"Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 277 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қатені түзеу

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 шілдеде № 15375 болып тіркелді

      "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14549 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халыкаралық пошта алмасу орындарында:

      реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар, мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Астана ХПАО

Астана қаласы, Астана-Қарағанды тас жолы, 45/1 үй

KZASTC ASTANA PCI-4 – жазбаша және сәлемдемелік пошта үшін;
KZASTA ASTANA PCI-2 – халықаралық жазбаша хат-хабарлар үшің;
KZASTB ASTANA PCI-3 – халықаралық сәлемдемелік пошта үшін;
KZASTE ASTANA EMS – EMS жөнелтілімдері үшін.

"Қазпошта" акционерлік қоғамы

4.

Жаркент
ХПАО

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Пиджим ауылы, Сауда базасы алаңы №1

KZZRKA ZHARKENT PCI-5 – жазбаша хат-хабар үшін;
KZZRKB ZHARKENT PCI-3 – халықаралық сәлемдемелер үшін;
KZZRKE ZHARKENT EMS – EMS жөнелтілімдер үшін;
KZZRKF ZHARKENT PCI-7 – бос ыдыс үшін

"Қазпошта" акционерлік қоғамы

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (З. Худайбергенова):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 23 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады