"Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 15308 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10839 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, дербес білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын олардың ұйымдарына, жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады