Жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 433 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 тамызда № 15415 болып тіркелді.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 57-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 3 шілдедегі
№ 433 бұйрығымен
бекітілген

Жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс істеп тұрған кірме жолдарға жалғасуын келісу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңадан салынып жатқан жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуын келісу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 57-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және жаңадан салынып жатқан кірме жолдардың жұмыс істеп тұрған кірме жолдарға жалғасуын келісу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) кірме жолдар – жүк жөнелтушілерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тікелей немесе басқа да кірме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын теміржолдар;

      2) өтініш беруші – тікелей немесе басқа да кірме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын жұмыс істеп тұрған кірме жолдарға жалғасуға келісім алу үшін тармақ иеленушіге өтінішпен жүгінген жеке немесе заңды тұлға;

      3) тармақ иеленуші – меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржолдың кірме жолдарын иеленуші тұлға;

      4) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын жəне магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ əскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

2-тарау. Жаңадан салынып жатқан кірме жолдардың жұмыс істеп тұрған кірме жолдарға жалғасуын келісу тәртібі

      3. Жаңадан салынып жатқан кірме жолдардың жұмыс істеп тұрған кірме жолдарға жалғасуына тармақ иеленушінің келісімін алу үшін өтініш беруші тармақ иеленушіге мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      2) жер учаскесіне меншік құқығын белгілеуші және сәйкестендіру құжатының көшірмесін;

      3) жүк тасымалдауға жоспарланған жүктің түрін, салмағын көрсете отырып, жоспарланып отырған жылдық тиеу және (немесе) түсіру туралы мәліметтердің көшірмелерін;

      4) өтініш берушінің кірме жолдарды станциялық және (немесе) магистральдық теміржол желісіне жалғасқан жағдайда жылжымалы құрамның жүріп тұруы үшін жұмыс істеп тұрған кірме жолдардың барлық тармақ иеленушілердің (контрагенттердің) келісу туралы хаттардың көшірмелерін;

      5) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін (заңды тұлғалар үшін) не жеке куәліктің (жеке тұлғалар үшін) көшірмесін ұсынады.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді және тармақ иеленушіге пошта арқылы жіберіледі немесе құжаттар топтамасын алу күні мен уақытын көрсете отырып, оның қолтаңбасын алып қолма-қол беріледі.

      5. Тармақ иеленуші құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге кірме жолдардың жалғасуына жазбаша түрде келісім береді немесе жазбаша дәлелді келісуден бас тартуды жібереді.

      6. Өтініш берушіге мынадай дәлелдер:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген толық емес құжаттар топтамасын ұсынған;

      2) тармақ иеленушінің келісімін алу үшін өтініш берушімен ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      3) жұмыс істеп тұрған кірме жолдың резервтік өткізу қабілеттілігі болмаған жағдайда кірме жолдарға жалғасуға келісуден бас тартады.

      7. Өтініш беруші жаңадан салынып жатқан кірме жолдардың жұмыс істеп тұрған кірме жолдарға жалғасуына тармақ иеленушінің жазбаша келісімін алған сәттен бастап жүктің түрін және салмағын көрсете отырып жалғасу станциясындағы жүк тасымалдаудың перспективалық көлемдерінің жоспарын құру үшін Ұлттық инфрақұрылым операторына ол туралы бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.

  Жаңадан салынып жатқан
кірме жолдардың жұмыс істеп
тұрған кірме жолдарға
жалғасуын келісу
қағидаларына қосымша
  Нысан

      ________________________
(Жаңадан салынып жатқан кірме
жолдардың жұмыс істеп тұрған
кірме жолдарға жалғастыруға
келісім беруді жүзеге асыратын
тармақ иеленушінің толық атауы)
_________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болғанда) /заңды
тұлғаның атауы, мекенжайы
және телефоны)

Жаңадан салынып жатқан кірме жолдардың жұмыс істеп тұрған кірме жолдарға жалғасуын келісуге арналған өтінішті

      _______ жылғы _________ № ___ техникалық шарттарына сәйкес _______________________

      ___________________________________________________________________ станциясында

                                    (мекенжай)

      ___________________________________________________________________ үшін жанадан

                              (жүктің түрін көрсету)

      жаңадан салынып жатқан кірме жолдардың жұмыс істеп тұрған кірме жолдарға жалғасуын

      келісім беруіңізді сұраймын.

      Қосымша _________ парақ.

      Жеке тұлғаның тегі, аты,             __________            ______________________________

      әкесінің аты (бар болғанда)       (қолы)             (мөрмен расталған заңды тұлғаның

      /заңды тұлғаның лауазымы                         бірінші басшысының не оны

                                                      алмастыратын тұлғаның тегі

                                                      (бар болғанда), аты, әкесінің аты

                                                            (бар болғанда))

      ________________________

      (өтініш күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады