"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 349 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 маусымда № 15281 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-278/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінінің 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі – МҚАК АД) лауазымды адамдары есепті кезеңдегі КЖНЫК-тің сомаларын МСАК субъектілеріне аударудың уақтлығын қамтамасыз етеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қаражатты үнемдеудің есебінен сараланған қосымша ақы түрінде денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін көтермелеу тәртібі";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Медицина қызметкерлері көрсететін қызметтердің көлеміне қол жеткізуді және оның сапасын арттыруды үйлестіруді жүзеге асыру үшін есепті кезеңнен кейінгі айда көтермелеу туралы ұсынымды денсаулық сақтау субъектісінің басшысы айқындаған адамдар комиссияның қарауына енгізеді, бұл ретте:

      1) денсаулық сақтау субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары олардың қарамағындағы денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлерін көтермелеу туралы ұсынымды қалыптастырады;

      2) денсаулық сақтау субъектісінің басшысы денсаулық сақтау субъектісінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын және басшыларын көтермелеу туралы ұсынымды қалыптастырады."

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерінде 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексімен (бұдан әрі – Кәсіпкерлік Кодекс) айқындалған тәртіпте бақылау нәтижелері бойынша есепті кезеңде анықталған бұзушылықтар бар болған жағдайда, оған сараланған қосымша ақыны бөлу денсаулық сақтау субъектісі басшысының шешімімен айқындалады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. КЖНЫК қаражатының есебінен МСАК субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу тәртібі";

      36-тармақта:

      2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармасы);

      3) МҚАК АД;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – ҚДСК) және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – ҚДСК АД).";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Денсаулық сақтау басқармасы:

      МСАК субъектісінің ЖБНҚК-қа процесс индикаторлары бойынша деректерді орналастыруына мониторинг пен бақылау жүргізеді;

      МСАК субъектісінің түпкілікті нәтиже индикаторларына және процесс индикаторларына қол жеткізуі бойынша қызметіне талдауды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. МҚАК АД:

      МСАК субъектілерінің және ауыл субъектілерінің КЖНЫК қаражатын нысаналы пайдаланылуына мониторинг;

      МСАК субъектілерінің және ауыл субъектілерінің өз қызметкерлеріне КЖНЫК сомаларын уақтылы төлеуіне және ЖБНҚК-қа ақпаратты орналастыруына мониторинг;

      есепті кезеңдегі түпкілікті нәтиженің қол жеткізілген индикаторларының қорытындылары бойынша ЖБНҚК-дағы деректердің негізінде МСАК қызметкерлеріне КЖНЫК сомаларын бөлуге мониторинг пен бағалау жүргізеді.";

      39,40, 41-тармақтар алып тасталсын;

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. МСАК қызметкерінде Кәсіпкерлік Кодекспен айқындалған тәртіпте мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша есепті кезеңде анықталған бұзушылықтар бар болған жағдайда, оған КЖНЫК сомасын төлеу МСАК субъектісі басшысының шешімімен айқындалады.";

      51-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіпкерлік Кодекспен айқындалған тәртіпте мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша және № 173 бұйрықпен айқындалған тәртіпте пациентті қолдау мен ішкі бақылау (аудит) қызметінің ішкі сараптама нәтижелері бойынша бұзушылықтары болмаған кезде;";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 349 бұйрығына
қосымша
  Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде іс-шаралар кешенін
көрсетуге қатысатын денсаулық
сақтау ұйымдарының
қызметкерлерін көтермелеу
қағидаларына 1-қосымша

Денсаулық сақтау субъектісінің медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері

р/с

Көрсеткіштердің атауы

Ақпарат көзі

Ықпалы

1

Пациенттердің құқықтарының бұзылуымен байланысты негізделген жазбаша және ауызша шағымдардың болуы

Ұйым басшысының келушілерді қабылдау журналы, азаматтардың жазбаша өтініштерін есепке алу журналы, блоктарға арналған сұратулар, ҚДСК АД-ның тексеру парақтары мен актілері

Төмендеу

2

Емдеу мен диагностикалау нәтижесінде туындаған алдын алуға болатын өлім жағдайларының, асқынулардың, оның ішінде пациенттің мүгедек болуына әкелетін жағдайлардың болуы

Стационарлық науқастың статистикалық карталары, пациентті қолдау мен ішкі бақылау (аудит) қызметінің басшысы бекіткен бөлімше меңгерушісінің немесе комиссияның қорытындысы, сараптамалық тексеру актілері, ӨЖЗК* отырыстарының хаттамалары және ҚДСК АД-ның тексеру парақтары мен актілері

Төмендеу

3

Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтардың болуы

ҚДСК АД-ның тексеру парақтары мен актілері

Төмендеу

4

Пациенттердің қайта жоспарланбаған келіп түсу жағдайларының болуы (бір аурудың себебі бойынша бір күнтізбелік ай ішінде)

Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі

Төмендеу

5

Клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың қайшы келу жағдайларының болуы

Патологиялық-анатомиялық зерттеу хаттамасы және патологиялық-анатомиялық отырыстың хаттамасы

Төмендеу

6

Қызметтің статистикалық көрсеткіштерінің оң динамикасы

Статистикалық деректер мен есептер

Артуы

7

Заманауи технологияларды енгізу, инновациялық қызметтің болуы

Диагностикалаудың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдануға берілген рұқсат туралы куәліктің болуы немесе бөлімше меңгерушісі қол қойған және емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары бекіткен енгізу актілерінің болуы

Артуы

8

Белгіленген бактерия шығаратын науқастарды емдеу процесінде қақырық жағындысының конверсиясына қол жеткізу**

Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы, Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі

Артуы

9

Туберкулезбен ауыратын науқастардың туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауды өткізіп алмауы**

Туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы, Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі

Артуы

      Ескертпе:

      *ӨЖЗК – өлім жағдайларын зерттеу жөніндегі комиссия;

      **туберкулезге қарсы ұйымдарға қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады