Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10450 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

       "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы
№ 89 бұйрығымен бекітілген

Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) жабдық тобы - жаңарған будың бірдей параметрлермен турбоагрегаттардың кез келген типтерінің, сондай-ақ осы агрегаттардың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қазандықтардың (тозаң көмірлі, сол сияқты газ-мазуттық та) жиынтығы;

      2) жабдықтың кіші тобы - тозаң көмірлі немесе газ-мазуттық қазандықтардың және олармен бірге жұмыс жасайтын жаңарған будың бірдей параметрлері бар турбоагрегаттардың кез келген типтерінің жиынтығы;

      3) электр станциясының белгіленген қуаты - генерацияланатын электр станциясының қуатын шектеуді шегере отырып оның белгіленген қуаты;

      4) жылу электр станциясының белгіленген электр қуатын шектеу - белгіленген қуатты мәжбүрлі пайдаланбау мәні;

      5) жылу электр станцияларының электр қуатын техникалық шектеу - агрегаттың тораптарының күрделі жөндеулер кезінде жойылмайтын техникалық жарамсыздығынан, конструктивті ақаулардан немесе жеке жабдықтың (құрылыстың) өнімділігінің белгіленген қуатқа сәйкес келмеуінен оның белгіленген қуатын мәжбүрлі азайту;

      6) жылу электр станцияларының электр қуатын маусымдық шектеу - сыртқы маусымдық қайталанатын факторлардың (жазғы кезеңде суды салқындататын температураны арттыру, маусымдық жылу жүктемесінің өзгеруі салдарынан турбиналардың конденсаторларындағы вакуумның төмендеуі) іс-әрекетінен агрегаттың белгіленген қуатын азайту;

      7) жылу электр станцияларының электр қуатын уақытша шектеу - режимдік, экологиялық шектеулер, сондай-ақ тиісінше сапасыз отынды пайдаланудан немесе жаңадан іске қосылған жабдықтарды пайдалану салдарынан келтірілген шектеулер;

      8) жылу электр станциясы - отынның химиялық энергиясын электр генераторы білігінің айналуын механикалық энергияға айналдыру есебінен электр энергиясын өндіретін электр станция;

      9) қуаттың күтілетін шектеулері - алдағы жылға арналған қуаттың шектелуі;

      10) қуатты шектеудің жылдық орташа мәні - қуатты шектеудің айлар бойынша орташа арифметикалық мәні;

      11) номиналды қуат - осы жабдық үшін жабдықтың паспортымен немесе жобасымен белгіленген қуат;

      12) сараптама ұйымы - заңнамада белгіленген тәртіппен энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      14) жылу электр станциясының белгіленген электр қуаты - техникалық шарттарға немесе жабдыққа арналған паспортқа сәйкес турбиналардың айтарлықтай белсенді электр қуатының жиынтық мәні;

      15) электр станциясының жұмыс қуаты - жөндеуге шығарылған жабдықтың қуатын шегере отырып, электр станциясының қолда бар қуаты;

      16) электр энергиясының көтерме сауда нарығы - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы шарттар негізінде жұмыс істейтін электр энергиясын сатып алу - сатуға байланысты қатынастар жүйесі;

      17) экологиялық шектеулер — табиғиғатты қорғау іс-шараларын өткізу себебінен белгіленген қуаттың азайтылуы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      3. Жылу энергия өндіруші ұйымдары электр қуатын шектеуді келісу үшін 1 қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:

      1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына шықпаған жылу электр станциялары бойынша – осы Қағидаларға 1, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станциясының (бұдан әрі – ЖЭС) жабдықтары топтарының коды, жылу электр станциялары қуатына күтілетін шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі;

      2) электр энергиясының көтерме сауда нарығына шыққан жылу электр станциялары бойынша – осы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды, жылу электр станциялары қуатына күтілетін шектеулер және электр қуатын шектеудің есебі;

      3) өткен жылы электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есеп. Есеп еркін нысанда жасалады;

      4) сараптама ұйымы берген энергетикалық сараптаманың актісі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      4. Электр қуатын шектеуді келісу үшін материалдар екі данада беріледі және оны уәкілетті орган олар түскен күннен бастап күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

      5. Қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды келіседі немесе құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда келісуден бас тартады.

      Уәкілетті орган электр қуатын шектеуді келісуден бас тартқан жағдайда 15 күнтізбелік мерзімде жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы энергия өндіруші ұйымға хабарлайды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      6. Келісуден бас тарту себебін жойғаннан кейін материалдар қайтадан келісуге жіберіледі. Қайта келісу олардың қайта түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      7. Жылу электр станцияларындағы электр қуатын шектеуді қысқарту үшін оның ішінде мынадай іс-шаралар орындалады:

      1) күрделі жөндеу жүргізу кезінде станция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар орындалады;

      2) циркуляциялық (салқындатқыш) суды салқындату үшін тиімді жылу алмасу аппараттары қолданылады;

      3) күл-қож шығару мен түтін газын тазалаудың тиімді жүйесі қолданылады;

      4) жобалау отынымен станцияның жұмысы қамтамасыз етіледі.

      8. Жылу электр станциялары жүргізілген энергетикалық сараптаманың нәтижелері мен нәтижелері бойынша ұсынымдар негізінде электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

      9. Электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі әзірленген іс-шаралар уәкілетті органға 1 қазанға дейінгі мерзімде келісуге жіберіледі.

      10. Қараудың қорытындысы бойынша уәкілетті орган бір ай ішінде электр қуатын шектеуді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келіседі немесе оларды келісуден бас тартады.

      Уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда 15 күнтізбелік мерзімде жазбаша түрде бас тарту себебін көрсетіп, бұл туралы энергия өндіруші ұйымға хабарлайды.

      11. Жылу электр станцияларының белгіленген қуаты жаңаны пайдалануға берген, ескісін бөлшектеген немесе жұмыс істеп тұрған жабдықтардың техникалық сипаттамалары өзгерген жағдайларда өзгертіледі.

      12. Электр генераторының номиналды қуаты бастапқы күштік агрегатының номиналды қуатынан аз болған жағдайда белгіленген қуат генератордың номиналды қуаты бойынша айқындалады.

      13. Буды бөліп алу және қос мәнді номиналды қуаты, бу бөлудің жүктеме режиміне тәуелді жылумен қамтамасыз ету турбиналары орнатылған жылу электр станциялары үшін номиналды қуаты жылдың кез келген уақытында және кез келген есептік жұмыс режимінде қамтамасыз етілетін турбинаның ең төменгі қуатының мәні бойынша қабылданады.

  Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышындағы тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы жылу электр станциясының (ЖЭС) жабдықтары топтарының коды

Жабдық тобының атауы

Код

толық

қысқартылған

ЖЭС бойынша барлығы

ЖЭС барлығы

97

Қуаты:



500

500 блок

3

300

300К блоктар

4

200

200К блоктар

7

150

150К блоктар

8

МВт конденсациялы энергиялық блоктар



Буды іріктеу реттеуіші бар энергиялық блоктар, қуаттылығы МВт:



300

300Т блоктары

54

200

200Т блоктары

57

150

150Т блоктары

58

КЭС 90 кгс/см2

КЭС-90

11

ЖЭО 240 кгс/см2

ЖЭО-240

5

ЖЭО 130 кгс/см2 өнд.қатты қайнатусыз

ЖЭО-130

10

ЖЭО 130 кгс/см2 өнд.қатты қайнатумен

ЖЭО-130ПП

59

ЖЭО 90 кгс/см2

ЖЭО-90

12

Бу-газды қондырғылар

БГҚ

16

Газ-турбиналы қондырғылар

ГТҚ

17

Өзге де жабдықтар*

Өзге

21

Қолданыстағы ЖЭС-ті іске қосу қазандықтары

ІҚҚ

18

Ең жоғары су қыздыратын қазандықтар

ПСҚҚ

20


       Ескертпе: шетелдік фирмалардың жабдығы будың 60

120 кгс/см2 қысымына, конденсациялық және жылуландыру жабдығы будың 45 кгс/см2 қысымына энергопойыздарға және дизелді қондырғыларға, күн және геотермалды электр станцияларына қосылады.

  Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ бұрышындағы тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Жылу электр станцияларының қуатын шектеу себептерінің коды

Куатты шектеудің себебі

Шектеу себептерінің коды

техникалық

маусымдық

уақытша

1

2

3

4

Қуатты жиынтықты шектеу

100

200

 
300

Жобасыз отын, сапасы төмен отын



301

Есепті қорларды өтеген қазандықтар және қосалқы-қазандықтар жабдықтары

102



Қазандықтардың конструктивтік ақаулары

103



Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының конструктивтік ақаулары

 
 
104



Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының жеткіліксіз номиналды өнімділігі

105



Қазандықтар сыртының қайнауының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

306

Газды ауа трактысының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

307

Қосалқы-қазандықтар жабдықтарының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

308

Будың төмендетілген параметрлерімен бу жеткізушілердің, турбина жұмыстарының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

309

Қазандықтардың жеткіліксіз номиналды бу өнімділігі

110

Турбоагрегаттардың конструктивтік ақаулары

111

Турбиналардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

312

Күректі аппараттың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

313

Турбоагрегаттардың қосалқы жабдығының қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

314

Регенерациялау жүйесіндегі қондырғылардың және жабдықтардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

315

Есептік ресурсты өтеген турбоагрегаттың тозуы

116

ПТН-ның жеткіліксіз номиналды берілуі

117

ПТН-нің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі



 
318

Р типіндегі турбиналарда жылу жүктемелерінің болмауы

120



Р типіндегі турбиналарда жылулық жүктемелерінің жеткіліксіздігі

221

321

Жаман вакууммен жұмыс істейтін турбиналардың жылулық жүктемелерінің жеткіліксіздігі

222

322

Т, П, ПТ типіндегі турбиналардың жылу жүктемелерінің жеткіліксіздігі (жоғары конденсациялық өндіру)

223

323

Жылуды тұтыну режимімен байланысты өзге де себептер

224

324

Т, П, ПТ типіндегі турбиналардың жылу жүктемелерінің жеткіліксіздігі (конструктивтік ерекшеліктер)

125

225

325

Жылуды тұтынудың артуы


231


Реттелмейтін сұрыптаудан жылу беру


232


Репродуктивті-салқындату қүрылғысынан (РСҚ) жылу беру салдарынан қазандықтар қуатының тапшылығы



333

Жоба бойынша градирен санының жеткіліксіздігі

141

241

341

Жоба бойынша циркулярлық сорғылардың жеткіліксіздігі

142



Градиреннің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі



343

Циркуляциялық сорғылардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі



344

Конденсаторлардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі



345

Гидросуытқыштардың жеткіліксіз суытылуына байланысты өзге де себептер

146

246

346

Конденсаторға кірерде суытқыш су температурасының артуы


247


Тоған-суытқыштардың жеткіліксіз салқындату қабілеттілігі

148

248

348

ГТҚ бойынша шектеулер

149

249

349

БГҚ бойынша шектеулер

150

250

350

Генератор қуатының жобалық сәйкессіздігі

151

Ілеспе компенсатордың режиміндегі турбогенератордың жұмысы

352

Жүйеаралық электр байланыстарының жеткіліксіз өткізу қабілеті (жабылған қуат)

353

Генератордың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі

354

Қайта енгізілген агрегаттарды игеруді нормативтік мерзім кезінде шектеу

355

Жылу беру өнімділігінің жеткіліксіздігі

161

Қазандықтарда және қосалқы-қазандықтар жабдықтарының құрылыс-монтаждық кемшіліктері

362

Турбиналардың қосалқы жабдықтардың жылу кестелерінде, турбиналарда құрылыс-монтаждық кемшіліктер



 
363

Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткіліксіз өнімділігі (суды химиялық тазарту, түтін құбыры, күл үйінділері)



364

Жалпы станциялық жабдықтың, құрылымдардың жеткіліксіз жобалық өнімділігі (суды химиялық тазарту, түтін құбыры, күл үйінділері)

165



Жалпы станциялық жабдықтағы құрылыс- монтаждау кемшіліктері



366

Ауа бассейнін қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу



370

Су бассейнін қорғау шарттары бойынша қуатты шектеу




Жіктеуішке кірмеген өзге де себептер

172

272

372

Су ағысында (су ағысымен) жұмыс жасайтын, су электр станцияда (СЭС) су ресурстарының жетіспеушілігі


226


Құйылудың және су қоймасының жұмыс істеуінің төмендігіне байланысты су ресурстарының жетіспеушілігі


227


Су қоймасынан суды тастау режимі бойынша шектеу


228


Төменгі бьефті жоғарғы тіреу


229


Су электр станция (СЭС) плотинасының дайын болмауы



367

Жүктелу қабілетін ескеріп, турбиналардың жұмысы

180



  Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларына 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ бұрышындағы тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      үлгі

      КЕЛІСІЛДІ

      ________________басшысы

      сараптама ұйымның атауы

      ________ ______________

      қолы Т.А.Ә.

      20___ж."__"____________


      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      _________ ____________

      қолы Т.А.Ә.

      20___ж."___"__________



20___жылғы______________жылу электр станциялары қуатына

      ЖЭС аты күтілетін шектеулер

Көрсеткіш

Жабдық тобының коды

Жобалық отын түрінің коды

Энергия блог ының нөмі рі

Шектеу себебіні ң коды

Айлар бойынша көрсеткіштің мәні (МВт)

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

Жылдық орташа

Белгіленген қуаты


















Қолда бар қуаты


















Шектеулі қуаты


















Оның ішінде себептер бойынша



















      ЖЭС басшысы_____________ _______________

       қолы тегі, А.Ә.

      Ескертпе. Деректер жабдықтың жеке кіші топтары, жеке энергия блоктары бойынша (қуатты шектеу себептері бойынша бөле отырып), әрбір жылу электр станциясы және жалпы қуаты 50 МВт және одан жоғары жылу электр станциялары бойынша келтірілген.

  Жылу электр станцияларының электр қуатына шектеулерді және осындай шектеулерді қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу қағидаларына 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ бұрышындағы тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Электр қуатын шектеудің есебі

      1. Электр қуатын шектеу:

      1) жылу электр станциялары жабдықтарының жеке кіші тобы бойынша;

      2) алдағы жылдың әрбір айына және орташа есеппен жылға есептеледі.

      2. Қуатты шектеу жабдығының кіші тобы бойынша негізделетін бірнеше факторлар бір мезгілде әрекет еткен кезде жекелеген факторларды сандық бағалаудың кезектілігі қуатты шектеудің мынадай басым түрлеріне сәйкес келеді: техникалық, маусымдық, уақытша.

      Жабдықтың кіші тобы қазандықтарында олардың бу өнімділігінің төмендеуін (техникалық шектеу түрі) тудыратын құрылымдық ақаулар болған жағдайда, жаз мезгілінде салқындатқыш судың температурасының көтерілуіне байланысты (маусымдық шектеу түрі) электр қуатын шектеудің есебі номиналды емес, конденсатордағы будың төмендетілген шығынына орындалады. Экологиялық шектеулерді бағалаған кезде жанған өнімдердің атмосфераға шығарындылары қазандықтың құрылымдық ақауларына және жаз мезгілінде вакуумның нашарлауына байланысты кіші топтың электр қуатын шектеу ескеріле отырып есептеледі.

      3. Қуатты шектеу есептері мынадай жағдайларда орындалады:

      1) жылу электр станцияларында орнатылған барлық жабдықтардың жұмыста болуы;

      2) жылу электр станциясы тарапынан тұтынушыларға жылуды бумен және ыстық сумен босатуда шектеудің болмауы;

      3) жылуды ыстық сумен босатудың күтілетін мәніндігі соңғы 5 жылдағы орташа сыртқы ауа температурасының жергілікті метеоқызметінің бақылау деректері бойынша немесе анықтамалық деректер бойынша қабылданатын жұмыстық қуатын есептеу сағатына сәйкес келеді;

      4) сыртқы тұтынушыларға жылуды бумен босатудың болжамды мәнін қабылдау олардың өтінімдері бойынша, ал өтінім болмаған жағдайда - өткен жылдың нақты деректер бойынша қабылданады;

      5) өз қажеттілігіне жұмсалған жылу және электр энергиясының шығынын есептеу, турбиналардың конденсаторларында пайдаланылған будың қысымы және есептеу үшін қажетті басқа да көрсеткіштер жабдықтардың нормативтік сипаттамалары бойынша анықталады.

      Есептеу кезінде отынның жетіспеушілігінен және жабдықтың пайдалану жағдайының қысқа мерзімді нашарлауынан оны профилактикалық жөндеу арасындағы кезеңде (қазандықтардың және турбиналардың конденсаторларының қыздыру бетін шөгінділердің басып қалуы және қазандықтардың газ жолында ауа соруды арттыру) қуатты шектеу есепке алынбайды.

      4. Жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді есептеу өткен жылы орындалған оларды қысқарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі ескеріле отырып орындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады