"Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15158 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 60 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10422 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ақпарат

      және коммуникациялар министрі

      ____________________ Д. Абаев

      2017 жылғы "____" ____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "____"_________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 12 сәуірдегі
№ 239 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 60 бұйырығымен бекітілген

Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Этил спиртін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін

1.

Этил спиртін өндірушінің өндіру паспорты

Этил спиртін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспорты

Өндіру паспорты үшін этил спиртін өндіру паспорты және өндіру паспортына қажетті мәліметтер тізбесі "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс

2.

Мынадай жолдармен:
1) бидайдан, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикізаты сірнесінен және басқа да қантты-крахмалды тағамдық өсімдік шикізатынан өндірілетін спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе этил спиртi шикiзатын тазартып айыру;
2) шарап материалын тікелей немесе екі мәрте айдау жолымен алынған этил спиртін өндіру және шығару мүмкіндігі

Этил спиртінің қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің көшірмесі

Осы талапқа сәйкестік өндірістік қуат есебінің дәйектілігі бойынша және тиісті жабдықтың паспортында көрсетілген деректер бойынша белгіленеді

3.

Этил спирті өндірісінің паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар

Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Көрсетілетін қызметті беруші "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорының тіркелімі (бұдан әрі - ЖМТ МДҚ) ақпараттық жүйесінен алады

4.

Стационарлық үй-жайларда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі

Сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


5.

Меншік құқығындағы этил спиртін өндіруге ғана пайдаланылатын технологиялық жабдық

Ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері


6.

Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, этил спиртін өндіру саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы этил спиртінің өндірілу көлемі туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алудың бақылау аспаптары

Есепке алудың бақылау аспаптарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Алкоголь өнімін өндіруді есепке алудың бақылау аспаптарының технологиялық желiлерiн жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру талаптарына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарының болуы "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс

7.

Қойма үй-жайлары - этил спиртін сақтауға, қабылдауға және жіберуге ғана арналған арнаулы стационарлық үй-жайлар мен алаңдар (этил спиртін сақтау үшін)

Қойма үй-жайларының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Этил спиртін сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған қойма үй-жайлары "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген жауап беретін талаптарға сәйкес болуы

Алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін

8.

Алкоголь өнімін өндірушінің өндіру паспорты

Алкоголь өнімін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспорты

Алкоголь өнімін өндіру паспорты және өндіру паспортына қажетті мәліметтер тізбесі "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс

9.

Арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ өнімдерін (күштілігі он екі пайызға жетпейтін күштілігі төмен ликер-арақ өнімдерінен басқа) әрбір технологиялық желіде өндіру және өнім шығару мүмкіндігі

Арақ пен айрықша арақ және ликер-арақтың қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспортарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі

Осы талапқа сәйкестік тиісті жабдықтың паспортында көрсетілген деректер мен өндірістік қуат есебінің дәйектілігі бойынша белгіленеді

10.

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарын және аумақтарынан тысқары орналасқан алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар

Меншік құқығындағы стационарлық өндірістік үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Көрсетілетін қызметті беруші ЖМТ МДК ақпараттық жүйесінен алады

11.

Стационарлық үй-жайларда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі

Сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


12.

Меншік құқығындағы алкоголь өнімін өндіруге ғана пайдаланылатын технологиялық жабдық

Ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың көшірмелері


13.

Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, алкоголь өнімінің өндіру саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы алкоголь өнімінің өндірілу көлемі туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алудың бақылау аспаптары

Есепке алатын бақылау аспаптарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Алкоголь өнімін өндіруді есепке алудың бақылау аспаптарының технологиялық желiлерiн жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру талаптарына сәйкес есепке алудың бақылау аспаптары Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 4-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен бекітілген болуы тиіс

14.

Қойма үй-жайлары - денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан және аумақтарынан тысқары орналасқан алкоголь өнімін өндіруге пайдаланылатын этил спиртін сақтауға, қабылдауға және жіберуге және өндірілген алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және жіберуге ғана арналған арнаулы стационарлық үй-жайлар


Спиртті сақтауға арналған қойма үй-жайлары және өндірілген алкоголь өнімдерін сақтауға қойма үй-жайлары "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген жауап беретін талаптарға сәйкес болуы

15.

Алкоголь өнімін, шикізатты және қосалқы материалдарды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтің талаптарына сәйкес келетін қойма үй-жайларында және қоймаларда сақтау шарттары


Лицензиардың сұрауына "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабымен белгіленген тәртіпте халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және гигиеналық нормативтер саласындағы уәкілетті орган жауап береді

16.

Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық - ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар

Аспаптардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату бойынша қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату саласындағы қызмет түрі үшін

17.

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан және аумақтарынан тысқары орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, сондай-ақ басқа лицензиатқа берілмеген алкогольдік өнімді сақтауға, қабылдауға және жіберуге ғана арналған қойма үй-жайлар

Жүргізілген тіркеу туралы тіркеуші органның белгісі бар құқық белгілейтін құжат

Көрсетілетін қызметті беруші ЖМТ МДК ақпараттық жүйесінен алады

Шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі


18.

Қойма үй-жайларындағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі

Сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


19.

Мәлімделген қойма үй-жайларында алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудамен сату бойынша қызметті жүзеге асыратын екі және одан да көп лицензиаттың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер

Бір қойма үй-жайда екі немесе одан да көп лицензиаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


20.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 645-бабының талаптарына сәйкес болуы керек

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату қызметін қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметі түрі үшін

21.

Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарынан және аумақтарынан тысқары орналасқан, меншік құқығындағы немесе уақытша иелік ету (пайдалану), өтеусіз пайдалану құқығындағы, тұрақты тұруға қарағанда өзге мақсатқа пайдалануға арналған стационарлық үй-жайлар

Жүргізілген тіркеу туралы тіркеуші органның белгісі бар құқық белгілейтін құжат

Көрсетілетін қызметті беруші ЖМТ МДК ақпараттық жүйесінен алады

Шарт бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда, жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі


22.

Стационарлық үй-жайларындағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз жүйесі

Сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)


23.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес)

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 645-бабының талаптарына сәйкес болуы керек

  Этил спиртін өндіру, алкоголь
өнімін өндіру,алкоголь
өнімдерін өндіру аумағында оны
сақтау және көтерме саудада
сату жөніндегі қызметті
қоспағанда, алкоголь өнімін
сақтау және көтерме саудада
сату, сондай-ақ алкоголь
өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада
сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін
сақтау және бөлшек саудада
сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға
сәйкестігін растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша
  нысан

Этил спиртін өндіру, алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтердің нысаны

      1. Этил спиртін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін:

      1.1 Этил спиртін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік

      құқығындағы стационарлық үй-жайлар:

      мыналарды көрсетіңіз:

      1) орналасқан жерінің мекенжайы (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі ____________________;

      2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі _________________________________;

      3) меншік құқығы туындауының негізі ________________________________________;

      4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні

      _______________________________________________________________________________;

      5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) __________________________________;

      6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы _____________________________________;

      7) қойма үй-жайдың жалпы алаңы ____________________________________________;

      8) салынған жыл ___________________________________________________________.

      1.2 Стационарлық үй-жайда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау,

      электр қуатымен жабдықтау және кәріз:

      мыналарды көрсетіңіз:

      1) стационарлық үй-жайды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және

      кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың (шарттардың) атауы

      ______;

      2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ______________________________________.

      1.3 Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған,

      уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, этил спиртінің

      өндірілу көлемі туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке

      алудың бақылау аспаптары:

      мыналарды көрсетіңіз:

      1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шарттың

      (шарттардың) нөмірі мен күні ______________________________________________________;

      2) аспаптар саны ___________________________________________________________;

      3) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық

      қамтамасыз етудің бар-жоғы _______________________________________________________.

      2. Алкоголь өнімін өндіру саласындағы қызмет түрі үшін:

      2.1 Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін

      меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:

      мыналарды көрсетіңіз:

      1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,

      көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жайдың) ____________________;

      2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі _________________________________;

      3) меншік құқығы туындаудың негіздемесі _____________________________________;

      4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні

      _______________________________________________________________________________;

      5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) __________________________________;

      6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы _____________________________________;

      7) қойма үй-жайдың жалпы алаңы ____________________________________________;

      8) салынған жыл ___________________________________________________________.

      2.2 Стационарлық үй-жайда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін сумен

      жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз:

      мыналарды көрсетіңіз:

      1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және

      кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ________________________;

      2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ______________________________________.

      2.3 Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған,

      уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, алкоголь

      өнімінің өндірілу көлемі туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін

      есепке алудың бақылау аспаптары:

      мыналарды көрсетіңіз:

      1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға шарттың (шарттардың) нөмірі

      мен күні _______________________________________________________________________;

      2) аспапттар саны __________________________________________________________;

      3) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық

      қамтамасыз етудің бар-жоғы _______________________________________________________.

      2.3 Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің

      талаптарына сәйкес тексерілген температуралық - ылғалдық режимі бойынша шикізатты,

      қосалқы материалдарды және алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін

      аспаптар:

      мыналарды көрсетіңіз:

      1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _____;

      2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ________________________;

      3) соңғы және кейінгі тексерудің күні _________________________________________ .

      3. Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі

      қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату саласындағы қызмет

      түрі үшін:

      3.1 Жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі:

      1) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні көрсетіңіз _____________________________;

      2) қойма үй-жайдың кадастрлық нөмірі ________________________________________.

      3.2 Қойма үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:

      мыналарды көрсетіңіз:

      1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және

      кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ________________________;

      2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ______________________________________.

      3.3 Мәлімделген қойма үй-жайларында алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме

      саудамен сату бойынша қызметті жүзеге асыратын екі және одан да көп лицензиаттың болуы

      немесе болмауы туралы мәліметтер:

      қойма үй-жайында екі немесе одан көп лицензиаттың болуы немесе болмауын

      көрсетіңіз ______________________________________________________________________.

      3.4 Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары

      туралы мәлімет:

      бақылау-кассалық машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз

      _______________________________________________________________________________.

      4. Алкоголь өнімі өндірілетін аумақта оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі

      қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызмет

      түрі үшін:

      4.1 Стационарлық үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:

      мыналарды көрсетіңіз:

      1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау кәрізбен

      қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы _______________________________;

      2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні ______________________________________;

      3) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі _________________________________.

      4.2 Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары

      туралы мәлімет:

      бақылау-кассалық машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз

      _______________________________________________________________________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады