Тиісті құрамның әскери қызметшілерін әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті құрамның әскери міндеттілерін, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін және азаматтық персонал адамдарын тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 15314 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 662 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 15.11.2017 № 662 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 50-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тиісті құрамның әскери қызметшілерін әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті құрамның әскери міндеттілерін, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін және азаматтық персонал адамдарын тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидалары бекітілсін.

      2. "Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін, тиісті құрамның әскери міндеттілерін немесе азаматтық персонал адамдарын тиісті құрамның лауазымдарына тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 242 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13795 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      5. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      6. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 5 маусымдағы
№ 265 бұйрығымен
бекітілген

Тиісті құрамның әскери қызметшілерін әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті құрамның әскери міндеттілерін, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін және азаматтық персонал адамдарын тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тиісті құрамның әскери қызметшілерін әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті құрамның әскери міндеттілерін, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін және азаматтық персонал адамдарын тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тиісті құрамның әскери қызметшілерін әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті құрамның әскери міндеттілерін, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін және азаматтық персонал адамдарын тағайындау (оның ішінде уақытша) тәртібін айқындайды.

      2. Әскери қызметшілерді тиісті құрамның әскери лауазымдарына тағайындау Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

2-тарау. Офицерлер құрамының лауазымдарына тиісті құрамның әскери міндеттілерін, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін және азаматтық персонал адамдарын тағайындау (оның ішінде уақытша)

      3. Офицерлер құрамының әскери лауазымдарына тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға мыналар тағайындала алады:

      1) бригадаларда, базаларда, полктерде және оларға теңестірілгендерде:

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеретін, әскери қызметте кемінде екі жыл еңбек сіңірген жылдары, жоғары білімі және тиісті әскери есептік мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар жиырма сегіз жастан үлкен емес сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері "аға лейтенант" – "капитан" штаттық-лауазымдық санатындағы бос лауазымдарға, бұл ретте олардың бағынысында офицерлер құрамы әскери қызметшілерінің болмау шарты сақталуға тиіс;

      2) өңірлік қолбасшылықтар әскерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер тектері қолбасшыларының басқармаларында:

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеретін және әскери қызметте кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдары, жоғары білімі және тиісті әскери есептік мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері, бұл ретте олардың бағынысында офицерлер құрамы әскери қызметшілерінің болмау шарты сақталуға тиіс;

      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері түрлері бас қолбасшыларының басқармаларында, бас басқармаларында:

      білімі және тиісті әскери есептік мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар запастағы офицерлер, бұл ретте олардың бағынысында олардан әскери атағы бойынша үлкен офицерлердің болмау шарты сақталуға тиіс;

      4) жергілікті әскери басқару органдарына:

      бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген, тиісті білімі бар офицерлер және сержанттар құрамдарының әскери міндеттілері;

      5) әскери оқу орындарына, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға:

      бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерген, білімі және тиісті әскери есептік мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар офицерлер және сержанттар құрамдарының әскери міндеттілері.

      Гуманитарлық пәндер және шет тілдері кафедраларына тиісті жоғары білімі бар азаматтық персонал адамдарын тағайындауға жол беріледі;

      6) әскери медициналық мекемелерге:

      жоғары білімі, жұмыс тәжірибесі және тиісті әскери есептік мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар әскери міндеттілер немесе азаматтық персонал адамдары.

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешімі бойынша жоғары білімі және тиісті әскери мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы бар отыз төрт жастан үлкен емес төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін "подполковникке" дейінгіні қоса алғанда, штаттық санаттағы бос әскери лауазымға мынадай мамандықтар бойынша тағайындауға рұқсат етіледі:

      автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмыс істеуін математикалық, бағдарламалық, ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету;

      психологиялық жұмысты ұйымдастыру;

      медициналық бейін;

      дене шынықтыру және спорт;

      журналистика;

      әскери-оркестрлік қызмет және ансамбль;

      музей ісі (өнер).

      4. Лауазымға тағайындау көрсетілген лауазымға тағайындау құқығы берілген лауазымды адамның бұйрығымен жүргізіледі.

      Тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер жоғары тұрған кадр органдарына есепке алу үш жұмыс күні ішінде жолданады.

      5. Офицерлермен жасақталуға тиіс лауазымдарға тағайындауға ұсынылған төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері лауазымдарға тағайындалар алдында әскери қызметке жарамдылығы мәніне медициналық тексеруден өтеді және дене дайындығы бойынша нормативтер тапсырады.

      6. Офицерлер құрамының лауазымдарына тағайындауға ұсыну кезінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес офицер лауазымына тағайындауға ұсынылатын төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері құжаттарының тізбесі бойынша құжаттар жолданады.

      7. Офицерлер құрамының лауазымдарына уақытша тағайындауға ұсыну кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес офицерлер құрамының лауазымдарына уақытша тағайындау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесі бойынша құжаттар жолданады.

      8. Офицерлер құрамының адамдарын лауазымдарға тағайындаған кезде төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері атқарып отырған лауазымын босатады және офицерлер құрамының басқа бос лауазымына, ал офицерлер құрамының лауазымына тағайындау мүмкін болмаған кезде офицерлер құрамының лауазымына тағайындалғанға дейін атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.

3-тарау. Төмен тұрған құрамның әскери міндеттілерін не азаматтық персонал адамдарын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамдарының лауазымдарына тағайындау (оның ішінде уақытша)

      9. Төмен тұрған құрамның бос әскери лауазымдарына және баласы үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста болатын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері лауазымдарына тиісті білімі және тиісті әскери мамандықтың бейіні бойынша ұқсас мамандығы және мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар төмен тұрған құрамның әскери міндеттілерін не азаматтық персонал адамдарын уақытша тағайындауға жол беріледі.

      10. Төмен тұрған құрамның әскери міндеттілерін не азаматтық персонал адамдарын сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамдарының лауазымдарына уақытша тағайындау кезінде олардың бағынысында әскери қызметшілер болмауға тиіс деген шарт сақталады.

      11. Төмен тұрған құрамның әскери міндеттілерін не азаматтық персонал адамдарын төмен тұрған құрамның лауазымдарына уақытша тағайындау әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің (бастықтарының) бұйрықтарымен жүргізіледі.

      12. Төмен тұрған құрамның әскери міндеттілерін не азаматтық персонал адамдарын төмен тұрған құрамның лауазымдарына уақытша тағайындау олар әскери бөлімнің (мекеменің) жасақтау органына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес офицерлер, сержанттар және сарбаздар құрамдарының әскери лауазымдарына уақытша тағайындалатын әскери міндеттілерге және азаматтық персоналға құжаттардың тізбесі бойынша құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

      13. Төмен тұрған құрамның лауазымдарына уақытша тағайындалған адамдар осы лауазымдарға төмен тұрған құрамның келісімшарт бойынша әскери қызметшілері тағайындалған кезде немесе келісімшарт бойынша әскери қызметшілер баласы үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыстан шыққан кезде міндеттерін орындаудан босатылады.

  Тиісті құрамның әскери
қызметшілерін әскери
лауазымдарға тағайындау
мүмкін болмаған кезде оларға
тиісті құрамның әскери
міндеттілерін, төмен тұрған
құрамның әскери қызметшілерін
және азаматтық персонал
адамдарын тағайындау (оның
ішінде уақытша) қағидаларына
1-қосымша

Офицер лауазымына тағайындауға ұсынылатын төмен тұрған құрамның әскери қызметшілеріне құжаттар тізбесі

      1) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 қаулысымен бекітілген нысан бойынша ұсыным;

      2) қосымшасымен білімі туралы дипломның нотариат растаған көшірмесі;

      3) жоғары оқу орнынан еркін нысанда жазылған архивтік анықтама (оқудан өткенін және білімі туралы диплом алғанын растау үшін);

      4) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген нысан бойынша қызметтік карточканың әскери бөлім (мекеме) растаған көшірмесі;

      5) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық куәландыру туралы анықтама;

      6) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша әскери қызметшілердің дене дайындығын бағалау кестесі;

      7) "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің адамның қылмыс жасағаны туралы есепке алуы бойынша мәліметтердің бар болуы не жоқтығы туралы анықтамасы.

  Тиісті құрамның әскери
қызметшілерін әскери
лауазымдарға тағайындау
мүмкін болмаған кезде оларға
тиісті құрамның әскери
міндеттілерін, төмен тұрған
құрамның әскери қызметшілерін
және азаматтық персонал
адамдарын тағайындау (оның
ішінде уақытша) қағидаларына
2-қосымша

Офицерлер құрамының лауазымдарына уақытша тағайындау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесі

      1) тиісті командирдің (бастықтың) еркін нысанда жазылған қолдаухаты немесе баянаты;

      2) еңбек шарты (онда әскери қызметші лауазымға тағайындалған жағдайда ол уақытша атқарып отырған лауазымын босататыны және шығарылуы тиіс екені немесе бос лауазымдар болған кезде басқа тиісті лауазымға уақытша тағайындалуы мүмкін екені ескертіледі);

      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) қосымшасымен білімі туралы дипломның нотариат растаған көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының нотариат растаған көшірмесі (еңбек өтілі бар болған кезде);

      6) "Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша кірістері туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтама;

      7) "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің адамның қылмыс жасағаны туралы есепке алуы бойынша мәліметтердің бар болуы не жоқтығы туралы анықтамасы;

      8) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық куәландыру туралы анықтама;

      9) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене дайындығы жөніндегі нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 195 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9518 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша әскери қызметшілердің дене дайындығын бағалау кестесі.

  Тиісті құрамның әскери
қызметшілерін әскери
лауазымдарға тағайындау
мүмкін болмаған кезде оларға
тиісті құрамның әскери
міндеттілерін, төмен тұрған
құрамның әскери қызметшілерін
және азаматтық персонал
адамдарын тағайындау (оның
ішінде уақытша) қағидаларына
3-қосымша

Офицерлер, сержанттар және сарбаздар құрамдарының әскери лауазымдарына уақытша тағайындалатын әскери міндеттілерге және азаматтық персоналға құжаттар тізбесі

      1) тиісті командирдің (бастықтың) еркін нысанда жазылған қолдаухаты немесе баянаты;

      2) еңбек шарты (онда әскери қызметші лауазымға тағайындалған жағдайда ол уақытша атқарып отырған лауазымын босататыны және шығарылуы тиіс екені немесе бос лауазымдар болған кезде басқа тиісті лауазымға уақытша тағайындалуы мүмкін екені ескертіледі);

      3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) қосымшасымен білімі туралы дипломның нотариат растаған көшірмелері;

      5) жоғары оқу орнынан еркін нысанда жазылған архивтік анықтама (оқудан өткенін және білімі туралы диплом алғанын растау үшін);

      6) еңбек кітапшасының нотариат растаған көшірмесі (еңбек өтілі бар болған кезде);

      7) "Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша кірістері туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтама;

      8) "Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдаланудың қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 10 шілдедегі № 71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің адамның қылмыс жасағаны туралы есепке алуы бойынша мәліметтердің бар болуы не жоқтығы туралы анықтамасы;

      9) "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық куәландыру туралы анықтама.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады