәкілетті лауазымды тұлға фото (бейне) түсіру аппаратураларын қолданар алдында оның жұмыс істейтінін (оның ішінде аккумулятор заряды деңгейінің толықтығын (қоректену элементтерінің қуатталуын), жинақтауышта жеткілікті бос орынның болуын , іске қосқанда нақты күні мен уақытты қою, сондай-ақ фото түсірілімнің (бейне түсірілімнің) сапасын оңтайлы дәл қоюды тексереді.

      Фото түсірілім (бейне жазба) шамадан артық қараңғы болмауы тиіс.

      Фото түсірілім (бейне жазба) тексеріп қаралатын (қаралатын) тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

      Фото түсірілім үшін цифрлық аппаратураның ұсынылатын параметрі: тексеріп қаралатын (қаралатын) тауарлардың көлеміне және тәуекелдердің алдын алу және азайту бойынша шараларға қатысты тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымына байланысты жарық сезгіш матрицалар мөлшері кемінде 3,2 Мпиксел, жинақтауыш сыйымдылығы – кемінде 64 Мбайт болуы тиіс.

      39. Кедендік декларация бойынша кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуде тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынысында көрсетілген, тексеріп қарау (қарау) мақсаты, көлемі және дәрежесі сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қатысты кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізудің кезеңділігін, тауарлар партиясының көлемін, тауарлардың мөлшерін және ассортиментін ескере отырып, егер егер тәуекел бейінінде өзгеше көзделмеген әрбір нақты жағдайда, уәкілеті лауазымды адам кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу кезінде қажетті фото түсірілім санын дербес айқындайды.

      Әрбір нақты жағдайда бір кедендік тексеріп қарау (қарау) барысындағы фото түсірілімнің санын уәкілетті лауазымды адам дербес айқындайды, бұл ретте әрбір тексеріп қараудың (қараудың) фото мұрағаты тауардың әрбір атауының техникалық және коммерциялық сипаттамасы туралы түпкілікті мағұлмат беруі тиіс.

      40. Фото түсірілімде (бейне түсірілімде) көлік құралының (контейнердің) жүк бөлігінің жалпы жоспарын (сыртқы түрін), оның нөмірін түсіруді және салынған қамтамасыз етудің тұтастығын қамтуы тиіс.

      Егер тәуекел бейінінде өзгеше көзделмесе, кедендік тексеріп қарау (қарау) процесінің фото түсірілімі (бейне түсірілімі) мынадай типтік сызба бойынша жүргізіледі:

      көлік құралының типін, оның мем.тіркеу нөмірін, салынған қамтамасыз ету құралын түсіру (аталған қағида әуе не теңіз кемесіндегі тауарларды кедендік тексеріп қарау (қарау) кезінде қолданылмайды);

      көлік құралына тиеу дәрежесін (фото түсірілім (бейне түсірілім) түсіру ең жоғары мүмкіндікке қатысты пайызда көлік құралының тиелу деңгейін (көлемін) бағалауға мүмкіндік беруі тиіс), жүк орындарын және тауарлар орамының сипатын түсіру;

      көлік құралынан тауарларды түсіру (тауарларды ішінара түсіру кезінде фото түсірілім (бейне түсірілім) көлік құралынан түсірілген тауарлардың түсірілмеген тауарларға қатынасы бойынша пайыздық қатынасын бағалауға мүмкіндік беруі тиіс);

      тауарлардың түсірілген бөлігін түсіру, іс жүзінде түсірілген тауардың мөлшері мен көлемін сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей етіп жүргізіледі;

      тауарлардың түсірілмеген бөлігін, не толық түсірілген кезде – көлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін (көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі) деректердің фото түсірілімнің (бейне түсірілімнің) болуымен көлік құралының бос бөлігін түсіру;

      жүк орындарын бөлшектеуді (ашуды) және олардың ішіндегілерді тексеріп қарауды түсіру.

      Фото түсірілімді (бейне түсірілімді) жүргізу барысында оларды біркелкі сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тауарлардың негізгі сипаттамасын толық көлемде түсіру қажет.

      Мыналар:

      жүк бөлігінде (оны тиеуде) тауардың орналасуы/бөлінуі;

      орамның сыртқы түрі;

      орамдағы және тауардың өзіндегі маркалау (жазу, жапсырма қағаздар, оның ішінде тауарларды жөнелтуші, алушы туралы мәліметтер көрсетілген, тапсырыстың нөмірлері, этикеткалар және басқалар);

      дайындаушы туралы мәліметтер, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі;

      физикалық мөлшері;

      жинақтауыштар, қосалқы бөлшектерінің және керек-жарақтарының болуы;

      тауардың тозу дәрежесі;

      тауар және арнайы белгілері;

      консистенциясы;

      түсі;

      тауарды өлшеп орау;

      анықталған бөгде салымдар кедендік тексеріп қараудың (қараудың) белгіленген дәрежесі және көлемін сақтау шарты кезінде) міндетті түрде түсіруге жатады.

      Таңбалауда бар ақпараттарды түсіруді, бір түсірілімде орындау мүмкін болмаған жағдайларда, оларды кейін сәйкестендіру мүмкіндігімен барлық мәліметтерді түсіру мақсатында таңбалауларды рет-ретімен фотоға түсіру жүзеге асырылады.

      Тауардың ерекшелігі геометриялық параметрлерін айқындау және түсіру талап етілген, бұл ретте тауарлар таңбасында немесе орамында мөлшері туралы мәліметтер болмаған жағдайларда, өлшеу аспаптары (сызғыш, рулетка) фонында (көзбен көріп салыстырумен), ал олар жоқ болған жағдайда – мөлшері алдын ала белгілі, эталонды еркін түрдегі объектілердің (адамның алақаны, сіріңке қорабы, темекі қорапшасы, монета) фонында тауарларды фото түсірілімі (бейне түсірілімі) ұсынылады. Тауардың мөлшеріне байланысты неғұрлым ірі объектімен (адам, автомобиль, контейнер, ғимарат) фото түсірілім (бейне түсірілім) жүргізіледі.

      Фото түсірілім (бейне түсірілім) барысында тауардың геометриялық сипаттамасын өлшеу, тауарларды өлшеу, ашу, қайта санау, КБТҚ құралдарын қолдану, салынған сәйкестендіру құралының болуын және сәйкестігін тексеру, сынамалар мен үлгілерді іріктеу бойынша әрекеттерді түсіру.

      Тексеріп қарау (қарау) барысында алынған фото суреттер тиімді сапаны сақтау кезінде файл мөлшерін кішірейту мақсатында 800-600 нүктеге ал видео жазбаларды 640-460 нүктеге дейін кеңейтумен қайта құру ұсынылады.

      41. Үлкен ақпарат беру мақсатында фотосуреттерге (әрбір фотосуреттерге электронды түрде жеке мәтіндік файл қалыптастыру не оған қатысты жүргізілген операциялар және тауар түрін көрсетіп фотосуреттердің бастапқы файлдарын қайта атау арқылы) фото суреттерге түсіндіруді қалыптастыруға жол беріледі.

      42. Фото суреттерді жеткілікті жоғары сапада сақтаумен барынша сығылған түрде графикалық бейнелік ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін JPEG форматта, ал бейне жазбаларды МР 4 форматта сақтауды жүзеге асыру ұсынылады.

      Фото түсірілім (бейне түсірілім) цифрлық форматта сақтау мемлекеттік кірістер органдарының серверінде және тәуекелдерді басқару жүйесінде жүзеге асырылады.

      Тауарларды декларциялау орны мен сақтау орындары өзгеше болған жағдайда фото түсірілімдерді (бейне жазбаларды) цифрлық форматта сақтау бір мезгілде қызмет өңірінде тауарларды декларациялау жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органдарының серверінде, қызмет өңірінде тауарларды кедендік тексеріп қарау (қарау) жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органдарында жүргізіледі.

      Фото- және бейне мұрағат деректер базасына ақпараттарды жинау, өңдеу және жаңғыртуды мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық-техникалық қызметтің уәкілетті бөлімшесі жүзеге асырады.

      Фото түсірілімдерді (бейне жазбаларды) сақтау қисынды ұйымдастырылуы папканың (каталогтардың) ағашқа ұқсас құрылымын пайдаланып) және қажетті фото түсірілімдерге (бейне жазбаларға) жедел қол жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ фото түсірілімдердің (бейне жазбалардың) оларға қатысты кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізілген тауарға арналған декларациялардың нөмірлеріне байланысы қамтамасыз етілуі тиіс.

      Фото түсірілімдерді (бейне жазбаларды) сақтау үшін негізгі критериялары (тексеріп қарау (қарау), мемлекеттік кірістер органы, оған қатысты тексеріп қару (қарау) жүргізілген СЭҚ-қа қатысушының атауы, кедендік декларациялардың нөмірі, не кедендік тексеріп қарау (қарау) актінің нөмірі бойынша іріктеуді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін фото түсірілімдер (бейне жазбалар) папкасы құрылады.

7 Тарау. Сәйкестендіру құралдарын қолдануды ұйымдастыру

      43. Көлік құралдарына, көлік құралдарының жүк бөліктеріне, жүк орындарына, тауарлар бар және болуы мүмкін бөліктерге және басқа да орындарға, кедендік бақылауға алынған тауарлардың өздеріне Кодекстің 198-бабына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлға, Кодексте көзделгенпломба салу, мөр қою және басқа да тәсілдер жолымен сәйкестендіреді.

      44. Кедендік тексеріп қарау (қарау) нәтижесінде құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілері анықталған жағдайда сәйкестендіру құралдары тауарлардың және көлік құралдарының жай-күйінің өзгермеуін, оларды ауыстырудан сақтауды қамтамасыз ету мақсатында салынады.

      45. Сәйкесендіру құралдарының бар-жоғы мен жай-күйіне бақылау жасау мақсатында кедендік тексеріп қарау (қарау) актісінде олардың мөлшері, типі, пломбаларының нөмірлері, мөрлері, цифрмен, әріппен және өзге де таңба қоюлары, сәйкестендіру белгілерін салулары, қойылған мөртабандар, алынған сынамалар мен үлгілер, тауарлардың сипаттамалары, жасалынған сызбалар, масштабтық бейнелер, суреттер, иллюстрациялар, тауардың ілеспе құжаттарын және өзге де құжаттарды және басқа сәйкестендіру құралдарын пайдалану туралы мәліметтер көрсетіледі.

      46. Сәйкестендіру құралдары өзгерген, алынып тасталған, жойылған немесе айырбасталған жағдайда уәкілетті лауазымды тұлға КОК шешімімен бекітілген нысан бойынша сәйкестендіру құралдарының өзгеруі, алып тасталуы, жойылуы немесе айырбасталуы туралы акті жасайды.

8 Тарау. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың кедендік тексеріп қарау (қарау) барысында мәліметтердің дұрыс емес мәлімделу фактілері, сондай-ақ кеден заңнамасын бұзу белгілері анықтаған кездегі әрекеттері

      47. Кедендік тексеріп қарау (қарау) барысында тауарлардың іс жүзіндегі сипаттамасы, мөлшері не тауарлар туралы мәліметтері (атауы, шығарылған елі, дайындаушы) тауарға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда аталған фактілер кедендік тексеріп қарау (қарау) актінде көрсетіледі.

      48. Егер анықталған алшақтықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚК) бойынша жауапкершілік көзделген құқық бұзушылық белгілері бар екендігін көрсеткен, бұл ретте анықталған кедендік тексеріп қарау (қарау) сипаттамалары бар бола тұра аталған фактілерді толық тексеруге мүмкіндік болмаған жағдайда, сәйкессіздікті анықтаған уәкілетті лауазымды тұлға мемлекеттік кірістер органының басшысына, ал қажет болған жағдайда мемлекеттік кірістер органының экономикалық тергеулер қызметіне тез арада хабарлайды, онда тауарлар туралы мәлімделген мәліметтердің дұрыс еместігінің белгілері, кедендік тексеріп қарау (қарау) көлемін ұлғайту және оның дәрежесін өзгерту қажеттілігінің негіздемелері, сондай-ақ кедендік тексеріп қарау (қарау) сипаттамалары бойынша басқа да ұсыныстар көрсетіледі.

      49. Кедендік тексеріп қарау (қарау) нәтижесінде ЕАЭО кеден заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері анықталған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарау (қарау) аяқталғаннан кейін және анықталған фактілерді белгіленгеннен кейін материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдау үшін мемлекеттік кірістер органының уәкілетті бөлімшесіне жолдайды.

9 Тарау. Кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізудің нәтижелерін ресімдеу

      50. Кедендік тексеріп қарау (қарау) нәтижелері, сондай-ақ іс жүзінде кедендік тексеріп қарау (қарау) аяқталғаннан кейін тез арада тәуекелдерді басқару жүйесінде кедендік тексеріп қарау (қарау) актісінде белгіленеді.

      51. Өзге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізуге қатысқан жағдайда, кедендік тексеріп қарау (қарау) актінде осындай тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Кедендік тексеріп қарау (қарау) актісінің көшірмелері танысу үшін қол қойдырып уәкілетті лауазымды тұлғаларға беріледі.

      Кедендік тексеріп қарауға (қарауға) қатысқан өзге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері кедендік тексеріп қарау (қарау) актісінің көшірмелерін алудан бас тартылған жағдайда, кедендік тексеріп қарау (қарау) актісінде тиісті жазба жазылып, уәкілетті лауазымды тұлғаның қолымен және жеке нөмірлік мөрлерімен куәландырылады.

      52. Кедендік тексеріп қарау (қарау) процесінде лауазымды тұлғаның тауарларды есептеу тәсілімен тауарлардың іс жүзіндегі салмаған іріктеп өлшеуі анықталған жағдайда, кедендік тексеріп қарау (қарау) актінде оның есебі мен нәтижелері көрсетіледі.

      53. Кедендік тексеріп қарау актінде міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      топтық орамда, жекелеген орам бірліктеріне енгізілген және (немесе) тауарлардың тікелей өздерінде болатын тауарлардың шығатын елі (бар болған жағдайда) туралы куәландыратын орам және (немесе) таңбалары, клеймалар, тауарлық белгілері, артикулдары, тапсырыс (лоттар) нөмірлері, сәйкестік белгілері, сәйкестендіру белгілері туралы;

      тауарларды өндірушілер (бар болған жағдайда) туралы;

      тауарларды жөнелтуші мен алушы, тапсырыс нөмірлері және тауарларды жеткізу туралы басқа мәліметтер туралы;

      тауарларды рет-ретімен бірнеше орамдарда орналастырған жағдайда тауарлардың орам түрі (тәсілі), орамдағы тауардың мөлшері туралы;

      тауарлардың сыртқы бүлінулерінің бар-жоғы, болған бүлінулерді сипаттаумен олардың орамдары туралы;

      тауарлар атауының саны және тауарлардың әрбір атауының саны (тауарлардың әрбір атауының санын есептеу арқылы айқындауға жол беріледі) туралы;

      кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу (қажет болған жағдайда) барысында анықталған тауарлардың түсі, материалы, мөлшері, физико-техникалық, температуралық сипаттамалары туралы және басқа да мәліметтер туралы.

      54. Кедендік тексеріп қарау ИДК пайдалану арқылы алынған кеден заңнамасының бұзылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат негізінде жүргізілсе, кедендік тексеріп қарау актінде ИДК операторы көрсеткен мәлімделмеген тауар көлік құралының жүк бөлігінде қалай орналасуы мүмкін, қандай тауарлар болғандығын атап көрсету қажет.

      55. Кедендік тексеріп қараудың нәтижелерін белгілеу кезінде кедендік тексеріп қарау актіне:

      тауарлардың орамасындағы таңбалау, этикеткар, жапсырма қағаз және тауарларды сәйкестендірудің басқа да құралдары (бар болған жағдайда);

      кедендік тексеріп қараудың (қараудың) фото материалдары (осы материалдар бар болған кезде цифрлық тасымалдағышта қосымша бірге беруге рұқсат етіледі);

      кедендік тексеріп қарау (қарау) бейнематериалдары (бар болған кезде);

      кедендік тексеріп қарауға (қарауға) қатысқан немесе қатысып отырған өзге мемлекеттік органдардың мамандарының немесе лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      кедендік тексеріп қарауға (қарауға) қатысатын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      кедендік тексеріп қарауды (қарауды) жүргізу барысында ресімделген және оған қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

      Кедендік тексеріп қарау (қарау) актіне қоса тіркелген құжаттар мен қағаз тасымалдағышындағы мәліметтер кедендік тексеріп қарау (қарау) актінің ажырамас бөлігі болып табылады.

      56. Кедендік тексеріп қараудың (қараудың) нәтижелерін белгілегеннен кейін лауазымды тұлға кедендік тексеріп қарау (қарау) актілерін тіркеу журналының, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті бағандарын толтырады.

      Тіркеу журналының жүргізу және сақталу мерзімінің тәртібі кеден ісі саласындағы уәкілетті органның актісімен анықталады.

      Әрбір келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркеу журналын нөмерлеу бірден басталады.

      57. Кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізгеннен кейін кедендік тексеріп қарау (қарау) актісі оған қоса тіркелген барлық құжаттармен және тиісті кедендік рәсімдер кезінде рәсімделетін басқа да кедендік құжаттарымен бірге құжаттарды жинақтау, оларды істе қалыптастырылады және мемлекеттік кірістер органдарының мұрағатында сақтауға тапсыру белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі, ақпараттық жүйе арқылы кедендік тексеріп қарау (қарау) актілерін тіркеуді жүргізуге мүмкіндік берген жағдайда, қағаз түрінде Тіркеу журналын жүргізу талап етілмейді.

10. Қорытынды ережелер

      58. Мемлекеттік кірістер органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолданудан босату Кодекстің 194-бабында айқындалған.

      59. Заңсыз шешімдер, әрекеттер (әрекетсіздік) үшін уәкілетті лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке болады.

      60. Уәкілетті лауазымды тұлғалар заңды талаптарды орындамаған, сондай-ақ оларға кедендік тексеріп қарау (қарау) жүргізу бойынша жүктелген міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін басқа да әрекеттер жасаған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінде кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартуға бағытталған шаралар қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығымен бекітілген
  Кедендік тексеріп қарау
(қарау) жүргізу жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша

Уақытша сақтау орынына орналастырылған тауарлардың бейне түсірілімдерін не оның тұрамының бейне түсірілімін жүргізумен көлік құралдарының жүк бөлігін ашу жолымен жүргізілетін, кедендік тексеріп қарауға қатысты СЭҚ ТН тауарлар позициясы және тауарлар топтарының тізбесі

СЭҚ ТН коды

СЭҚ ТН сәйкес тауардың атауы

Ескертпе

84

Ядролық реакторлар, қазандар, жабдықтар мен механикалық құрылғылар; олардың бөліктері

8415, 8431 тауар позициясын қоспағанда

8501

Электр қозғалтқыштары және генераторлары (электро генераторлық қондырғылардан басқа)


8502

Электро генераторлық қондырғы және айналмалы электрлi өзгерткiш


8503

Тек немесе негiзiнен 8501 немесе 8502 тауар позициясының машиналарына арналған бөлшектер


8504

Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткiштерi, индуктивтiлік орауыштары және дроссельдер:


8507

Тік төртбұрыш (оның iшiнде шаршы) немесе басқа пішінді электр аккумуляторлары, оларға арналған сепараторларды қоса алғанда


8514

Өнеркәсіптік немесе зертханалық электр пештері мен камералары (индукция құбылысы немесе диэлектpлік ысырап негізінде жұмыс істейтіндерін қоса алғанда); индукция құбылысы немесе диэлектpлік ысырап көмегімен материалдарды термикалық өңдеуге арналған өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдықтар


8543

Осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген жеке функциялары бар электр машиналары мен аппаратурасы


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығымен бекітілген
  Кедендік тексеріп қарау
(қарау) жүргізу жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша

Кедендік тексеріп қарау
(қарау) актілерін тіркеу журналы
20___ жыл

      (мемлекеттік кірістер органының коды)

р/с№

Кедендік декларацияның, немесе кедендік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттың нөмірі

Кедендік тексеріп қарау
(қарау) актісін тіркеу күні және уақыты

Мәлімделген кедендік рәсімнің коды

Тауарды жөнелтушінің /алушының атауы

Тауардың қысқа сипаттамасы

Іске қосылған тәуекел бейіні нөмірі

Көлік құралының нөмірі

Тексеріп қарауды
(қарауды) жүргізген орын

Кедендік тексеріп қарау
(қарау) нәтижесі

Кедендік тексеріп қарауды
(қарауды) жүргізген мемлекеттік кіріс органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (әкесінің аты болған жағдайда)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады