"Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 15035 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10716 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекiтілген Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың орталық және жергілікті атқарушы органдары жыл сайын тиісті жылғы қараша айының екінші онкүндігі аяқталғаннан кейін уәкілетті органның ведомствосына ағымдағы жылғы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі – есеп) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      6. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы қараша айының бірінші онкүндігі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне есептерді береді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың, қалалардың, қаладағы аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар жыл сайын тиісті жылғы қараша айының бірінші онкүндігі аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) есептерді береді.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру кезінде мынадай құжаттаманың:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жерлер (радиацияға қарсы жасырын паналар) паспорты;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналы;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналы;

      азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылысының жоспары;

      объектіні әзірлікке келтіру жоспары;

      жабдықтар, құрал-саймандар мен мүлік тізбесі;

      басқару органдары телефондарының тізімі;

      қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамының тізімі;

      тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану схемасы (желдету, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылысын электрмен жабдықтау);

      дизельді электр станциясына, сүзу-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық (болған жағдайда) болуы қажет.".

      1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін бір данада жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 18 наурыздағы
№ 209 бұйрығына
1-қосымша
  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп


р/с
Азаматтық қорғаныс іс-шаралары Орындалуы туралы ақпарат

1

Субъектінің (объектінің) сипаттамасы, оның ішінде:
- Т.А.Ә., басшының лауазымы;
- мекенжайы;
- пошта индексі;
- БСН (ЖСН);
- қызмет саласы;
- кәсіпкерлік санаты (кәсіпкерлік субъектілері үшін);
- тіркеу күні (шағын кәсіпкерлік, микро кәсіпкерлік үшін)


2

"Азаматтық қорғаныс жоспарлары мен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларының құрылымдарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы


3

Бұйрыққа сәйкес азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы


4

Басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің болуы және олардың жай-күйі


5

Азаматтық қорғау күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және оларды әзірлікте ұстау


6

Азаматтық қорғау қызметінің басшы құрамын тағайындау туралы бұйрық (бұйрықтан үзінді көшірме)


7

Азаматтық қорғаныс жөніндегі жауапты адамдарды, оның ішінде азаматтық қорғау құралымдары командирлерін тағайындау туралы бұйрық (бұйрықтан үзінді көшірме)


8

Азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан (қайта даярлаудан) өту


9

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының қорын құру және жинау, оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау


10

Азаматтық қорғаныс және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету іс-шараларын орындау үшін жеке қорғау құралдарын, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де ресурстар қорын құру, жинау және уақтылы жаңарту


11

Эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау


12

Салалар мен ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау


13

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және оларды жүргізуге бөлінген және игерілген қаржы қаражатының саны


14

Проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары



      Басшы _________________

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 18 наурыздағы
№ 209 бұйрығына
2-қосымша
  Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

№ ____ паналайтын жер (радиацияға қарсы жасырын пана) паспорты

      Жалпы мәліметтер

      1. Мекенжайы ________________________________________________________

      (қала, аудан, көше, үй нөмірі)

      2. Кімге тиесілі _______________________________________________________

      (паналайтын жер, радиацияға қарсы жасырын пана кімге тиесілі)

      3. Жобалау ұйымының атауы және жобаны кім бекіткен ____________________

      4. Паналайтын жерді (радиацияға қарсы жасырын пананы) салған

      құрылыс-монтаждау ұйымының атауы ___________________________________

      5. Бейбіт уақытта паналайтын жердің (радиацияға қарсы жасырын

      пананың) мақсаты _____________________________________________________

      6. Бейбіт уақытта паналайтын жерді (радиацияға қарсы жасырын пананы)

      пайдаланатын ұйым ____________________________________________________

      7. Пайдалануға қабылдау күні ___________________________________________

      (жылы, айы, күні)

      8. Әзірлікке келтіру уақыты _____________________________________________

      Техникалық сипаттама

      1. Сыйымдылығы (адам) _________________________________________________

      2. Жалпы ауданы (м2) ___________________________________________________

      3. Жалпы көлемі (м3) ___________________________________________________

      4. Паналайтын жердің (радиацияға қарсы паналау орны) орналасуы:

      ғимаратқа қосып салынған ____________________________________ қабаттар;

      жеке тұрған _________________________________________________________;

      тау-кен қазбаларда ____________________________________________________

      5. Кіру жолдарының саны ______________________________________________

      6. Авариялық шығу жолдарының саны ___________________________________

      7. Есіктер мен терезе қақпақтарының саны (маркасы немесе шифрін көрсетіп):

      қорғаныш-герметикалық _______________________________________________;

      герметикалық _________________________________________________________

      8. Паналайтын жердің (жасырын пананың) қорғау сыныбы ___________________

      9. Желдету жүйелерінің техникалық сипаттамасы:

Желдету жүйесі

Желдеткіштер

Генерациялау сүзгілері мен құралдары

Герметикалық клапандар

Жарылысқа қарсы құрылғылар


Түрі

Саны

Өнімділігі

Түрі

Саны

Түрі

Саны

Түрі

Саны
































Сорғылар

Калориферлер немесе ауа салқындатқыштар

Тоңазытқыш машиналар

Түрі

Саны

Өнімділігі

Түрі

Саны

Өнімділігі

Түрі

Саны

Өнімділігі











      10. Өлшеу аспаптарының болуы және тізбесі _____________________________

      11. Герметикалық дәрежесі (тіреу шамасы) _______________________________

      12. Жылыту жүйесі ___________________________________________________

      13. Энергиямен жабдықтау жүйесі ______________________________________

      14. Сумен жабдықтау жүйесі ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (су құбырының түрі, ұңғыма, авариялық резервуарлар сыйымдылығы)

      15. Кәріз түрлері және санитариялық құрал-саймандар саны _________________

      16. Паспортты толтыру күні ____________________________________________

      Қорғаныш құрылысын пайдаланатын ұйымның жауапты өкілі

      ____________________________________________________________________

      Қолы

      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің өкілі

      ____________________________________________________________________

      Қолы

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 18 наурыздағы
№ 209 бұйрығына
3-қосымша
Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын
тексерудің № ____ журналы
_______________________________________________________________
(Объект тиесілі ұйымның атау)
________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан

Тексеру күні

Тексеру жүргізген адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні

Тексерілген конструкциялар, механизмдер және жабдықтар

Тексеру нәтижелері және кемшіліктер

Кемшіліктерді жою мерзімі

Кемшіліктерді жою күн

1

2

3

4

5

6

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 18 наурыздағы
№ 209 бұйрығына
4-қосымша
Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
4-қосымша
  нысан

№ ____ паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың
және ауа құрамындағы газдың көрсеткіштерін тіркеу
журналы
____________________________________________________________________
(Кәсіпорынның, ұйымның, цехтың атауы және т.б.)

Күні мен уақыты

Өлшеу орны

Ауа температурасы Со

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,%

СО2 құрамы, %

О2 құрамы, %

СО құрамы, мг/м3

Өлшеуді жүргізген адамның тегі және қолы


















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады