Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 15409 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 476 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.11.2018 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 23 мамырдағы № 226 бұйрығын (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.) қараңыз.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (З.К. Құдайбергенова):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз тасығышта және электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      _____________ С. Жасұзақов

      2017 жылғы 3 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

      _______________ А. Күреңбеков

      2017 жылғы 21 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің төрағасы

      _____________Қ. Қожамжаров

      2017 жылғы 21 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      "Сырбар" сыртқы барлау кызметінің

      директоры

      _______________ Ғ. Байжанов

      2017 жылғы 24 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      төрағасы

      _______________ К. Мәсімов

      2017 жылғы 24 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 24 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 24 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 264 бұйрығымен бекітілген

Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жылжымалы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорының операторы (бұдан әрі - Оператор) – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқоры (бұдан әрі - Дерекқор) – жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты қамтитын дерекқор;

      3) жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы - абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланыс сигналдарын қалыптастыратын және байланыс операторының желісіне қосылатын, кызмет көрсетілетін аумақтың шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, жылжымалы байланыс желілерінде (ұялы, транкингтік, спутниктік телекоммуникациялар желісінде және басқаларда) жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

      4) сәйкестендіру коды - байланыс операторының желісіне абоненттік құрылғыны қосу кезінде таралатын, өндіруші зауыт беретін осы құрылғының коды.

      3. Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодтары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін барлық абоненттік құрылғы тіркеуге жатады.

      Абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2-тарау. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорында тіркеу тәртібі

      4. Абоненттік құрылғыларды тіркеу жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру коды бойынша жүргізіледі.

      Абоненттік құрылғыда екі және одан да көп сәйкестендіру кодтары бар болған кезде, олардың біреуін тіркеуге рұқсат етіледі.

      5. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарын тіркеуді Дерекқор операторы жүзеге асырады.

      6. Абоненттік құрылғыны байланыс операторының желісіне қосқан кезде абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтары бойынша ақпарат Дерекқорға жіберілетін ұялы байланыс операторының жергілікті тізілімдерінде автоматты түрде толтырылады.

      7. Ұялы байланыс операторларының сәйкестендіру кодтары туралы ақпаратты Дерекқор операторына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      8. Дерекқор операторы абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтары бойынша ақпаратты алған сәттен бастап тіркеуді жүзеге асырады.

      Осы тарауда көзделген тіркелу рәсімі өткізілген кезде байланыс қызметі тоқтатылмайды.

      9. Дерекқор операторы абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарын тіркеген сәттен бастап ұялы байланыс операторларына абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының тіркелу статусы туралы хабарлама жолдайды.'

3-тарау. Жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорының жұмыс істеу және (немесе) жүргізу тәртібі

      10. Дерекқор операторы қалыптастыруды, жүргізуді, жұмыс істеуін, сүйемелдеуді, дамытуды және оның ресурстарына қолжетімділік беруді мыналар арқылы қамтамасыз етеді:

      1) Дерекқордың тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      2) Дерекқорға келіп түсетін ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу;

      3) Дерекқорда қамтылған ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету;

      4) ұялы байланыс операторларына ұялы байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметтерін жүзеге асыратын органдарға Дерекқорда қамтылған ақпараттарға қолжетімділік беру.

      11. Ұялы байланыс операторлары жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының тізілімінен мәліметтерді ұсынады.

4-тарау. Ұялы байланыс операторларына және жедел-іздестіру, қарсы барлау кызметтерін жүзеге асыратын органдарға жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының бірыңғай дерекқорына қолжетімділік беру тәртібі

      12. Дерекқор операторы қолжетімділікті жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметтерін жүзеге асыратын органдарға өзара іс-қимылдың келісілген стандарттық хаттамалары арқылы қамтамасыз етеді.

      13. Дерекқор операторы ұялы байланыс операторлары ұйымдастырған байланыс арналары бойынша ұялы байланыс операторларына дерекқор сервисына қолжетімділік береді.

      14. Ұялы байланыс операторларының Дерекқор операторымен ақпарат алмасуы Дерекқорға мәліметтердің түсуіне қарай жүзеге асырылады.

5-тарау. Сәйкестендіру коды бойынша абоненттік құрылғылардың жұмыстарын тоқтата тұру немесе қалпына келтіру тәртібі

      15. Абоненттік құрылғы жұмысының сәйкестендіру коды бойынша абоненттік құрылғылардың жұмыстарын тоқтата тұруды немесе қалпына келтіруді қалпына келтіруді абоненттік құрылғы иесінің (меншік иесінің) өтініші бойынша ұялы байланыс операторлары жүзеге асырады.

      Сәйкестендіру кодтары бойынша абоненттік құрылғылардың жұмыс істеуін тоқтата тұру және (немесе) қалпына келтіру туралы өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету пунктерінде қабылданады.

      16. Иесі (меншік иесі) абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодын бұғаттауға өтініш беруі кезінде Дерекқор операторы абоненттік құрылғының бірдей сәйкестендіру кодының бар екендігіне тексеріс жүргізеді.

      17. Ұялы байланыс операторлары Дерекқор операторына абоненттік құрылғылардың тоқтатылған, бірдей сәйкестендіру кодтарының бар екендігі туралы растауды ұсынады.

      18. Желіде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғы анықталған жағдайда, ұялы байланыс операторы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 984 қаулысымен бекітілген Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру кызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету ережесінде белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарды хабардар етеді.

      Абоненттік құрылғылардың бірдей сәйкестендіру кодтары бар болған кезде байланыс қызметі тоқтатылмайды.

      19. Ұялы байланыс операторы ұялы байланыс кызметтерін тоқтата тұру және (немесе) қалпына келтіру рәсімі кезінде Дерекқор операторына абоненттік құрылғылардың бірдей сәйкестендіру кодтарының санын ұсынады.

      20. Дерекқорда тоқтатылған абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын www.services.sts.kz ақпараттық ресурсы арқылы тексеруге мүмкін болады.

  Жылжымалы желінің абоненттік
құрылғыларын тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Сәйкестендіру кодтары туралы ақпарат

Үлгіні бөлу коды (ТАС)

Сериялық нөмірі

NNXXXX ҮҮ

ZZZZZZ


(ТАС)

Үлгілік модельдің бекітілген коды. Телефон моделі

NN

Өндіруші елдің коды

ХХХХҮҮ

ІМЕІ бөлінуі бойынша ұйым айқындайтын үлгілік сәйкестендіргіш

ZZZZZZ

Сериялық нөмірі

  Жылжымалы желінің абоненттік
құрылғыларын тіркеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Ұялы байланыс операторына
___________________________
кімнен
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда))
байланыс телефондары
___________________________

Тоқтата тұру және (немесе) қалпына келтіру туралы өтініш

      Сізден ұялы байланыс желілерінде ____________________________________________

      сәйкестендіру коды бойынша абоненттік құрылғылардың жұмыс істеуін мынадай себептер

      бойынша

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________ тоқтата тұруды / қалпына келтіруді сұраймын.

      Ескерту. Өтінішке мынадай қосымша мәліметтер ұсынылады: ЖСН (жеке тұлғалар үшін),

      БСН (заңды тұлғалар үшін) абоненттік нөмір, тауар чегі немесе басқа да иесінің/меншік

      иесінің растайтын құжаттары.

      ________________________________________________________ _______________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда)                              қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады