"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 тамызда № 15444 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 308 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11063 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларында:

      5-тармақтың eкінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бортсеріктердің бастапқы дайындығы авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кәсіптік деңгейін қолдау мақсатында бортсерік – нұсқаушылар, бортсерік – емтиханшылар үш жылда бір рет азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. ";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Бортсеріктерге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру және қарау қағидаларына сәйкес берілетін медициналық қорытынды болған және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығымен бекітілген жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу және жүргізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекетік тіркеу тізілімінде № 10638 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша жеке медициналық кітапша болған жағдайда ұшуға рұқсат беріледі";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бортсеріктерді қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу Заңның 76-бабының 5-тармағына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Азаматтық әуе кемелерінде әуе бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес олар азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында қажетті даярлаудан өткенен кейін жүзеге асырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Бортсерікке үш үлгіден аспайтын әуе кемелерінде ұшуға рұқсат беріледі. Егер ӘК екі үлгісінде авариялық-құтқару жабдықтары, ӘК үлгісін есепке ала отырып стандарттық және авариялық рәсімдері ұқсас, сондай-ақ ӘК үлгісін есепке ала отырып стандарттық және авариялық рәсімдері бірдей жағдайда әуе кемесінің үлгісін ескермей отырып, төртінші әуе кеме үлгісінде ұшуды орындауға уәкілетті орган рұқсат береді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Пайдаланушы бортсеріктердің ұшудағы практикалық жұмысын тексеруді мынадай мақсатта уәкілетті органмен келісілген бекіткен бағдарламалар бойынша ұйымдастырады және жүргізеді:

      1) әуе кемесінің бортындағы дербес жұмысқа рұқсат алу;

      2) алты айдан он екі айға дейін ұшу қызметіндегі үзілістен кейін әуе кемесінің бортындағы жұмысқа рұқсат алу;

      3) әуе кемесінің бортында бip жылдан астам және бес жылға дейін ұшу кызметіндегі үзілістен кейін жұмысқа рұқсат алу;

      4) әуе кемесінің бортында бес жылдан астам ұшу кызметіндегі үзілістен кейін жұмысқа рұқсат алу;

      5) мамандығы бойынша біліктілігін айқындау немесе растау. ";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Практикалық жұмысты тексеру нәтижелері ұшу кітапшасына енгізіледі және:

      1) бортсеріктер үшін (бортсерігі, аға бортсерігі, бортсерік – инструктор біліктілік сыныбына қарамастан) бір жыл ішінде;

      2) әуе кемесінің жаңа типіне қайта даярлаудан кейін дербес жұмыстың бірінші жылы ішінде бортсеріктер үшін үш ай ішінде жарамды болып табылады.";

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ___________Е. Биртанов

      2017 жылғы 10 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады