Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 208 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, "Заң газеті" газетiнде 2009 жылғы 20 наурызда жарияланған № 42 (1465)) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"
199. | "CFRv2.0 аппараттық-бағдарламалық кешен бақылау-кассалық машинасы" | ||
200. | "Деректерді беру функциясы жоқ Webkassa 1.0 аппараттық-бағдарламалық кешен бақылау-кассалық машинасы" | ||
201. | "PAX S80 NORD OnlineKZ (Әмбебап 2.0 нұсқасы)" | ||
202. | "PAX D210 NORD OnlineKZ (Әмбебап 2.0 нұсқасы)" | ||
203. | "eCashBox" ФДО серверіне фискалдық деректерді беру және кейіннен чектерді басып шығару БҚ" | ||
204. | "CashBoxSystem" ФДО серверіне фискалдық деректерді беру және кейіннен чектерді басып шығару БҚ" | ||
205. | "Smart Online БКМ 1.0" | ||
206. | "Smart Box ДБФ" |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік- құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |