Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 344 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 154 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 15032 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 1516 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 46 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 31.10.2018 № 1516 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_____________ М. Бекетаев

Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитетінің төрағасы

      __________________ Б. Мусин

      2017 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2017 жылғы
31 наурыздағы № 344 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 13 сәуірдегі
№ 154 бірлескен бұйрығына
қосымша
  Нысан

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы

      __________________________________________________________ саласында

      (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 143-баптарына сәйкес)

      _____________________________________________________________________ қатысты

      (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      _____________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт ________________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _______________________________________

      _____________________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН) БСН__________________________________

      Орналасқан мекенжайы

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Қажет

Қажет емес

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Құқық иеленушілермен және/немесе мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен туындыларды және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне шарттардың болуы





2

Пайдаланылған туындылар немесе сабақтас құқықтар объектiлерi, авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде түскен табыстар туралы мәлiметтердің болуы





3

Сатып алу-сату шартының, авторларға және өзге де құқық иеленушілерге сыйақы төлемдерiн растайтын түбіртектердің болуы





      Лауазымды тұлға (-лар) _________________ __________________________

      (лауазымы)                  (қолы) 

      ______________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      _______________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) лауазымы)

      ______________

      (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады