"Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15265 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық шараларды жоспарлау және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлаудың және өткізу тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жануарлар басы – белгілі бір аумақтағы қандай да бір жануарлардың жалпы саны;

      2) жануарлар топтары (эпизоотиялық бірлік) – бір орында орналасу (бір өрісте, жайылымда және басқа орындарда) немесе бір басқаруда тұру (топ, табын, отар, шаруашылық жүргізуші субъекті және басқа жануарлар топтары) себебінен аурулар қоздырғыштарының әсер ету тәуекеліне ұшырау ықтималдылығы бірдей, эпизоотиялық байланыстағы жануарлардың тобы.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп болғаннан кейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы акт жасалады, оған жеке нөмірлері көрсетілген, вакциналанған, аллергиялық зерттелген, дауаланған жануарлардың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор мәліметтеріне сәйкес тізімдемесі қоса беріледі.";

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Жануарлар ауруларының түріне байланысты және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау, бекіту, жүргізу қолда бар жануарлар басының ветеринариялық іс-шаралармен толық қамтылуын және бір уақытта олардың төмендегілерді есепке ала отырып, қалыптастырылған жануарлар топтарында (эпизоотиялық бірліктерде) жүргізілуін қамтамасыз етеді:

      1) бір орында орналасу (бір өрісте, жайлауда, жайылымда, мал жаю орнында, үй-жайда, шаруашылық жүргізуші субъектіде және басқа орындарда) немесе бір басқаруда тұру себебінен аурулар қоздырғыштарының әсер ету тәуекеліне ұшырау ықтималдылығы бірдей, эпизоотиялық байланыстағы жануарлардың тобы (эпизоотиялық байланыс әртүрлі болуы және ауру қоздырғышының биологиялық қасиетіне (жұқтырғыштық, инфективтілік, контагиозділік, вируленттілік), оның берілу механизміне (берілу факторлары және тасығыштар), әр түрлі жануарлардың сезімталдығына байланысты болуы мүмкін);

      2) эпизоотиялық байланысы бар (ортақ жайылымдар, мал жаю орындары, мал өткізгіштер мен тікелей және тікелей емес (сыртқы ортадағы заттар арқылы) байланыстағы басқа да орындар) бір елдімекеннің тұрғындарына тиесілі жануарлардың тобы;

      3) күтіп-бағу үшін бір жабдық және (немесе) мүкәммал пайдаланылатын жануарлар тобы.

      Жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірліктерін) қалыптастыру (тарату), сондай-ақ ондағы жануарлар басы (көбею, азаю) туралы ақпарат тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының мыналардан алынатын деректері (мәлімет, ақпарат) болып табылады:

      осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жануарлар топтарын (эпизоотиялық бірліктерін) қалыптастыру (тарату) туралы актілерден;

      осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірліктер) тіркеу журналынан.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кірісті (төл және басқа түсімдер), шығысты (сойылу, қырылу және өзге есептен шығарылу) есептегендегі қолда бар жануарлар басы және жануарлар топтары (эпизоотиялық бірліктері);";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйым (бұдан әрі – референттік орталық) жүргізетін жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына референттік және мониторингтік зерттеулерді жоспарлау Тізбеге енгізілген аурулар бойынша мыналар негізінде жүзеге асырылады:

      1) референттік орталықта жүргізілген соңғы 3 (үш) жылдағы диагностикалық зерттеулер деректерінің орташа көрсеткіші;

      2) әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыс, аудан) және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы деректер;

      3) соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторинг деректері;

      4) кірісін (төл және басқа түсімдер), шығысын (сойылу, қырылу және өзге есептен шығарылу) және жабайы жануарлардың популяциясын есептегендегі қолда бар ауыл шаруашылығы жануарларының басы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жеке және заңды тұлғалар ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында Заңның 25-бабында көзделген, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүргізеді.";

      14-тармақ алып тасталсын;

      1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына 1-қосымша";

      2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына 2-қосымша";

      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына 3-қосымша";

      4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларына 4-қосымша";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 2-1 және 2-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 216 бұйрығына
1-қосымша
  Жануарлардың аса қауіпті
ауруларына қарсы
ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және өткізу
қағидаларына 2-1-қосымша
  Нысан

Жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірлігін) қалыптастыру (тарату) туралы
акт/Акт о формировании (расформировании) группировок животных (эпизоотической
единицы)

      "____" _____________ 20____жыл/года

      ________________________________________________________________________________

       (жануарлар топтарының орналасқан жері (әкімшілік-аумақтық бірліктің және (немесе)

       шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы)/местонахождение группировок животных

      (наименование административно-территориальной единицы и (или) хозяйствующего субъекта))

      Мен/мною_______________________________________________________________________

      (кент, ауыл ауылдық округ, аудан әкімі аппараты, қала әкімдігі маманының аты, жөні,

      тегі (бар болған жағдайда), лауазымы/ фамилия и имя, отчество (при его наличии),

      должность специалиста аппарата акима поселка, села, сельского округа, района,

      акимата города)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жануарлардың түрі)

      жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірлігін) қалыптастыру (тарату)

      жүргізілгені туралы осы актіні жасадым/составлен настоящий акт о том, что

      ________________________________________________________________________________

      (күні, айы, жылы/число, месяц, год)

      проведено формирование (расформирование) группировки

      животных (эпизоотической единицы)________________________________________________

      (вид животных)

      Жануардың жастық-жыныстық тобы/

      Половозрастная группа животных____________________

      Бас саны/Количество голов_________________

      Жануардың жастық-жыныстық тобы/

      Половозрастная группа животных____________________

      Бас саны/Количество голов_________________

      Жануардың жастық-жыныстық тобы/

      Половозрастная группа животных____________________

      Бас саны/Количество голов_________________

      Барлығы, саны/всего в количестве __________ бас/голов

      Осы акт жасалғаны туралы /О чем составлен настоящий акт:

      Қолы/Подпись ______________________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 216 бұйрығына
2-қосымша
  Жануарлардың аса қауіпті
ауруларына қарсы
ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және өткізу
қағидаларына 2-2-қосымша
  Нысан

Қалыптастырылған жануарлардың топтарын (эпизоотиялық бірліктерін) тіркеу
журналы/Журнал учета сформированных группировок животных (эпизоотических единиц)

      бойынша/по ________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы жануары түрінің атауы/наименование

      вида сельскохозяйственного животного)

      ________________________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің (кент, ауыл, ауылдық округ,қала, аудан, облыс)

      атауы/наименование административно-территориальной единицы (поселок, село, сельский

      округ, город, район, область))

Жануарлар топтарының тіркеу нөмірі/ Регистрационный номер группировок животных*

Нөмір берілген күн/ Дата присвоения номера

Ауыл шаруашылығы жануары иесінің мекен-жайы/Адрес владельца сельскохозяйствен ного животного

Шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы/ Наименование хозяйствующего субъекта**

Ескертпе/ Примечание

1

2

3

4

5

6



















      Ескертпе/Примечание:

      * - Шаруашылық жүргізуші субъектілерді қоспағанда, қалыптастырылған жануарлар тобының тіркеу нөмірі әріптік және сандық символдардан (символдар арасы қисық сызықпен бөлінеді) тұрады, ол мыналарды қамтиды:

      алғашқы символ – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды;

      екінші және үшінші символдар – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;

      төртінші символ – ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;

      бесінші – оныншы символдар –жануарлар тобының реттік нөмірі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік коды, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.

      Ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.

      Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жануарлар топтарын нөмірлеген кезде екінші және үшінші символдарда нөл көрсетіледі.

      Қағидаларға сәйкес есептік нөмірлері бар шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарлар топтарының тіркеу нөмірлері мыналардан тұрады:

      Қағидаларға сәйкес берілген есептік нөмір;

      ауыл шаруашылығы жануары түрінің сандық коды;

      шаруашылық жүргізуші субъектілерде мал басын шаруашылықішілік есепке алуға сәйкес жануарлар топтарының реттік нөмірі.

      Ауыл шаруашылығы жануарлары түрінің сандық коды Бірдейлендіру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес енгізіледі.

      Қалыптастырылған жануарлар топтарының тіркеу нөмірлері символдары өзара қисық сызықпен бөлінеді.

      /Регистрационный номер сформированным группировкам животных, за исключением хозяйствующих субъектов состоит из буквенных и цифровых символов (символы между собой разделяются косой чертой) включающие:

      первый символ – литерный код области, города республиканского значения, столицы;

      второй и третий символы – порядковый номер района (города областного значения);

      четвертый символ – цифровой код вида сельскохозяйственного животного;

      пятый – десятый символы – порядковый номер группировки животных.

      Литерный код области, города республиканского значения, столицы, порядковый номер района (города областного значения) вносится, согласно приложению 1 к Правилам присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 7-1/37 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10466) (далее – Правила).

      Цифровой код вида сельскохозяйственного животного вносится, согласно приложению 1 к Правилам идентификации сельскохозяйственных животных (далее – Правила идентификации), утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 7-1/68 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11127).

      При нумерации группировок животных в городах республиканского значения, столице во втором-третьем символах указываются нули.

      В хозяйствующих субъектах имеющих учетные номера в соответствии с Правилами регистрационный номер группировок животных состоит из:

      учетного номера, присвоенного в соответствии с Правилами учета;

      цифрового кода вида сельскохозяйственного животного;

      порядкового номера группировки животных согласно внутрихозяйственного учета поголовья в хозяйствующих субъектах.

      Цифровой код вида сельскохозяйственного животного вносится согласно приложению 1 к Правилам идентификации.

      Символы регистрационного номера сформированных группировок животных разделяются между собой косой чертой.

      ** - шаруашылық жүргізуші субъекттерінде жануарлардың топтарын қалыптастырған кезде толтырылады.

      /заполняется при формировании группировок животных в хозяйствующих субъектах.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады