"Тиісті құрамның әскери қызметшілерін әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті құрамның әскери міндеттілерін, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін және азаматтық персонал адамдарын тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 265 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 662 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 желтоқсанда № 16044 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тиісті құрамның әскери қызметшілерін әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға тиісті құрамның әскери міндеттілерін, төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін және азаматтық персонал адамдарын тағайындау (оның ішінде уақытша) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 265 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15314 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 20 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады