БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 641 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12574 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміндегі:
А2 буыны келесі редакцияда жазылсын:
А2 | 1 | ММ және РМҚК бас бухгалтері, Сот сараптамалары орталығы (бұдан әрі - ССО) филиал басшысы, Қазақстан Республикасы Заңнама институтының Құқықтық мониторингі орталығы және Лингвистика орталығы басшылары (бұдан әрі – ҚР ЗИ), ғылыми хатшы |
1-1 | ССО басқарма басшысы, ММ мен РМҚК бас бухгалтерінің орынбасары, ССО филиал басшысының орынбасары | |
2 | ССО басқарма басшысының орынбасары, ҚР ЗИ, ССО бейінді бөлім басшысы, ССО филиалының бас бухгалтері | |
2-1 | ССО зертхана басшысы |
В2 буыны келесі редакцияда жазылсын:
В2 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санаттағы маман: дәрігер-сот-медицина сарапшысы, дәрігер-сот-наркологиялық сарапшысы, дәрігер-сот-психиатриалық сарапшысы |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман: дәрігер-сот-медицина сарапшысы, дәрігер-сот-наркологиялық сарапшысы, дәрігер-сот-психиатриялық сарапшысы | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман: дәрігер-сот-медицина сарапшысы, дәрігер-сот-наркологиялық сарапшысы, дәрігер-сот-психиатриялық сарапшысы | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: дәрігер-сот-медицина сарапшысы, дәрігер-сот-наркологиялық сарапшысы, дәрігер-сот-психиатриялық сарапшысы |
В3 буыны келесі редакцияда жазылсын:
В3 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санаттағы маман: медициналық бике (аға), зертханашы, фармацевт, психолог |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман: медициналық бике (аға), зертханашы, фармацевт, психолог | |
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман: медициналық бике (аға), зертханашы, фармацевт, психолог | |
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: медициналық бике (аға), зертханашы, фармацевт, психолог |
С3 буыны келесі редакцияда жазылсын:
С3 | 3 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: менеджер, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, экономист, заң кеңесшісі, кадр бойынша инспектор, аудармашы, бағдарламашы, іс жүргізу бойынша инспектор, кітапханашы, мұрағатшы, статистик, зертханашы; |
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық нұсқада “Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы” шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
____________ Т. Дүйсенова
31 наурыз 2017 жыл