"Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 22 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 913 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жылжымалы мүлік кепіліне тіркеу жүргізу рәсімін нақтылайды. Нұсқаулық заңнамаға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жекелеген түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолдануына жатады.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де іс-әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерінің жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тіркеуші органдардың және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де іс-әрекеттерін бiлдiретiн Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – Мемлекеттiк корпорация өтiнiш берушiге беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
4) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – тiркеушi органдар және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
5) Мемлекеттiк корпорация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету, "бiр терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуге өтiнiштер қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi алушыға олардың нәтижелерiн беру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру үшiн, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға;
6) өтiнiш берушi – Мемлекеттiк корпорацияға кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi болып табылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетiлген құжаттармен қоса берiлген өтiнiш немесе жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы берілген электрондық нысандағы өтiнiш жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеуге негiз болады.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық тiркеу";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жеке немесе заңды тұлғалар екiншi деңгейдегi банкпен кепiл туралы шарт немесе кепiл туралы мәлiметтер қамтылған өзге де шарт жасасқан жағдайда, екiншi деңгейдегi банк кепіл ұстаушы ретінде жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келiсiмiмен Мемлекеттiк корпорацияның ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге арналған, кепiл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтiнiштi жiбередi.
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiштің мазмұны осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылады.
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге арналған өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шарт немесе кепiл талаптарын қамтитын өзге де шарт қоса берілмейді, бұл ретте жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың деректемелерi туралы мәлiметтер қоса беріледi.
Мемлекеттiк корпорация өтiнiштi алғаннан кейін бiр жұмыс күнi iшiнде кепiл ұстаушының ақпараттық жүйесiне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне Мемлекеттiк корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Нұсқаулықтың 8, 9-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат түрiнде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi не осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден дәлелдi бас тарту туралы хабарламаны жiбередi.
Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
16. Кепіл беруші осы Нұсқаулықтың 15-тармағында белгіленген тәртіппен жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуден өткізуден бас тартқан жағдайда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл берушінің және кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберуге құқығы бар.
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге арналған өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шарт немесе кепiл талаптарын қамтитын өзге де шарт қоса берiлмейдi.
Мемлекеттiк корпорация өтiнiштi алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде кепiл ұстаушының ақпараттық жүйесiне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіміне Мемлекеттiк корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осы Нұсқаулықтың 8, 9-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша электрондық құжат түрiнде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi не осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден дәлелдi бас тарту туралы хабарламаны жiбередi.
Жүргiзiлген электрондық тiркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттiк корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейдi.";
18, 19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бас тартылған жағдайда Мемлекеттік корпорация өтiнiш берушіге осы Нұсқаулықтың 12, 15 және 16-тармақтарына сәйкес бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
19. Осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiледі.
Кепіл бойынша құқықтардың (талаптардың) басқаға ауысуы тіркелген жағдайларда, оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде, өтінішке, жылжымалы мүлiк кепiлiнiң бірыңғай тiзiлiмi арқылы тіркеу жағдайларын қоспағанда, екі данада жасалған өзгерістерді, толықтыруларды енгізу туралы қол қойылған шарт (оның ішінде меншік құқығының басқаға ауысуы туралы шарт не құқықтардың (талаптардың) басқаға ауысуы туралы шарт) табыстау актісі немесе оның үзінді көшірмесі (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі) қоса беріле отырып табыс етіледі, ол Мемлекеттік корпорация өтініште қамтылған мәліметтерді тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі қойылып, өтініш берушіге қайтарылады.
20. Кепіл беруші болып табылатын республиканың басқа өңірлерінен келген заңды тұлғалар қайта тіркелген жағдайда, сондай-ақ жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепіл беруші болып табылса, жылжымалы мүлiк кепiлiнiң бірыңғай тiзiлiмi арқылы тіркеу жағдайларын қоспағанда, өтініш беруші тіркеу туралы белгісі бар бастапқы кепіл шартынның көшірмесін ұсынады.
21. Кепіл туралы шарттың қолданылуы аяқталған кезде тіркеу кепіл ұстаушының жазбаша өтінішті және негізгі міндеттеменің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынуы бойынша жылжымалы мүлік кепілі тізіліміндегі кепіл туралы жазбаны жою арқылы, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы куәлікті қайтару арқылы жүргізіледі. Осы мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған кезде жазбаны жою оларды хабардар еткендігі туралы құжатты ұсыну арқылы жүргізіледі.
Өтiнiш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
____________________ Д. Абаев
2017 жылғы "___" ___________