Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты орналастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті жыл сайын орналастыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті жыл сайын орналастыру қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Т. Сүлейменов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 93 бұйрығына 1-қосымша |
Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 7-8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында немесе Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен бекiтілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9404 болып тіркелген Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларына (бұдан әрі – № 64-НҚ Қағидалары) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің интернет-ресурсында (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық уәкілетті орган – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
2) жекелеген салалардағы уәкілетті орган – жекелеген салаларда табиғи монополиялар аяларында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
3) табиғи монополия субъектісі – табиғи монополия жағдайларында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
4) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсететін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
5) тарифтік смета – реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бөлінісінде уәкілетті орган бекітетін кірістер мен шығыстардың баптары туралы, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы көрсеткіштер және уәкілетті орган "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 21) тармақшасына сәйкес бекітетін нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері;
6) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
7) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Ақпаратты орналастыру тәртібі
4. Ақпаратты табиғи монополия субъектісі өзінің интернет-ресурсында табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарларына, жұмыстарына) тариф пен тарифтік смета бекітілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырады.
5. Ақпарат:
уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі немесе жекелеген салалардағы уәкілетті орган бекіткен табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарларға, жұмыстарға) тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесін;
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтік сметаның көшірмесін қамтиды.
6. Табиғи монополия субъектісінің ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру үшін техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, мұндай ақпарат жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында немесе № 64-НҚ Қағидаларына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органның интернет-ресурсында табиғи монополия субъектісінен тиісті өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырылады.
Ақпаратты табиғи монополия субъектісі жергілікті атқарушы органға немесе № 64-НҚ Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның ведомствосына немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде табиғи монополиялар субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарларға, жұмыстарға) тариф және тарифтік смета бекітілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
7. Табиғи монополия субъектісі ақпаратты өзінің интернет-ресурсында немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында № 64-НҚ Қағидаларына сәйкес орналастырған жағдайда уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мекен-жайына (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органға мұндай ақпараттың орналастырылғаны туралы ол орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті хабарлама жібереді.
Ақпарат уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, табиғи монополия субъектісінен хабарлама талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 93 бұйрығына 2-қосымша |
Табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті жыл сайын орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті жыл сайын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 7-9) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті (бұдан әрі – Есеп) бұқаралық ақпарат құралдарында Есеп өткізген кезден бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей, оның ішінде Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен бекiтілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9404 болып тіркелген Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларына (бұдан әрі – № 64-НҚ Қағидалары) сәйкес табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында немесе уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық уәкілетті орган – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
2) жекелеген салалардағы уәкілетті орган – жекелеген салаларда табиғи монополиялар аяларында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
3) табиғи монополия субъектісі – табиғи монополия жағдайларында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
4) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсететін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
6) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Есепті орналастыру тәртібі
4. Есепті табиғи монополия субъектісі бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында есепті жүргізген сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырады.
5. Есеп мынадай:
1) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуы туралы;
2) есепті кезеңдегі табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;
3) есепті кезеңдегі ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері туралы;
4) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы;
5) есепті кезеңдегі уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтік сметаның әрбір бап бойынша орындалуы туралы;
6) қызметтің перспективалары (даму жоспарлары) туралы ақпаратты қамтиды.
6. Табиғи монополия субъектісінің өз интернет-ресурсы болмаған жағдайда Есеп № 64-НҚ Қағидаларына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында табиғи монополия субъектісінен тиісті өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырылады.
Табиғи монополия субъектісі есепті № 64-НҚ Қағидаларына сәйкес уәкілетті органның ведомствосына немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде Есеп жүргізілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
7. Табиғи монополия субъектісі Есепті өзінің интернет-ресурсында не жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырған жағдайда, табиғи монополия субъектісі № 64-НҚ Қағидаларына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мекен-жайына (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органға Есептің орналастырылғаны туралы ол орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті хабарлама жібереді.
Есеп уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, табиғи монополия субъектісінен хабарлама талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 93 бұйрығына 3-қосымша |
Табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті жыл сайын орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті жыл сайын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 7-10) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар табиғи монополия субъектісінің тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті (бұдан әрі – Коммуналдық қызметтер жөніндегі есеп) мерзімді баспасөз басылымында Коммуналдық қызметтер жөніндегі есепті өткізген кезден бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен бекiтілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9404 болып тіркелген Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзу және одан шығару қағидаларына (бұдан әрі – № 64-НҚ Қағидалары) сәйкес табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында немесе уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жыл сайын орналастыру тәртібін айқындайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аумақтық уәкілетті орган – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;
2) жекелеген салалардағы уәкілетті орган – жекелеген салаларда табиғи монополиялар аяларында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
3) табиғи монополия субъектісі – табиғи монополия жағдайларында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
4) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсететін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.
2-тарау. Коммуналдық қызметтер жөніндегі есепті орналастыру тәртібі
4. Коммуналдық қызметтер жөніндегі есепті табиғи монополия субъектісі мерзімді баспасөз басылымында және өзінің интернет-ресурсында Коммуналдық қызметтер туралы есепті жүргізген сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырады.
5. Коммуналдық қызметтер жөніндегі есеп мынадай:
1) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуы туралы;
2) есепті кезеңдегі табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;
3) есепті кезеңдегі ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері туралы;
4) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы;
5) есепті кезеңдегі уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтік сметаның баптар бойынша орындалуы туралы;
6) қызметтің перспективалары (даму жоспарлары) туралы ақпаратты қамтиды.
6. Табиғи монополия субъектісінің өз интернет-ресурсы болмаған жағдайда, Коммуналдық қызметтер жөніндегі есеп № 64-НҚ Қағидаларына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында табиғи монополия субъектісінен тиісті өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырылады.
Табиғи монополия субъектісі коммуналдық қызметтер жөніндегі есепті № 64-НҚ Қағидаларына сәйкес уәкілетті органның ведомствосына немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде Коммуналдық қызметтер жөніндегі есеп өткізілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
7. Табиғи монополия субъектісі өзінің интернет-ресурсында немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырған жағдайда, табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы № 64-НҚ Қағидаларына сәйкес аумақтық бөлімшесінің мекен-жайына (оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу орны бойынша) немесе жекелеген салалардағы уәкілетті органға Коммуналдық қызметтер жөніндегі есептің орналастырылғаны туралы ол орналастырылған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмейтін тиісті хабарлама жібереді.
Коммуналдық қызметтер жөніндегі есеп уәкілетті орган ведомствосының немесе уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің интернет-ресурсында орналастырылған жағдайда, табиғи монополия субъектісінен хабарлама талап етілмейді.