Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14948 болып тіркелді.


      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасыны Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов

 
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 28 ақпаңдағы
№ 103 бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістеме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 15) тармақшасына әзірленді.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы қағидаты - мемлекеттің экономикадағы көмекші рөлінің қағидаты, оған сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы мүмкін емес немесе жеткіліксіз болған жағдайда, егер мемлекеттік кәсіпорын және заңды тұлға кәсіпкерлік қызметті ауыстырмаса және оған араласпаса, соңғысы тауар нарығының қажеттілігін қанағаттандыруға толық қабілетті болған кезде, мемлекет сол міндеттерді ғана орындаудың көмекші (субсидиарлық) функциясына ие болады;

      2) тауар нарықтарын зерттеп-қарау – құрылатын және/немесе жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның қатысуының, сондай-ақ олардың тиісті тауар нарығында қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыруының ықтимал ықпалын айқындауды көздейтін шаралар кешені;

      3) монополияға қарсы орган – тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

      4) мемлекеттік кәсіпорын және заңды тұлға – акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар.

      Осы Әдістемеде қолданылатын өзге ұғымдар Кодексте және өзге нормативтік құқықтық актілерде айқындалған.

      3. Мемлекеттік кәсіпорындардың және заңды тұлғалардың қосымша қызмет түрлері құрылатын және (немесе) жүзеге асырылатын тауар нарығына зерттеп-қарау жүргізу кезінде бастапқы ақпарат ретінде мыналар пайдаланылады:

      1) нарық субъектілерінің қызметін сипаттайтын мемлекеттік статистикалық есептіліктің деректері;

      2) салалық министрліктер мен ведомстволардан, олардың аумақтық органдарынан алынған мәліметтер;

      3) жергілікті атқарушы және өкілді органдардан алынған мәліметтер;

      4) жеке және заңды тұлғалардан алынған мәліметтер;

      5) монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің өзінің зерттеулерінің деректері;

      6) қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері;

      7) маркетингтік, әлеуметтік зерттеулердің, іріктеп сауал жүргізудің және нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға жүргізілген сауалнамалардың деректері.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар құрылатын

тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу кезеңдері

      4. Тауар нарықтарына зерттеп-қарауды мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы қағидатының сақталуына монополияға қарсы орган жүргізеді.

      Мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар құрылатын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) мемлекеттік кәсіпорынды және заңды тұлғаны құру туралы шешім қабылдаған органдарға немесе ұйымдарға, монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және олармен үлестес заңды тұлғаларды құруға келісім беру туралы өтінішхатты осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсыну;

      2) құрылатын мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның қызмет түрлерінің Қазақстан Республикасы заннамасының талаптарына сәйкестігін айқындау;

      3) құрылатын мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның санатын (шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі) айқындау;

      4) мемлекеттік кәсіпорын және заңды тұлға құрылатын тауар нарығын және оның географиялық шекараларын айқындау;

      5) мемлекеттік кәсіпорынды және заңды тұлғаны құру жоспарланып отырған тауар нарығына мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы қағидатының сақталуына зерттеп-қарау жүргізу;

      6) мемлекеттік кәсіпорын және заңды тұлға қатысқан кезде тауар нарығы дамуының ықтимал сценарийлеріне тауар нарығына зерттеп-қарау жүргізу;

      7) тиісті тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуы деңгейі туралы, оның ішінде тиісті тауар нарығына мемлекеттік кәсіпорынның, заңды тұлғаның қатысу мерзімі туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) дайындау.

3-тарау. Мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу кезеңдері

      5. Монополияға қарсы орган өтініш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейткен және (немесе) өзгерткен кезде мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беру туралы өтінішхатты осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша монополияға қарсы органның бұрын берілген келісімдерін қоса бере отырып;

      2) мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның қосымша қызмет түрлерінің Қазақстан Республикасы заннамасының талаптарына сәйкестігін айқындау;

      3) мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарығын және оның географиялық шекараларын айқындау;

      4) жүзеге асырылатын қызмет түрлерінің қайталануына жол бермеу мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілері және мемлекеттік заңды тұлғалар бөлінісінде тауар нарығында қызмет ететін нарық субъектілерінің санын айқындау;

      5) мемлекеттік кәсіпорын және заңды тұлға қатысқан кезде тауар нарығы дамуының ықтимал сценарийлеріне тауар нарығына зерттеп-қарау жүргізу;

      6) Қорытынды дайындау.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. Егер ұсынылған өтінішхат осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеген жағдайда, монополияға қарсы орган не оның аумақтық бөлімшесі өтінішхатты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны жіберген тұлғаға оны сәйкестендіру үшін өтінішхат қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді.

      Өтінішхат нұсқауларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде талаптарға сәйкес келтіріледі.

      Өтінішхат белгіленген мерзімде осы Әдістемеге 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілмеген жағдайда, монополияға қарсы орган не оның аумақтық бөлімшесі өтінішхатты оны жіберген тұлғаға қайтарады.

      Өтінішхатты қарау кезінде монополияға қарсы органның құзыретіне қолданыстағы қызмет түрлерін алып тастау мәніне қарау кіреді.

      Монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері, егер жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгерту бәсекелестікті шектеуге әкеп соқтырса, өтінішхатты келісуден бас тартады.

      Ескерту. Әдістеме 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Мемлекеттік кәсіпорындар және заңды тұлғалар құрылатын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу және (немесе) қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру

      6. Мемлекеттік кәсіпорынды және заңды тұлғаны құру және (немесе) қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыру жоспарланатын тауар нарығына зерттеп-қарау жүргізу тауар нарықтарын және (немесе) тауар нарықтарын сегменттерін, оның ішінде тиісті тауар нарықтарында бәсекелестіктің дамуы деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

      7. Мемлекеттік кәсіпорынды және заңды тұлғаны құру жоспарланып отырған тауар нарығын айқындағаннан кейін, монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері тауар нарығының сипаттамаларын айқындайды, ол мыналарды қамтиды:

      1) нарықтың құрылымдық ерекшеліктері;

      2) нарыққа кіру кезінде бәсекелестікті шектейтін кедергілер;

      3) тауар нарығына кіру әлеуетін айқындайтын сұраныс нарығының сипаттамасы.

      8. Тауар нарығының сипаттамасын айқындау монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік кәсіпорын және заңды тұлға осы тауар нарығында сұранысты қанағаттандыра алатын жалғыз мемлекеттік кәсіпорын және заңды тұлға болып табылатынын немесе осы нарыққа аралас тауарлық немесе географиялық нарықтарда жұмыс істейтіндерді қоса алғанда, керісінше жеке кәсіпкерліктің әлеуетті субъектілерінің осы нарығына.

      9. Нарықтың құрылымдық ерекшеліктерін талдау кезінде мына аспектілер есепке алынады:

      1) тиісті тауар нарығында бәсекелес ортаның жай-күйін айқындайтын нарықтық шоғырлану;

      2) кірістер немесе көлемдер көмегімен салалардың сипаттамаларына қарай өлшенетін тиісті тауар нарығындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі.

      10. Тауар нарығында қызметті бастауға нарық субъектілеріне кедергі келтіретін немесе қиындық тудыратын және шектейтін мән-жайлар немесе іс-әрекеттерді айқындау рәсімі мыналарды қамтиды:

      1) қаралып отырған тауар нарығына кіру тосқауылдарының барлығын (немесе жоқтығын) анықтау;

      2) қаралып отырған тауар нарығына кірудің анықталған тосқауылдарын еңсеруді айқындау.

      Бұл ретте, нарыққа кіру тосқауылдарына мыналар жатады:

      1) экономикалық шектеу, оның ішінде:

      осы салымдардың өзін-өзі ақтау мерзімдері ұзақ болғанда едәуір бастапқы күрделі салымдарды жүзеге асыру қажеттілігі;

      қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін нарық субъектілерімен салыстырғанда, әлеуетті қатысушылар үшін қаржыландыруды тартудың барынша жоғары шығындары;

      қажетті ресурстарға және зияткерлік меншік құқықтарына, ақпарат алуға қолжетімділікті алу шығындары;

      көліктік шектеулер;

      ұсынысы шектелген және қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін нарық субъектілерінің арасында бөлінген ресурстарға әлеуетті қатысушылардың қолжетімділігінің болмауы.

      2) мемлекеттік органдар енгізген әкімшілік шектеулер, оның ішінде:

      қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау шарты;

      тауарларды әкелуді-әкетуді шектеу;

      белгілі бір сұранысты міндетті қанағаттандыру, ұтқыр қуатты қолдау, жұмыс орындарын және әлеуметтік құрылымдарды сақтау талабы;

      жекелеген нарық субъектілеріне жеңілдіктер беру;

      стандарттар және сапаға қойылатын талаптар.

      11. Монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің алдын ала келісімі талап етілетін жаңа мемлекеттік кәсіпорынды және заңды тұлғаны құрған және (немесе) қосымша қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда онда мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның қатысқан кезінде тауар нарығы дамуының мынадай сценарийлерін қарау қажет:

      1) тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болмауы;

      2) тауар нарығында бір немесе одан астам жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болуы.

      12. Тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілері болмаған кезде, монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері бар кедергілердің талдауына сәйкес тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болмау себептерін айқындайды.

      Тауар нарықтарына кіру кедергілерінің жоғары деңгейін анықтау немесе тауар нарығында оны жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымсыз ететін сұраныс мөлшерінің төмендеуі жағдайында, мемлекеттік кәсіпорынның немесе заңды тұлғаның қызметіне рұқсат беріледі.

      Егер монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болмауының объективті себептерін анықтамаса, мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның қызметіне тиісті тауар нарығында олардың болу мерзімімен рұқсат берілетін болады.

      13. Тиісті тауар нарығында бір немесе одан көп жеке кәсіпкерлік субъектілері болатын сценарийді қараған жағдайда, монополияға қарсы орган және оның құрылымдық бөлімшелері мемлекеттік кәсіпорынды және заңды тұлғаны құру жоспарланатын тиісті тауар нарығында сұранысты толық қанағаттандыратын тауарларды жеткізетін жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болуын айқындайды, мұндай жағдайда мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның қызметіне рұқсат берілмейді.

      Егер тауар нарықтарына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарды жеткізуі жүзеге асырылмаса, мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның қызметіне рұқсат беру үшін осы тауар нарығында жеке ұсыныстың болмауының объективті себептері айқындалуы тиіс.

      Егер осы тауар нарықтарында осындай тауар нарықтарын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымсыз ететін, олардың табиғи сипаттамаларының салдарынан немесе сұраныстың қысқаруы салдарынан кіруге жоғары экономикалық тосқауылдар айқындалса, мемлекеттік кәсіпорынның және заңды тұлғаның қызметіне рұқсат беріледі.

      Қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асырған кезде, осы Әдістеменің 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген тауар нарығын дамыту сценарийін қарау қажет.

      14. Монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік кәсіпорынды және заңды тұлғаны құрудан мына жағдайда бас тартады:

      тиісті тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің болуы;

      егер мұндай құру бәсекелестікті шектеуге алып келсе.

      Кодексте белгіленген критерийлерге сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құруға, сондай-ақ мемлекеттің оларға қатысуына жол берілмейді.

5-тарау. Қорытынды ереже

      15. Тауар нарықтарына жүргізілген зерттеп-қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган мынадай кезектілік бойынша, монополияға қарсы органның зерттеп-қарау жүргізуге жауапты тиісті құрылымдық немесе аумақтық бөлімшесінің басшысы қол қойған жауапты адам қалыптастыратын қорытынды дайындайды:

      1) жалпы ережелер;

      2) тауар нарығының шекаралары;

      3) ықтимал сценарийлерді айқындау үшін тауар нарығына зерттеп-қарау жүргізу нәтижелері.

  Мемлекеттік кәсіпорындар және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар құрылатын және
(немесе) олар қосымша қызмет
түрлерін жүзеге асыратын тауар
нарықтарына зерттеп-қарау
жүргізу жөніндегі әдістемеге
1-қосымша
  Нысан
  Монополияға қарсы органның
немесе оның аумақтық
бөлімшесінің бірінші
басшысына
_______________________
_______________________
(өтініш берушінің толық атауы)

Мемлекеттік кәсіпорын және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар құруға келісім беру туралы өтінішхат

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 6-тармағына

      сәйкес қызмет түрі (түрлері) _________________________(қызмет түрінің (түрлерінің)

      атауы және ЭҚЖЖ) болып табылатын ___________________________(заңды тұлғаның

      толық атауы) құруға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы өтінішхатқа осы нысанға қосымшаға сәйкес материалдар қоса беріледі.

      Ұсынылған материалдар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса

      беріледі).

      Қоса беріліп отырған материалдар мен мәліметтердің толықтығы мен

      дұрыстығын растаймын.

      Мемлекеттік органның

      немесе ұйымның бірінші

      басшысының қолы

  Мемлекеттік кәсіпорын,
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды тұлға
және олармен үлестес заңды
тұлғалар құру туралы
өтінішхат нысанына
қосымша

Мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар (бұдан әрі – нарық субьектісі) құруға келісім алу үшін монополияға қарсы органға ұсынылатын материалдар мен мәліметтер тізбесі

1

Байланыстырушы адам

Оның өкілеттерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі

2

Нарық субъектісін құру мақсаты

Нарық субъектісін құрудың негіздемелері тізіп көрсетіледі. Жоспарланатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жеке сектор немесе жұмыс істеп тұрған квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыра алмайтын себептері көрсетіледі

3

Құрылатын нарық субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны

Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі

4

Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрлері

Құрылатын нарық субъектісі қызметінің барлық түрлері (статистикалық кодтарды көрсете отырып) тізіп көрсетіледі

5

Құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталының шамасы

Оны қалыптастыру көзін көрсете отырып, жарғылық капиталдың сомасы көрсетіледі

6

Құрылатын нарық субъектісінің санаты (шағын, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі)

Құрылатын нарық субъектісі жұмыскерлерінің орташа жылдық саны және орташа жылдық кірісі көрсетіледі (құрылатын нарық субъектісінің санатын айқындау мақсатында)

7

Құрылатын нарық субъектісінің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер

1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
2) құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) саны және олардың номиналдық құны;
3) құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) жалпы санынан пайыздардағы үлесі;
4) құрылатын нарық субъектісіне қатысты құқықтар мен өкілеттіктер.

8

Құрылатын нарық субъектісімен бір адамдар тобына кіретін адамдар туралы мәліметтер

Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларының (қатысушыларның) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын адамдар туралы мәліметтер Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларының (қатысушыларының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын адамдардың қатысуы туралы мәліметтер Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшыларынан (қатысушыларынан) әрқайсысының тікелей және жанама қатысуы туралы мәліметтер

9

Құрылатын нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыру жоспарланып отырған тауар нарығының шекаралары

Өткізуге жоспарланып отырған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрқайсысының тұтынушылық қасиеті, олардың басқа тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) өзара алмастырылуы жөнінде мәліметтер Құрылатын нарық субъектісінің өнімдері өткізілетін аумақтардың әкімшілік шекаралары (аудан, қала, облыс)

10

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарларда (жұмыста, көрсетілетін қызметтерде) қажеттіліктің жалпы көлемдері туралы мәліметтер

Мәліметтер құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызметтің әрбір түрі бойынша (заттай көрсеткіштерде) ұсынылады

11

Құрылған сәттен бастап үш жылдық кезеңге құрылатын нарық субъектісінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізудің жоспарланып отырған көлемдері

Мәліметтер құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызметтің әрбір түрі бойынша (құндық және заттай көрсеткіштерде) ұсынылады

12

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) әлеуетті тұтынушыларының тізбесі

Барлық әлеуетті тұтынушылар тізіп көрсетіледі. Құрылатын нарық субъектісі қызметінің әрбір түрінің жалпы көлемінде үлесі 25 %-дан асатын көрсетілетін қызметті тұтынушылар туралы мәліметтер жеке ұсынылады

13

Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнаманың шеңберінде МЖӘ тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісі құру мүмкіндігін қарау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін құру туралы мүддесін білдіруін сұрату: нарық субъектісін құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдардың немесе заңды тұлғалардың; мемлекеттік кәсіпкерлікті құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың; Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген (республикалық жобалар бойынша) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалардың ресми интернет-ресурсында орналастырылады (жергілікті жобалар бойынша); Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы, оның аумақтық бөлімшелері (филиалдары/ өкілдіктері), сондай-ақ өтінішхат беру сәтіне дейін кемінде күнтізбелік 30 күнтізбелік күн жария талқылау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бастамашылық етілген жобаларының ерекшеліктеріне байланысты өзге интернет-ресурстарда және мерзімді баспасөз басылымдарында ақпаратты орналастыру. Жария талқылаулар өткізу қорытындылары көрсетіледі: Нарық субъектісін, Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын не жергілікті атқарушы органдар айқындаған сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын, оның аумақтық бөлімшелерін (филиалдар/ өкілдіктер) құру туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның немесе заңды тұлғаның ресми сайтынан жария тыңдаулар Хаттамасы ұсынылады

14

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, оның аумақтық бөлімшелерінен, МЖӘ дамыту орталықтарынан не МЖӘ жобаларына сараптама жүргізуге уәкілетті жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалардан алынған мәліметтер

МЖӘ дамыту орталығының (республикалық жобалар бойынша) не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, сараптама жүргізуге уәкілетті (жергілікті жобалар бойынша) заңды тұлғалардың; "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, оның аумақтық бөлімшелерінің (филиалдарының/өкілдіктерінің) мемлекеттік кәсіпорынды құрудың орындылығы туралы ұстанымы ұсынылады.

15

Өз қызметін ұқсас не өзара алмастыратын тауар нарығында жүзеге асыратын нарық субъектілері туралы мәліметтер

Осы географиялық шекараларда ұқсас не өзара алмастыратын қызмет түрлерін жүзеге асыратын бар бәсекелестер туралы ақпарат ұсынылады

16

Құрылатын нарық субъектісін қаржыландыру көздері, оның ішінде мемлекет тапсырысын орындау арқылы.

Қаржыландыру көзін көрсете отырып (цифрлық және пайыздық арақатынаста) құрылатын нарық субъектісінің құрылған сәтінен бастап үш жылдық кезеңге арналған болжамды кірістері, сондай-ақ болжанатын рентабельділігі көрсетіледі

17

Құрылатын нарық субъектісі қызметінің кезеңі

Өтемділігін ескере отырып және акциялардың кемінде 50%, (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеліктен шығарудың ықтимал мерзімін көрсетумен құрылатын нарық субъектісі қызметінің болжанатын мерзімі көрсетіледі

18

Құрылатын нарық субъектісі өткізуін жүзеге асыруды жоспарлап отырған өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы көлемі

Құрылатын нарық субъектісі өз өнімдерін (тауарды, жұмыстарын, қызметтерін) өткізуді жоспарлап отырған нарықтың географиялық шекаралары шегінде тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу айналымының, олардың экспорты мен импортының көлемі жөнінде мәліметтер ұсынылады Өткізу көлемдері күнтізбелік жылға және ұсынылған жылдың басынан бастап соңғы есепті кезеңге статистикалық және кедендік кодтары көрсетіле отырып, заттай және құндық көрсеткіштерде көрсетіледі

19

Құрылатын нарық субъектісі өткізуін жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарлар экспорты мен импортының жалпы көлемі

20

Өтінішхатты қарауға қажетті қосымша материалдар

Құрылатын нарық субъектісінің Жарғы жобасының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде) Егер нарық субьектісі қайта құру арқылы құрылатын болса, нарық субъектісінің қолданыстағы Жарғысының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

      Ескертпе. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, бағалау және болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау және болжам жасау әдістері көрсетіледі.

  Мемлекеттік кәсіпорындар және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар құрылатын және
(немесе) олар қосымша қызмет
түрлерін жүзеге асыратын тауар
нарықтарына зерттеп-қарау
жүргізу жөніндегі әдістемеге
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Монополияға қарсы органның
немесе оның аумақтық
бөлімшесінің бірінші
басшысына
_______________________
_______________________
(өтініш берушінің толық атауы)

Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беру туралы өтінішхат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 19.07.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының Қазақстан

      Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының 4-тармағына сәйкес

      ________________________(заңды тұлғаның толық атауы) жүзеге асыратын қызмет

      түрлерін мынадай редакцияда: ________________________(қызмет түрінің (түрлерінің)

      атауы және ЭҚЖЖ) кеңейтуге және (немесе) өзгертуге келісім беруді өтінемін.

      Осы өтінішхатқа осы нысанға қосымшаға сәйкес материалдар қоса беріледі.

      Қоса беріліп отырған материалдар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.

      Мемлекеттік органның

      немесе ұйымның бірінші

      басшысының қолы

  Мемлекеттік кәсіпорындар және
акцияларының (жарғылық
капиталға қатысу үлестерінің)
елу пайыздан астамы
мемлекетке тиесілі заңды
тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар жүзеге асыратын
қызмет түрлерін кеңейту және
(немесе) өзгерту туралы
өтінішхат нысанына
қосымша

Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар (бұдан әрі – нарық субьектісі) жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейтуді және (немесе) өзгертуді келісу кезінде монополияға қарсы органға ұсынылатын материалдар мен мәліметтер тізбесі

1

Байланыстырушы адам

Оның өкілеттерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, аты, әкесінің аты, тегі, (ол болған жағдайда), лауазымы, мекенжайы, телефоны көрсетіледі

2.

Нарық субъектісінің жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгертудің мақсаты

Жоспарланатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жеке секторларға өткізілмеу себептері көрсетіледі. Нарық субъектісінің жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және (немесе) өзгертудің негіздемелері тізбеленеді

3

Жарғыға сәйкес нарық субъектісінің қызмет түрлері

Нарық субъектісінің барлық түрлері (ЭҚЖЖ статистикалық кодтарын көрсетумен) тізбеленеді

4

Жарғыға сәйкес нарық субъектісінің жоспарланатын қызмет түрлері

Нарық субъектісінің жоспарланатын барлық түрлері (ЭҚЖЖ статистикалық кодтарын көрсетумен) тізбеленеді

5

Нарық субъектісінің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер

Мыналарды: құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы акциялардың (қатысу үлестерінің, пайлардың) санын және олардың номиналдық құнын; құрылатын нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санынан проценттік үлесін; құрылатын нарық субъектісіне қатысты құқықтары мен өкілеттігін көрсете отырып, құрылтайшының (қатысушының) әрқайсысы бойынша жалпы ақпарат тізбеленеді

6

Құрылатын нарық субъектісімен бір тұлғалар тобына кіретін тұлғалар туралы мәліметтер

Атауын, қызмет түрлерін көрсете отырып, құрылатын нарық субъектісі құрылтайшысының (қатысушысының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын тұлғалар туралы мәліметтер Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшысының (қатысушысының) әрқайсысын тікелей және жанама бақылайтын тұлғалардың қатысуы туралы мәліметтер Атауын, мекенжайын және қызмет түрлерін көрсете отырып, өзге де заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларда құрылатын нарық субъектісі құрылтайшысының (қатысушысының) әрқайсысының тікелей және жанама қатысуы туралы мәліметтер

7.

Құрылатын нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыру жоспарланып отырған тауар нарығының шекаралары

Өткізу жоспарланып отырған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) әрқайсысының тұтынушылық қасиеті, олардың басқа тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) өзара алмастырылуы жөнінде мәліметтер Құрылатын нарық субъектісінің өнімдері өткізілетін аумақтардың әкімшілік шекаралары (аудан, қала, облыс)

8

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарларға қажеттіліктің жалпы көлемі туралы мәліметтер

Құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызмет түрлерінің әрқайсысы бойынша (заттай көрсеткіштерде) мәлімет ұсынылады

9

Құрылатын нарық субъектісінің құрылған сәттен бастап үш жылдық кезеңге тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізудің жоспарланып отырған көлемі

Құрылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын қызмет түрлерінің әрқайсысы бойынша (заттай және құндық көрсеткіштерде) мәлімет ұсынылады

10

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауардың (жұмыстың, қызметтің) әлеуетті тұтынушыларының тізілімі

Барлық әлеуетті тұтынушылар тізіп көрсетіледі. Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрлерінің әрқайсысының жалпы көлемінде үлесі 25 %-дан асатын қызметті тұтынушылар туралы мәліметтер жеке ұсынылады

11

Өз қызметін ұқсас не өзара алмастырылатын тауар нарығында жүзеге асыратын нарық субъектілері туралы мәліметтер

Осы географиялық шекаралар шегінде қызметтің ұқсас не өзара алмастырылатын түрлерін жүзеге асыратын қазіргі бәсекелестер туралы ақпарат ұсынылады

12

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлемі

Құрылатын нарық субъектісі өз өнімдерін (тауарды, жұмыстарын, қызметтерін) өткізуді жоспарлап отырған нарықтың географиялық шекаралары шегінде тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу айналымының, олардың экспорты мен импортының көлемі жөнінде мәліметтер ұсынылады Өткізу көлемі күнтізбелік жылға және өтінішхатты берген жылдың басынан бастап соңғы есепті кезеңге статистикалық және кедендік кодтары көрсетіле отырып, заттай және құндық көрсеткіштерде көрсетіледі

13.

Құрылатын нарық субъектісі өткізуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған тауарлар экспорты мен импортының жалпы көлемі

14

Өтінішхатты қарауға қажет қосымша материалдар

Егер нарық субьектісі қайта құру арқылы құрылатын болса, нарық субъектісінің қолданыстағы Жарғысының көшірмесі (мемлекеттік және орыс тілдерінде)

      Ескертпе. Әрбір сұраққа толық жауап беріледі. Толық ақпарат беруге мүмкіндік болмаған жағдайда, бағалау және болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау және болжам жасау әдістері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады