"Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 шілдеде № 15354 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9738 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2015 жылғы 26 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пробация қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидасында:

      69-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бас бостандығын шектеуге сотталған әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан жағдайда Пробация қызметінің қызметкері осы Қағидаға 41-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тарту туралы актісін жасайды.";

      мынадай мазмұндағы 81-1-тармақпен толықтырылсын:

      "81-1. Шартты түрде сотталған әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан жағдайда Пробация қызметінің қызметкері осы Қағидаға 41-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тарту туралы актісін жасайды.";

      мынадай мазмұндағы 94-1-тармақпен толықтырылсын:

      "94-1. Постпенитенциарлық пробацияға жататын адам әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан жағдайда Пробация қызметінің қызметкері, ал пенитенциарлық пробацияға жататын адамға қатысты пробация қызметінің қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, осы Қағидаға 41-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тарту туралы актісін жасайды.";

      108-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108-1. Пробация қызметі сот талқылауы басталғанға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығымен бекітілген Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14876 болып тіркелген) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндаманы дайындайды. Сотқа дейінгі баяндаманы бергеннен кейін күдікті, айыпталушы Пробация қызметінің есебінен алынады.".

      41-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 16 маусымдағы
№ 423 бұйрығына
қосымша
  Пробация қызметінің жұмысын
ұйымдастыру қағидасына
41-1-қосымша
Нысан

      _____________________________________________________________________________

       (пробация қызметінің (мекеменің) атауы)

Әлеуметтік - құқықтық көмек алудан бас тарту туралы актісі

      Біз, төмендегі қол қоюшылар: _______________________________________________

       (қызметкерлердің тегі, аты-жөні)

      _______________________________________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

      қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тарту туралы актісін жасадық.

      _________ _____________ ______________________

       (атағы)       (қолы)             (тегі, аты-жөні)

      __________ _____________ ______________________

       (атағы)       (қолы)             (тегі, аты-жөні)

      20___ жылғы "___" ______________

      Осы актіні жасау кезінде пробация қызметінің қызметкерлері тарапынан маған

      психологиялық немесе қандай да бір басқа да қысым көрсетілген жоқ

      __________ __________________________________________ 20___жылғы "__"_______

       (қолы) (пробацияға жататын адамның тегі, аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады