"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 8/156 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 15071 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі Сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9572 тіркелген, "Әділет" Ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 шілдеде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулыға 15-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәй редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Б. Имашев
      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2017 жылғы 18 сәуірдегі
№ 8/156 қаулысына
Қосымша
  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2014 жылғы 6 маусымдағы
№ 10/233 қаулысына
15-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты тіркеу үшін құжаттарды қабылдау туралы АНЫҚТАМА СПРАВКА о приеме документов для регистрации кандидата в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан

      Осы анықтама ____________________________________________ берілді, себебі одан

      (құжаттарды ұсынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат

      __________________________________________ тіркеу үшін мынадай құжаттар қабылданды:

      (депутаттыққа кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Настоящая справка выдана ____________________________ о том, что приняты от него

      (лицо, представившее документы, ФИО, (при его наличии))

      следующие документы для регистрации кандидатом в депутаты Сената Парламента

      Республики Казахстан _______________________________;

      (ФИО (при его наличии) кандидата в депутаты)

      1) кандидаттың өмірбаяндық деректері

      биографические данные кандидата на                  __________________________ п./л.

      (парақтар саны / кол-во листов)

      2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларацияларды

      тапсырғаны жөніндегі мемлекеттік кіріс органының анықтамасы

      справки органа государственных доходов о сдаче кандидатом и его (ее) супругой (супругом)

      деклараций о доходах и имуществе на ____ п./л.

      3) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгендігін растайтын құжаты

      документ, подтверждающий внесение кандидатом избирательного взноса _____________ п./л.

Мәслихат (тар) ұсынған жағдайда/В случае выдвижения маслихатом (ми)

      4) ______________________________________________ мәслихаттың (тардың) депутаттыққа

      (облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихат(тар) атауы)

      кандидат етіп ұсыну туралы шешім(дер)і

      решение (я)

      ___________________________________________________________________ маслихата (ов)

      (наименование областного, городского или районного маслихата (ов) )

      о выдвижении кандидатом в депутаты на _____________ п./л.

      5) депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші

      заявление о согласии баллотироваться кандидатом в депутаты на _____________ п./л.

Өзін-өзі ұсынған жағдайда В случае самовыдвижения

      6) азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге ниеті туралы өтініші

      заявление гражданина о намерении баллотироваться кандидатом в депутаты на _____________ п./л.

      Құжаттарды қабылдаған: __________________________________________ ___________ _________________________

      Документы принял: (сайлау комиссиясындағы тұлға лауазымы) (қолы) (атының инициалы, тегі)

      (должность лица в избирательной комиссии) (подпись) (инициал имени, фамилия)

      ________________________________________________

      (құжаттардың қабылданған күні/дата приема документов)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады