"Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына өзгерістер пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 19 шілдедегі № 343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 тамызда № 15437 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 15253 тіркелген, Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 26 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруда:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Комиссия мүшелеріне үміткерлердің уәждемелік және ұсыным хаттарын бағалау бойынша қызметақы төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі – № 1193 қаулысы) нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Комиссия мүшелері бағаларды осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткердің уәждемелік пен ұсыным хаттарын бағалау парағына қояды.

      Уәждемелік және ұсыныс хаттарды бағалау нәтижелері туралы шешім Комиссия мүшелері қойған қорытынды балдардың көпшілігі негізінде қалыптасады.";

      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "25. Комиссия мүшелерінің үміткерлермен жеке әңгімелесуді өткізу бойынша көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу № 1193 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.";

      тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н. А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Б. Асылова

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
м.а.
2017 жылғы 19 шілдедегі
№ 343 бұйрығына 1-қосымша
  Тәуелсіз сараптамалық комиссия
жұмысын ұйымдастыруға
1-қосымша
  Нысан

Бағалау өлшемшарттары

Уәждемелік хат

Бағалау өлшемшарттары

Баға

1. Уәждеме деңгейі.

Уәждеме деңгейі толығымен ашылған (атап айтқанда, кәсіби, жеке мақсаттар, біліктіліктер, келешек; шетелде оқу аясында даярлану барысында алынған тәжірибені пайдаланып, қандай мәселе немесе міндет шешілуі қажет).Коммуникативтік ниет байқалады.

2

Уәждеме деңгейі үстіртін ашылған, коммуникативтік ниет байқалады.

1

Уәждеме деңгейі ашылмаған, жауап мазмұны оның уәждеме деңгейі жөнінде түсінік бермейді.

0

2. Дәлелдеме.


Деректер мен мысалдар әртүрлі дереккөздерден алынған: академиялық ғылыми әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары ақпараты, оқу әдебиеті материалдары, жеке әлеуметтік тәжірибе мен өз бақылаулары қолданылады (әртүрлі дереккөздерден кем дегенде 2 мысал келтірілген).

2

Дәлелдеме тек қана жеке әлеуметтік тәжірибеге және өз бақылауларына сүйене отырып берілген немесе мысал(дар) бірсарынды дереккөзден келтірілген.

1

Дәлелдеме жоқ немесе келтірілген деректер дәлелденетін тақырыпқа сәйкес келмейді.

0

3. Ойлау логикасы.

Пікірлерді баяндау қисындылығымен және бөлімдерінің мөлшерлестігімен ерекшеленеді, мағыналық бөлімдер ішінде бірізділік бұзушылықтары мен негізсіз қайталанымдар жоқ.

2

Уәждемелік хат бөлімдері өзара қисынды байланысқан, бірақ мағыналық бөлімдер ішінде бірізділік жоқ және/немесе ой қайталанып, дамымайды.

1

Қисындылықтың өрескел бұзушылықтары жазылғанның мағынасын түсінуге кедергі жасайды немесе уәждемелік хаттың бөлімдері өзара қисынды байланысты емес.

0

4. Сөз сапасы.

Үміткер түрлі грамматикалық құрылымдар мен әртүрлі лексиканы пайдалана отырып, ойын нақты жеткізеді, қажет болған жағдайда терминдерді орынды қолданады, даяр сөз орамдарына (штамптар) жол бермейді.

2

Үміткер ойын нақты жеткізеді, бірақ оның тілі сөздік қоры кедейлігімен және тілдің грамматикалық құрылымының біртектілігімен сипатталады.

1

Сөз сапасының төмендігі оның мағынасын түсінуді елеулі түрде қиындатады.

0

5. Біртумалық.

Үміткер уәждемені ашу үшін ерекше шығармашылық тұрғыны (қызықты ойлар байқалады немесе күтпеген және сонымен бірге, сендірерлік дәлелдер немесе жаңа бақылаулар және т.б.) немесе стиль жарқындылығын көрсетеді.

1

Үміткер өздігінен ойлануды және/немесе шығармашылық, ерекше әдісті және/немесе стиль біртумалылығын көрсетпейді.

0

Ұсыным хат

Бағалау өлшемшарттары

Баға

1. Ұсыным берушінің бағасы.


Ұсыным беруші ретінде үміткермен ұзақ уақыт аралығында таныс (оқытушы, ғылыми жетекші, әріптес) және үміткер таңдаған мамандық бойынша біліктілігінің деңгейі жеткілікті болған тұлға болады.

2

Ұсыным беруші ретінде үміткермен ұзақ уақыт аралығында тікелей таныстықта болмаған, бірақ үміткер таңдаған мамандық бойынша біліктілігінің деңгейі жеткілікті болған тұлға болады.

1

Ұсыным беруші ретінде үміткер таңдаған мамандық бойынша біліктілігінің деңгейі жеткіліксіз болған тұлға болады.

0

2. Мінездеме.


Үміткердің жетістіктері мен табыстарын, сондай-ақ кәсіби және жеке қасиеттері жайлы ақпаратты қамтиды, таңдаған мамандығына қатысты қызметті жүзеге асыру бойынша мысалдар (жағдайлар) келтірілген.

2

Жеткілікті түрде толық және нақты, онда үміткердің дағдыларына және жетістіктеріне, қасиеттеріне қатысты пікірлер берілген және мысалдармен (жағдайлармен) бекітілген.

1

Үміткердің барлық мүмкінді сипаттары мысалдар (жағдайлар) келтірілмей және/немесе біліктіліктер (жетістіктер) көрсетілмей берілген және таңдалған мамандыққа қатысты емес.

0

3. Ұсыным беруші дәлелдемесі мен әділдігінің деңгейі.


Ұсыным беруші үміткердің таңдаған мамандануының өзектілігін оның болашақта көрсетілген тақырыптағы маңызды мәселелерді шешу үшін қажеттілігінің ерекшелігін дәлелдеумен ашып көрсетеді. Үміткердің бағасында оқудың нақты бағдарламасын зерттеуге қойылатын арнайы талаптар ескеріледі.

2

Ұсыным үміткердің жеке және кәсіби қасиеттері негізінен шығады.

1

Үміткерді ештеңемен расталмаған мақтаудан тұрады. 

0

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
м.а.
2017 жылғы 19 шілдедегі
№ 343 бұйрығына қосымша
  Тәуелсіз сараптамалық комиссия
жұмысын ұйымдастыруға
2-қосымша
  Нысан

"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткердің уәждемелік және ұсыным хаттарын бағалау парағы

      Үміткер коды ____________

Бағалау өлшемшарттары
 

Балл

Уәждемелік хат*


1. Уәждеме деңгейі


2. Дәлелдеме


3. Ойлау логикасы


4. Сөз сапасы


5. Бірегейлік


Қорытынды балл


Ұсыным хат**

1. Ұсыным берушінің бағасы


2. Мінездеме


3. Ұсыным беруші дәлелдемесі мен әділдігінің деңгейі


Қорытынды балл
 


      _____________________            _____________________            ____________________

      Комиссия мүшесі Т.А.Ә.                  (қолы)                              (күні)

      (әкесінің аты бар болған жағдайда)

      Ескертпе:

      *Кезеңнен өту үшін жеткілікті болып табылатын балл саны – 5 балл.

      ** Кезеңнен өту үшін жеткілікті болып табылатын балл саны – 3 балл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады