"Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 22 мамырдағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 маусымда № 15255 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының м.а. 25.12.2020 № 162 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мемлекеттік органдардың қадағалау-бақылау қызметін жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13171 санымен тіркелген, 2016 жылы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Осы Қағидалардың 7, 10 және 18-тармақтарында көрсетілген тексерулердің ведомстволық автоматтандырылған есебін жүргізгенде, электрондық цифрлық қолтаңба қойылған құжаттар графикалық көшірмені тіркей отырып, осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес электронды нысанда жолданады.

      Осы Қағидалардың 7, 10 және 18-тармақтарында көрсетілген тексерулердің ведомстволық автоматтандырылған есебі болмаған жағдайда, құжаттар электронды нысанда рәсімделеді және электрондық цифрлық қолтаңба қойылғаннан кейін, осы Қағидалардың 3-тарауымен белгіленген тәртіпте графикалық көшірмені тіркей отырып, уәкілетті органның веб-ресурсының көмегімен тіркеуге ұсынылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тексеріс нәтижелері туралы актінің көшірмелерін қоспағанда, тіркеу субъектісі тексерудің аяқталуы бойынша үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тексерудің нәтижесі туралы актінің көшірмесін тіркей отырып, ЭАЕҚ -талон-хабарлама ұсынады.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес құжат қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қабылданған құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып, ЭАЕҚ - талон-хабарлама ұсынады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің, оларды жүргізу, ұзарту, тоқтату мерзімдерінің, тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні рәсімдеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексімен, ал мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен жүзеге асырылатын тексерулер "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 Қаулысымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларымен айқындалады және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ Төрағаның нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12557 санымен тіркелген).";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бірлік және тұтастық принциптерин сақтау негізінде тексерулерді тіркеу мен есепке алудың электрондық форматын енгізуді, мемлекеттік органдардың тәуекелдерді басқару процестерін автоматтандыруды, уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы немесе бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың ведомстволық жүйелерімен ықпалдастыру жолымен мемлекеттік органдардың тексерулерін тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылдарын ұйымдастыруды Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ТСОБТ) құрайды.

      ТСОБТ мәліметтері электрондық форматта тексерулерді тіркеу және есепке алу саласындағы ЭАЕҚ-ты, тексерілетін субъектілер (объектілер) туралы тіркеу субъектілерінің деректерін, ведомстволық тәуекелдерді бағалау жүйелерін және тексеру парақтарын ұсыну арқылы орталықтандырылған деректер банкінің негізінде қалыптастырылады.

      ТСОБТ-ны қалыптастыру және жүйелердің өзара әрекеттесуі тексерілетін субъектілердің (объектілердің), сондай-ақ мемлекеттік органның орналасқан аумақтылық принципіне сәйкес, тиісті нормативтік базасының және техникалық дайындығының болуына қарай кезең-кезеңімен, уәкілетті орган айқындайтын электрондық форматта жүзеге асырылады.

      Келіп түскен мәліметтердің негізінде уәкілетті орган құрған тексеру субъектілерінің (объектілерінің) орталықтандырылған деректер қоры бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, тексеру графиктерін, профильдік есептерді қалыптастыру, процестерді автоматтандыру және басқа да ведомстволық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен қолданылады.

      Орталықтандырылған деректер банкіне қол жеткізу Web-қосымшалар арқылы уәкілетті органның ТСОБТ жүйесіне мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасымен ұсынылады.

      ТСОБТ-ға енгізілген мәліметтердің нақтылығын, толықтығын, объективтілігін және уақытылығын қамтамасыз ету мемлекеттік орган басшысына және мәліметтерді енгізген жауапты адамдарға жүктеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруын;

      4) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады