"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 11-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 4-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 маусымда № 15290 болып тіркелді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 26.02.2018 № 6-НҚ нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 11-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14267 тіркелген, 2016 жылғы 12 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын, сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының 2-тарауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Есеп комитетінің мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары

      3. В-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      4. В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      5. В-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.

      5-1. В-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе мемлекеттік аудит, және/немесе құқық, және/немесе менеджмент, және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару;

      мемлекеттік аудит және/немесе қаржылық бақылау саласында кемінде бір жыл не осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      мемлекеттік аудитор сертификатының болуы.".

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрағасы
Н. Әбдібеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері

      және сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі

      Төрағасының міндетін атқарушы

      _____________ А. Шайымова

      2017 жылғы 24 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады