"Радиотелефондық байланыста қолданылатын тілді меңгеру дәрежесін айқындауға арналған тестілеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 424 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 тамызда № 15450 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Радиотелефондық байланыста қолданылатын тілді меңгеру дәрежесін айқындауға арналған тестілеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8783 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2014 жылғы 15 қаңтарда № 8 (24629) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиотелефондық байланыста қолданылатын тілді меңгеру дәрежесін айқындауға арналған тестілеу қағидасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Авиациялық персоналға куәлік беру" Халықаралық азаматтық авиация конвенциясына 1-қосымшасының ережелеріне, "Тілді білуге Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) талаптарын енгізу жөніндегі нұсқаулық" ИКАО 9835 құжатына, "Жаһандық келісу үшін тілдік тест жүргізу критерийлері" ИКАО 318 нұсқауына, "Персоналды авиациялық ағылшын тіліне оқыту бағдарламалары бойынша ұсынымдар" ИКАО 323 нұсқауына сәйкес әзірленген".

      2. Осы Қағидалар Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест тәртібін айқындайды.";

      4-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әкімшілік қамтамасыз ету – ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жеке тұлғаларды тестілеуден өткізуді ұйымдастырумен байланысты іс-қимылдар, оның ішінде ұйымдастыру рәсімдері, кандидаттарды тіркеуді қамтамасыз ету, құжаттама мен электрондық деректерді жүргізу және сақтау, талап етілетін жабдықты, бағдарламалық құралдарды, үй-жайларды дайындау және олардың функционалдық жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету (материалдық-техникалық қамтамасыз ету);

      2) бағалау – белгіленген стандартқа қатысты, сондай-ақ қажет болған жағдайда, осындай тест тапсырған басқа тест тапсырушылардың нәтижелерімен салыстыру жүргізуге мүмкіндік беретін, ағылшын тілін меңгеруге тест тапсыру кезінде кандидат цифрлық немесе кодталған нысанда көрсеткен, аралық немесе түпкілікті нәтиже;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) тест алушы ұйым – радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тестінің қажетті кезеңдерін өткізуді жүзеге асырушы және осы мақсатта филиалдарды құруға немесе өкілдерді белгілеуге құқығы бар заңды тұлға;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) тестілеу – радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеруін тек осы мақсат үшін әзірленген тестілер (тестілеу жүйелері) мен рәсімдер арқылы бағалау;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) шындық – тест қорытындылары ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қатысты дәлме-дәл, негізді және тест жүргізу мақсаттарына сай келетін қорытынды жасауға мүмкіндік беретін дәреже.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау (тестілеу) "Авиациялық персоналға куәлік беру" Халықаралық азаматтық авиация конвенциясына 1-қосымшаның Халықаралық стандартының (1.2.9.4-бөлім, 1-тарау) 1-үстемесінде және "А" толықтыруында баяндалған, радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеруге қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері бойынша тиісті Куәлікке біліктілік белгісі енгізіледі.

      8. Ішкі және халықаралық ұшуды орындайтын және/немесе қызмет көрсететін авиациялық персоналдың ИКАО тілді меңгеруді бағалау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау мерзімділігі:

      4-деңгей – үш жылда бір реттен сирек емес;

      5-деңгей – алты жылда бір реттен сирек емес;

      6-деңгей – ағылшын тілін білу деңгейін одан әрі растаудан босатылады.

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тестіні (тестілеу жүйесін) ИКАО тілдерді меңгеруді бағалау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы біліктілік белгісін алуға жататын әрбір маманның өзі таңдайды. Бұл ретте тестіні (тестілеу жүйесін) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мақұлдайды.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Тілдерді меңгеруге қойылатын талаптар ИКАО тілдерді меңгеруді бағалау шкаласының холистикалық өлшемшарттарын және жұмыс деңгейін қамтиды. Тілдерді меңгеруге қойылатын талаптар фразеологияны және ауызекі сөйлеу тілін қолданған кезде қойылады.";

      11-тармақ алып тасталсын;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест тәртібі";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тестіні (тестілеу жүйесін) әзірлеу сатысы тестілеуге жатпайды және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісуін талап етпейді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін ИКАО шкаласы бойынша анықтау кезінде сапаны қамтамасыз ету мақсатында бір рейтер (бағалаушы) бір күнде үштен артық тестіні тексеруді жүзеге асыра алмайды, ал бір емтихан алушы күніне 6-дан артық адамнан тест ала алмайды.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест (бұдан әрі – тестілеу) қалалық және ұялы телефондар сөндіріліп, есігі жабылатын үй-жайда өткізіледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Бағалау процессіне үшінші рейтер (бағалаушы) тест тапсырушы бір рейтерден 3 деген, ал екінші рейтерден 4 деген қорытынды баға алған жағдайларда ғана тартылады, себебі осы екі деңгей арасындағы айырмашылық ИКАО бағалау шкаласы бойынша ағылшын тілін білуін тестілеу кезінде аса сындарлы сипатта болады.";

      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:

      "54-1. Егер ИКАО шкаласы бойынша авиациялық ағылшын тілінің деңгейін анықтайтын қолданыстағы сертификаты бар авиациялық персонал сертификаттың қолданылу кезеңінде ішінде ИКАО шкаласы бойынша авиациялық ағылшын тілінің деңгейін анықтау үшін қайтадан тестілеуден өтіп, авиациялық ағылшын тілінің басқа деңгейімен сертификат алса, онда бұрын берілген сертификаттың қолданысы тоқтатылады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейі ИКАО шкаласына сәйкес алты элементтің ең төменгісі бойынша қойылған цифрлық бағаны білдіреді.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау кезінде тест алушы ұйым тарапынан жіберілген қате табылған жағдайда, берілген сертификат тегін ауыстырылады.";

      67-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Тест (тестілеу жүйесі) ИКАО тілді меңгеру деңгейін анықтау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін білу деңгейін жоғары сенімділік дәрежесімен анықтауға және лингвистиканың, тестологияның және авиациялық ағылшын тілінің келесі шарттары мен талаптарына сай болуға тиіс:";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      тест (тестілеу жүйесі) жеке, яғни, бір ғана тест тапсырушының ағылшын тілін білу деңгейін тексеретін болуға тиіс (бірнеше кандидаттан бір уақытта тест қабылдауды ұйымдастыру сонша емтихан алушының болуын талап етеді);

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тест (тестілеу жүйесі) шынайы болуға, яғни, жалпы және авиациялық ағылшын тілін білу деңгейін анықтау бойынша тестілеу тапсырмаларын әділ шешуге тиіс (шынайы емес тестілер қойылған бағаның ағылшын тілінің тестілеуге жататын саласындағы шынайы тілдік құзыретке сәйкестігіне кепілдік бере алмайды);";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      тестінің (тестілеу жүйесінің) тапсырмалары ИКАО бағалау шкаласының барлық алты элементі бойынша ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға тиіс (айтылуы, құрылымы (грамматикасы), сөздік қор, сөйлеу шапшаңдығы, түсіну, сөйлесу (өзара әрекет ету));

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) тест (тестілеу жүйесі) ағылшын тілін білу деңгейін тікелей тестілеу әдісімен, яғни, тестінің бір кезеңі ретінде сөйлесуге кететін уақытты ғана есептеп, жеке сөйлесу кезінде тексеруге тиіс;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      фразеологияны ғана тестілеу тиімсіз, яғни, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін тестілеу өткізу кезінде радиоалмасу фразеологиясы элементтері бар жауаптар тиімділігі немесе технологиялық жағынан дұрыстығы бойынша бағаланбауға тиіс;

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Кандидатты тестілеу рәсімі ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тілі жүйенің барлық элементтерін және біріншіден бастап алтыншыны қоса алғанда ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін жеткілікті болуға тиіс. Тапсырманы әдетте бір рет, дыбыстық тапсырманы екі рет беруге болады.";

      71-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) теориялық және қолданбалы лингвистика қағидаттарын практикалық білу және қолдану ептілігін, ағылшын тілін үйрету қағидаттарын білуді және оларды практикада қолдана білуді, ағылшын тілін үйрету тәжірибесін қоса алғанда, лингвистер құзыретін білуге тиіс.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Емтихан алушылар (тест алушылар) мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) емтихан алушыларды (тест алушыларды) алғашқы даярлау курсын сәтті аяқтау;

      2) лингвистер үшін оқу барысында және онан әрі жұмыс кезінде ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тілін меңгеру кем дегенде әңгімелесе алатындай деңгейде, ИКАО шкаласы бойынша 5-ші жоғары деңгейде және егер тест ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тілін меңгеру 6-деңгейде білуін бағалау үшін әзірленген болса, ИКАО шкаласы бойынша 6-шы кәсіптік деңгейде білетіндігін көрсету, сондай-ақ радиотелефон байланысында пайдаланылатын жалпы және авиациялық ағылшын тілін үйретудің кемінде бір жыл тәжірибесі болуы;

      3) емтихан алушылар ретінде тартылған ұшқыштар, авиадиспетчерлер және авиация станцияларының операторлары үшін ағылшын тілін меңгеру ИКАО шкаласы бойынша кем дегенде 5-ші жоғары деңгейде толық білу;

      4) жылына бір рет емтихан алушылардың (тест алушылардың) біліктілігін арттыру курстарынан сәтті өту;

      5) авиация қызметінің пайдалану аспектілерін білу немесе тілдік тестілеу саласында не болмаса екі салада да білімі мен тәжірибесі болуға тиіс.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Рейтерлер (бағалаушылар) мынадай талаптарға сай болуға тиіс:

      1) рейтерлерді (бағалаушыларды) алғашқы даярлау курсын сәтті аяқтау;

      2) оқу барысында және онан әрі жұмыс кезінде ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тілін кем дегенде әңгімелесе алатындай және рейтерлік бағалай алатындай деңгейде, ИКАО шкаласы бойынша 5-ші жоғары деңгейде және егер тест ИКАО шкаласы бойынша тілді 6-деңгейде меңгеруін бағалау үшін әзірленген болса, ИКАО шкаласы бойынша 6-шы кәсіптік деңгейде білетіндігін көрсету;

      3) жылына бір рет рейтерлердің (бағалаушылардың) біліктілігін арттыру курстарынан сәтті өту;

      4) авиациялық ағылшын тілін білу, сөздік қорының болуы және тест сұрақтары, тапсырмалары ретінде және сөйлесу кезінде қолданылатын сөйлем құрылымдарын меңгеру.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Келісу рәсімін өткізгенде жоғары сапа дәрежесін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органда радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға тестілеу саласындағы білікті персонал жоқ болғанда, шеттегі білікті мамандардың барлық санаттарын тартуға рұқсат етіледі.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Егер мақұлдау рәсімі АОО сертификаттау шеңберінде өтсе, онда мақұлдау алудың уақытша шеңберлері "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 наурызда № 10486 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) АОО сертификаттау үшін белгіленетін мерзімдермен анықталатын болады.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Есеп жүргізуді ұйымдастыруға:

      1) тест кезінде тест тапсырушы мен емтихан алушы (тест алушы әңгімелесуші) арасындағы әңгімені қоса, сөйлеу дағдыларын білетіндігін анықтау тестілерінің барлық дыбыстық жазбалары дыбыс жазу аппаратурасымен жазылады;

      2) радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған барлық тестілердің дыбыстық жазбаларын (қажет болса бейне жазбаларды) ішкі тәртіппен белгіленген уақыт аралығы бойында сақтау;

      3) бағалау парақтарын және оларды растау құжаттарын (электрондық деректерді қоса алғанда) ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалауға қойылатын талаптарға сәйкес белгіленген, кандидатты аттестаттау жарамдылығының бүкіл мерзімі бойында сақтауға жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады