"Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 70/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15161 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11382 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын, мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.

      Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде ғарыш объектісіне құқықтарды өзгертуді (құқықтар ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар қоса береді:

      1) өтініш;

      2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмелері;

      3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

      2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

      3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;

      4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талабы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізген жағдайда ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларының 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларын осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
      өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы " " ___________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 70/НҚ бұйрығына
1-қосымша
  Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш

      _________________________________________________________________________ тиесілі

      (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері)

      ________________________________________________________________ ғарыш объектісін

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және

      ________________________________________________________________________ негізінде

      (құқық белгілейтін құжаттың атауы)

      оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.

      Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:

      ________________________________________________"___"___________________________

      Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _________ перигей, км __________

      еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. _____________

      Қосымша мәліметтер: _______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (өтініш беруші) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      Мөр орны

      20___ ж. "___" ___________

      Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 70/НҚ бұйрығына
2-қосымша
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
2-қосымша

      ЕЛТАҢБА

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі
министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Ғарыш обьектісін мемлекеттік тіркеу туралы
№_____куәлік

1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және оның жалпы мақсаты

2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

3. Ұшырылған күні және орны

4. Орбитаның негізгі параметрлері

___________________

___________________

_________________

____________________

      5. Тіркелген құқық түрі * __________________________________________________________

      (құқық белгілейтін құжаттың атауын көрсете отырып)

      6. Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға ____________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Осы арқылы ғарыш обьектісінің белгіленген тәртіппен Ғарыш обьектілерінің тіркелімінде

      тіркелгендігі расталады

      ____________________________________ ____________ _______________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      Мөр орны

      20___ж. "___" _________

      Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 70/НҚ бұйрығына
3-қосымша
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі
министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді № _________ "___" __________ ___

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi және ЖСН (бар болса);

      ________________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы және БСН (бар болса), оның өкілінің тегi, аты, әкесiнiң аты) (бар болса)

      төмендегі ғарыш объектiсіне:

1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және жалпы мақсаты

2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

3. Ұшырылған күні және орны

4. Орбитаның негізгі параметрлері





      1) мынадай құқық тiркелгенін:

Құқық түрi

Мазмұны

Құқық иесi

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Құқықтың туындау негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты

      2) мынадай құқық ауыртпалығы тiркелгенін:

Ауыртпалықтың түрi

Мазмұны

Құқық иесi немесе уәкiлеттi орган (мүдделi тұлға)

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Ауыртпалықтың пайда болуының негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты

______________

_________

___________________

__________

______________

________

      растау үшін берілді.

      Басшы: ____________ _____________________________________

      (қолы)             (тегi, аты, әкесiнiң аты) (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 70/НҚ бұйрығына
4-қосымша
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
4-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
телнұсқасын алуға өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      ғарыш объектісіне 20___ жылғы "___" ___________ № _____ Ғарыш объектісін мемлекеттік

      тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.

      Телнұсқаны сұраудың себебі: ______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін: ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтінішке көрсетілген жағдайларды растайтын құжаттар)

      ______________________________________________ ___________ ______________________

      (өтініш беруші) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      Мөр орны

      20___ ж. "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 70/НҚ бұйрығына
5-қосымша
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
5-қосымша
нысан
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
  өнеркәсібі министрлігінің
Аэроғарыш комитеті

Өтініш

      Ғарыш объектілерінің тіркеліміне ____________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (мүддесі үшін мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның мекенжайы)

      _________________________________________________________________________ тиесілі

      ________________________________________________________________________________

      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

      20__ ж. "__"______ тіркеу №____ ғарыш объектісінің жойылғаны/кәдеге жаратылғаны

      туралы тиісті жазба енгізуіңізді сұраймын.

      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін: ___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (өтініште көрсетілген жайттарды растайтын құжаттар)

      ______________________________________________ __________ _______________________

      (өтініш беруші және оның мекенжайы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты) (бар болса)

      Мөр орны

      20___ ж. "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады