Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 шілдеде № 15330 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындағаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 14 маусымдағы
№ 200 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 89 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10450 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ):

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережеде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:";

      3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша – осы Қағидаларға 1, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станциясының (бұдан әрі – ЖЭС) жабдықтары топтарының коды, жылу электр станциялары қуатына күтілетін шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі;

      2) электр энергиясының көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша – осы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды, жылу электр станциялары қуатына күтілетін шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі;";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды келіседі немесе құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.";

      1, 2, 3 және 4-қосымшалардың жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларына 1-қосымша";

      "Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларына 2-қосымша";

      "Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларына 3-қосымша";

      "Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларына 4-қосымша".

      2. "Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында:

      20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өңірлік электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілейтін тарифтер бойынша өңірлік электр желілеріне, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қосылған электр энергия тұтынушыларға көрсетіледі.".

      3. "Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10533 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған ):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларында:

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Электр энергиясын беру және тарату жөнiндегi нақты көрсетiлген қызметтер үшiн қаржылық өзара есеп айырысулар табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекiткен тарифтер мен есеп айырысудың бір айы ішінде электр энергиясының нақты теңгеріміне енгізілген, тұтынылған электр энергиясының мөлшерi бойынша жүргiзiледi.".

      4. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 29 (28757) жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алуға кеткен Жүйелік оператордың шығысы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіпте жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке тариф арқылы өтеледі.".

      5. Күші жойылды - ҚРеспубликасы Энергетика министрінің 23.10.2017 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады