Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15457 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау

      министрі

      _________________ Е. Біртанов

      2017 жылғы 10 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі

      _________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 3 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 16 маусымдағы
№ 358 бұйрығына
1-қосымша

Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттық талаптар "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-68) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және сертификат беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық медициналық орталық (бұдан әрі – АМО) – азаматтық авиация саласында медициналық куәландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) авиациялық медициналық орталықтың сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – авиациялық медициналық орталықтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;

      3) авиациялық медициналық сарапшы (бұдан әрі – сарапшы) – әуе кемелерінің ұшуын орындауға және қамтамасыз етуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге, әуе қозғалысына қызмет көрсетуге тікелей байланысты тұлғаларды медициналық куәландырудан өткізуге, лицензиялар немесе біліктілік белгілерін алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен тағайындаған авиациялық медицина саласында даярлықтан өткен және практикалық дағдылары мен жұмыс тәжірибесі бар авиациялық медициналық сарапшы куәлігі бар дәрігер;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      5) дәрігер-консультант – авиациялық медицина саласында жоғары медициналық білімі және дайындығы бар және азаматтық авиацияда медициналық куәландыруды өткізуге қатысатын медициналық маман;

      6) аса жеңіл авиация (бұдан әрі – АЖА) – сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация;

      6) өтініш беруші – АМО сертификатын алуға өтініш берген заңды тұлға;

      7) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен өтінім берушінің АМО-ға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне жүзеге асыратын тексеру.

      Ескерту. 2-тармақ тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.02.2023 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан АМО-ға беріледі.

      4. Сертификат үш жылға беріледі және басқаға берілуге жатпайды.

2-тарау. Сертификаттау және авиациялық медициналық орталықққа сертификат беру тәртібі

      5. Сертификаттау рәсімдерінен өту және сертификат алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес авиациялық медициналық орталықты сертификаттауға ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық медициналық орталық сертификатын алуға өтінімді ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қайтарып береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Сертификация өтініш тіркеу күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      8. Уәкілетті ұйым өтінішті тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құрамына уәкілетті ұйымның қызметшілері, сондай-ақ мамандар, консультанттар және/немесе тәуелсіз сарапшылар кіретін сертификаттық тексеру жүргізу бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Сертификаттық тексеру АМО осы Қағидалар талаптарына және сертификаттық талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      10. Сертификаттық тексеруді өткізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтінім берушіге оның басталу күні туралы ақпаратпен қамтылған еркін нысандағы хабарламаны жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сертификаттық тексеру хабарламада көрсетілген мерзімнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде нұсқаулық материалмен жүргізіледі.

      12. Сертификаттық тексерудің аяқталу күні комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда Сертификаттық тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жасайды.

      13. Акт қорытындылар мен ұсынымдар көрсетіліп, 2 (екі) данада жасалады және комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      14. Актінің бір данасы өтініш берушінің қолына беріледі.

      15. Сертификаттық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда, өтініш беруші актіні алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға түзету іс-қимылдары жоспарын (бұдан әрі – жоспар) ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Жоспарда сертификаттық талаптарға сәйкес келмеушіліктерді түзетудің сатылы іс-қимылдары, оларды іске асыру мерзімдерімен бірге көрсетіледі.

      17. Өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкес келетін және сертификаттық тексеру кезінде анықталған сәйкес келмеушіліктерді түзеткен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Барлық берілген сертификаттар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысандағы авиациялық медициналық сарапшылардың сертификаттарын беруді есепке алу журналына тіркейді.

      19. Сертификатты беруге бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) қызметтерді алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталуы;

      2) өтініш беруші және (немесе) тағайындауға қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің тиісінше осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі;

      3) өтінім берушіге қатысты медициналық қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.

      Сертификатты беруге дәлелді бас тарту өтініш берушіге өтініш тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      20. Сертификаттың қолданылуы үш жылға дейін ұзартылады. Ұзартуға өтініш оның қолданылуының аяқталуына үш ай қалғанға дейін беріледі және уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Сертификаттың қолданылуы ұзартудың басты шарты өтініш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын кезеңде жыл сайын 200 (екі жүзден) кем емес 1-кластағы медициналық куәландырулар өткізу болып табылады.

      1-кластағы медициналық куәландырулар саны 200 (екі жүзден) кем болатын АМО-да 3-кластағы медициналық куәландырулар саны есепке алынады.

      22. Сертификаттық талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым мынадай тәртіпте іс-қимыл жасайды:

      1) сертификат иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес жоспарды ұсынуын және оны орындауын талап етеді;

      2) егер жоспарда белгіленген мерзімдерде сертификаттық талаптарды бұзу жойылмаса, АМО-ның мұндай сертификатының қолданылу саласын (немесе сертификатта көрсетілген, рұқсат етілген қызмет түрлерінің (кіші түрлерінің) толықтай немесе ішінара тоқтатады;

      3) сертификаттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде сертификаттық талаптарды бұзу жойылмаса, сертификатты қайтарып алады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Сертификаттың қолданысы оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.

      24. Уәкілетті ұйымның әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Авиациялық медициналық
орталығын сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

      Уәкілетті орган басшысына
___________________________
___________________________
___________________________

Авиациялық медициналық орталық сертификатын алуға ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Атауы:_________________________________________________________________

      2. Орналасқан жері:________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      3. Медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия_____________________________

      _________________________________________________________________________

      4. Медициналық қызметке лицензиясы _______________________________________

      5. Өтінім берушінің ұйымдастыру қызметінің сипаты ___________________________

      _________________________________________________________________________

      6. Болжамды медициналық куәландыру түрлерінің (класта) тізбесі

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      7. Медициналық куәландыруды өткізу сапасын бақылауды ұйымдастыру жүзеге

      асырылады_______________________________________________________________

      8. Өтініш берушінің қосымша хабардар ететін мәліметтері_______________________

      _________________________________________________________________________

      9. Өтініш беруші мынаған міндеттеледі:

      1) жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын сапалы орындауға кепілдік беру;

      2) Уәкілетті ұйымның қызметшілері қолданыстағы заңнамамен көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін орындау шартымен мемлекеттік бақылау мен қадағалау іс-шараларын іске асыруға жіберу;

      3) АМО-ның АМС және дәрігер-консультанттарының қажетті дайындық/қайта дайындау деңгейін қолдау.

      Осы өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, авиациялық медициналық орталық ол туралы Уәкілетті ұйымға 5 күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      10. Осы өтініште және оған қоса берілген құжаттардағы ақпараттың сенімділігін растаймын.

      АМО басшысы __________________________________________________ _________

                        (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      "____" _____________ 20 __ жыл

  Авиациялық медициналық
орталығын сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
2-қосымша

Авиациялық медициналық орталықты сертификаттауға ұсынылатын құжаттар тізімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 957 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Үй-жайға немесе ғимаратқа меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған).

      2. Медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, егер бар болса).

      3. Сарапшылардың нотариалды куәландырылған сертификаттары мен оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелері (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).

      4. Медициналық куәландыруды өткізуге қатысатын дәрігер-консультанттардың даярлығы туралы деректерді және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).

      5. Кесте нысанындағы АМО-ның штаттық құрылымы (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).

      6. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқ (бар) екені туралы анықтама (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөр талап етілмейді.

  Авиациялық медициналық
орталығын сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Сертификаттық зерттеу актісі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________

                        (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ____________ № _________ бұйрығына сәйкес келесі құрамдағы

      комиссия:

      Комиссия төрағасы:_______________________________________________

      (тегі, аты - әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      Комиссия мүшелері:_______________________________________________

      (тегі, аты - әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты - әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      _______________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.

      (ұйымның атауы)

      Қорытынды мәтіні:__________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: _____________________________________ ____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)             (қолы)

      Комиссия мүшелері: _____________________________________ ____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)             (қолы)

      ______________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы: _________________________________________ ____________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      М.О. (бар болған жағдайда)

  Авиациялық медициналық
орталығын сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
4-қосымша

Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы Авиациялық медициналық орталықтың № ________ сертификаты

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.07.2019 № 526 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" _________ берілген.

      Осы сертификат __________________________________________________________

      (Авиациялық медициналық орталықтың, ұйымның, құрылымдық

      бөлімшенің атауы және заңдық мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      авиациялық медициналық орталықтың Қазақстан Республикасының, келесі қолданылу

      саласына қатысты ИКАО стандарттары және ұсынылған тәжірибесімен белгіленген

      сертификаттау талаптарына сәйкес келетінін куәландырады:

      _______ класс (тар) бойынша медициналық куәландыру өткізеді.

      Сертификат авиациялық медициналық орталықтың

      __________________________________________________________________________

                        (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" _____________ № ____ сертификаттық зерттеу актісі негізінде

      берілген.

      Инспекциялық бақылауды

      __________________________________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның атауы)

      жүзеге асырады.

      20__ жылғы "___" ____________

      Сертификаттың әрекет ету мерзімі:                   20__ жылғы "___" __________

      Азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті ұйымның қызметшісі

      не ол уәкілеттік берген адам ______________________________________ __________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      М.О. (бар болған жағдайда)

  Авиациялық медициналық
орталығын сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

Авиациялық медициналық орталық сертификаттарын беруді есепке алу журналы

Сертификаттың р/с №

Сертификаттарды беру күні

Қолданылу саласы

Заңды тұлғаның атауы, жеке тұлға және/немесе жауапты заңды тұлғаның тегі, аты-жөні (егер бар болса)

Жеке тұлға немесе жауапты заңды тұлғаның аты-жөні, тегі, аты-жөні (егер бар болса) қолы

Ескертпе

      Ескертпе: журнал беттері нөмірленеді, тігіледі және мөрмен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 16 маусымдағы
№ 358 бұйрығына
2-қосымша

Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2022 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Авиациялық медициналық орталықтарға (бұдан әрі – АМО) келесі сертификаттық талаптарға (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) сәйкес болады:

      1) медициналық қызметті көрсетуге лицензиясының болуы (амбулаториялық емханалық көмек, еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіби жарамдылық сараптамасы);

      2) медициналық куәландыру өткізуге қажетті нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарының болуы;

      3) қатерлерді кезеңдік бағалап және оларды басқару жолымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқару жүйесінің болуы;

      4) меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимараты болуы;

      5) үй-жайдың немесе ғимараттың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде № 21080 болып тіркелген) бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздігіне сәйкес болуы;

      6) осы сертификаттық талаптарға 1-қосымшаға сәйкес АМО ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесінен кем емес медициналық бұйымдарының болуы;

      7) функциональды диагностика кабинеті (бөлімшесі) мен клиникалық-диагностикалық зертханасының болуы;

      8) функциональды диагностика кабинеті (бөлімшесі) мен клиникалық-диагностикалық зертханасында осы сертификаттық талаптарға 1-қосымшаға сәйкес АМО ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесінен кем емес медициналық бұйымдарының болуы;

      9) медициналық куәландыру мақсатында өткізілген зерттеулер бойынша тіркеу-есепке алу құжаттамасының болуы;

      10) АМО штатында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Авиациялық медициналық орталықтарға ең төменгі штаттық нормативінен кем емес медициналық мамандары мен әкімгер қызметкерлері болуы;

      11) уәкілетті ұйымға және басқа АМО және АМС (қажет болса) ақпарат беру жүйесі болуы;

      12) үй-жай немесе ғимаратты қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету (металл сейфтері, дабыл жүйесі).

  Авиациялық медициналық
орталықтарға қойылатын
сертификаттау талаптарына
1-қосымша

Авиациялық медициналық орталықтардың ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2022 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Құрал жабдықтың атауы

Саны (дана/ жинақ)

Авиациялық медициналық сарапшының кабинеті

1.

12 бұрулы тыныштықтағы ЭКГ

1 дана

2.

Манипуляциялық үстел

1 дана

3.

Бой өлшегіш

1 дана

4.

Медициналық таразы

1 дана

5.

Сантиметрлік лента

1 дана

6.

Хирургиялық қолғап

100 дана

7.

Негатоскоп

1 дана

8.

Стетофонендоскоп

1 дана

9

Сфигмоманометр (тонометр)

1 дана

10.

Медициналық термометр

2 дана

11.

Медициналық кушетка

1 дана

12

Ауыз қуысын тексеруге арналған шам

1 дана

13.

Бір рет қолданылатын шпатель

100 дана

14

Бактерицидтік сәулелендіргіш

1 дана

15

Пульсоксиметр

1 дана

Дәрігер-хирург консультант кабинеті

1.

Бой өлшеуіш

1 дана

2.

Медициналық таразы

1 дана

3.

Спирометр

1 дана

4.

Динамометр

1 дана

5.

Сантиметрлік лента

1 дана

6.

Хирургиялық қолғап

100 дана

7.

Медициналық кушетка

1 дана

8.

Негатоскоп

1 дана

9.

Манипуляциялық үстел

1 дана

10.

Бактерицидтік сәулелендіргіш

1 дана

Дәрігер-терапевт консультант кабинеті

1.

Сфигмоманометр (тонометр)

1 дана

2.

Стетофонендоскоп

1 дана

3.

Бір рет қолданылатын шпатель

100 дана

4.

Ауыз қуысын тексеруге арналған шам

1 дана

5.

Медициналық термометр

3 дана

6.

Медициналық кушетка

1 дана

7.

Бактерицидтік сәулелендіргіш

1 дана

Дәрігер-невропатолог консультант кабинеті

1.

Сфигмоманометр (тонометр)

1 дана

2.

Стетофонендоскоп

1 дана

3.

Бір рет қолданылатын шпатель

100 дана

4.

Медициналық термометр

1 дана

5.

Неврологиялық зерттеулер үшін балғашық

1 дана

6.

Медициналық кушетка

1 дана

7.

Бактерицидтік сәулелендіргіш

1 дана

Дәрігер-оториноларинголог консультант кабинеті

1.

Медициналық шкаф

1 дана

2.

Манипуляциялық үстел

1 дана

3.

Майысқақ штативті үстел шамы

1 дана

4.

Кіреберіс анализаторын зерттеуге арналған айналатын кресло

1 дана

5.

Аудиометр

1 дана

6.

Маңдай рефлекторы

1 дана

7.

Бір рет қолданылатын шпатель

100 дана

8.

Құлақ воронкасы

1 дана

9.

Мұрын айнасы

1 дана

10.

Көмей айнасы

1 дана

11.

Жұтқыншақ айнасы

1 дана

12.

Кесігі бар құлақ зонды

1 дана

13.

Оптикалық жүйесі бар Зигль құлақ қалқаншасы

1 дана

14.

Жанне шприці

1 дана

15.

Медициналық шприцтер

1 дана

16.

Құлақтың майысқан пинцеті

1 дана

17.

Анатомиялық пинцеттер

1 дана

18.

Кесігі бар мұрын зонды

1 дана

19.

Корнцангтер

1 дана

20.

Иісі бар заттарға арналған кептелген тығындары бар штангластар

5 дана.

21.

Медициналық кушетка

1 дана

22.

Бактерицидтік сәулелендіргіш

1 дана

Дәрігер-офтальмолог консультант кабинеті

1.

Көру өткірлігін анықтауға арналған аспап

1 дана

2.

Головин-Сивцев кестесі

1 дана

3.

Полихроматты Рабкин кестесі

1 дана

4.

Сынақ оправалары мен керек-жарақтары бар сынақ линзаларының жиынтығы

1 дана

5.

Рефрактометр

1 дана

6.

Скиаскопиялық сызғыш

1 дана

7.

Қарапайым айналы офтальмоскоп

1 дана

8.

Офтальмоскоп прямой электрический

1 дана

9.

Периметрияға арналған аспап

1 дана

10.

Бинокулярлық көруді анықтауға арналған аспап (түссынағыш, синоптофор)

1 дана

11.

Қараңғыға бейімделу және түнгі көру деңгейін зерттеуші арналған құрылғы

1 дана

12

Саңылау шамы

1 дана

13.

Көз ішіндегі қысымын өлшеуге арналған аспап (байланысты немесе байланыссыз)

1 дана

14.

Медициналық кушетка

1 дана

15.

Бактерицидтік сәулелендіргіш

1 дана

10.

Бинокулярлық көруді анықтауға арналған аспап (түссынағыш, синоптофор)

1 дана

Психолог кабинеті

1.

Тест бланкілерінің жиынтығы

10 жиынт.

2.

Психологиялық тексеруге арналған бағдарламалар жиынтығы бар дербес компьютер

1 дана

3.

Бактерицидтік сәулелендіргіш

1 дана

Функционалдық диагностика кабинеті (бөлімшесі)

1.

12 бұрулы тыныштықтағы ЭКГ

1 дана

2.

Жүктемемен ЭКГ

1 дана

3.

24-сағат қан қысымын мониторлау

1 дана

4.

24-сағат ритм жүрек мониторлау

1 дана

5.

Медициналық кушетка

1 дана

6.

Бактерицидтік сәулелендіргіш

1 дана

Клиникалық-диагностикалық зертхана

1.

Биохимиялық талдағыш

1 жиынт

2.

Қанды талдағыш

1 жиынт

3.

Зәрді талдағыш

1 жиынт

4.

Бинокулярлы микроскоп

1 дана

5.

Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтауға арналған құрал

1 жиынт

6.

Зертханалық центрифуга

1 жиынт

7.

Зертханалық сағаттар

1 дана

8.

Стерилизациялау мен дезинфекциялауға арналған құрал

1 жиынт

9.

Аквадистиллятор

1 дана

10.

Бактерицидтік сәулелендіргіш

1 дана

      Ескертпе: басқа медициналық қызметтерді басқа медициналық қызметтерді жеткізушілер шарттық негізде ұсынады.

  Авиациялық медициналық
орталықтарға қойылатын
сертификаттау талаптарына
2-қосымша

Авиациялық медициналық орталықтарға ең төменгі штаттық нормативі

Қызмет атауы

Қызмет саны

Ескертпе

1.

Басшы

1 қызмет

Басшы, оның орынбасары қажет болғанда АМС-ның, дәрігер -консультанттың және психологтың (тиісті дайындығы бар болса) қызметін атқарады

2.

Басшының орынбасары

1 қызмет (болған жағдайда)

3.

Хатшы (іс жүргізушы)

1 қызмет (болған жағдайда)

Қажет болғанда қоса атқарылады

4.

Медициналық статист, мұрағатшы

1 қызмет

5.

АМС

2 қызметтен кем емес

6.

Дәрігер- консультант терапевт, жалпы тәжірибелі дәрігер

1 қызмет

Қажет болған да қоса атқарылады.
АМС қажет болғанда дәрігер-консультанттың, профпатологтың және психологтың (тиісті дайындығы бар болса) қызметін атқарады

7.

Дәрігер- консультант невропатолог

1 қызмет

8.

Дәрігер-консультант хирург

1 қызмет

9.

Дәрігер-консультант офтальмолог

1 қызмет

10.

Дәрігер-консультант ЛОР маман

1 қызмет

11.

Дәрігер-профпатолог

1 қызмет

12.

Дәрігер-функционалдық диагностика

1 қызмет

13.

Психолог

1 қызмет

14.

Медициналық бике

Әрбір дәрігер пен АМС-ға бір қызметтен

15.

Зертханашы (зертхана маманы)

2 қызметтен кем емес

Қажет болғанда қоса атқарылады

16.

Әкімшілік басқару персоналы

-

Жеке заңды тұлғалар үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады