Әкімшілік дереккөздер арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін әкімшілік деректерді пайдалану мақсатында уәкілетті органның ведомствосы тізілім деректерінің, сондай-ақ қолда бар әкімшілік деректер туралы ақпараттың негізінде, өзінің қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізілімінде № 13244 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкімет" шлюзінің, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларына сәйкес техникалық құжатты әзірлейді.
Ақпараттық жүйелердің интеграциясынсыз жүзеге асырылатын өзара іс-қимылдар бойынша бірлескен актілер әзірленеді, оған орталық (немесе уәкілетті органның ведомстволары) немесе жергілікті атқарушы органдардың басшылары (не олардың міндеттерін орындайтын тұлғалар) қол қояды.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электронды түрде оның көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы |
Н. Айдапкелов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрi
Д. Абаев _____________
2017 жылғы 2 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов ______________
2017 жылғы 8 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрi
М. Бекетаев _____________
2017 жылғы 11 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрi
Е. Сағадиев ______________
2017 жылғы 5 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрi
Е. Біртанов ______________
2017 жылғы 28 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық қоғам
министрi
Н. Ермекбаев ______________
2017 жылғы 4 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрi
Т. Дүйсенова ______________
2017 жылғы 26 сәуір
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрi
Ж. Қасымбек ______________
2017 жылғы 19 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
Б. Сұлтанов ______________
2017 жылғы 16 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрi
Б. Атамқұлов ______________
2017 жылғы 24 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрi
С. Жасұзақов ______________
2017 жылғы 18 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрi
А. Мұхамедиұлы ____________
2017 жылғы 12 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров ______________
2017 жылғы 12 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрi
Қ. Әбдірахманов ___________
2017 жылғы 2 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасы
Д. Ақышев ______________
2017 жылғы 26 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрi
Қ. Қасымов ______________
2017 жылғы 16 маусым
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрi
Қ. Бозымбаев ______________
2017 жылғы 5 маусым