Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің "Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 және "Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 526 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 шілдеде № 19074 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15456 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Cарапшыға тағайындау үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық медициналық сарапшыға тағайындауға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарының 1), 2), 3)4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттардың көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған);

      3) сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілеттіұйым өтініш тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қайтарып береді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті ұйыммен сарапшыны тағайындауы өтініш тіркеу күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті ұйым өтінішті тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құрамына уәкілетті ұйымның қызметшілері, сондай-ақ мамандар, консультанттар және/немесе тәуелсіз сарапшылар кіретін сертификаттық тексеру жүргізу бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сертификаттық тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтінім берушіге оның басталу күні туралы ақпарат қамтылған еркін нысандағы хабарламаны жібереді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Сертификаттық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда, өтініш беруші актіні алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға түзету іс-қимылдары жоспарын (бұдан әрі – жоспар) ұсынады.

      Жоспарда сертификаттық талаптарға сәйкес келмеушіліктерді түзетудің сатылы іс-қимылдары, оларды іске асыру мерзімдерімен бірге көрсетіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкес келетін және сертификаттық тексеру кезінде анықталған сәйкес келмеушіліктерді түзеткен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті ұйым мынадай тәртіппен іс-қимылдар жасайды:

      1) сарапшыларға қойылатын сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылғанға дейін сарапшының мұндай сертификатының (немесе сертификатта көрсетілген қызметтің рұқсат етілген түрлерінің (кіші түрлерінің) қолданысы аясын үш айға дейінгі мерзімге толығымен не ішінара тоқтата тұрады;

      2) егер сертификаттау талаптарын бұзушылықтар сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде жойылмаса, оны кері қайтарып алады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Уәкілетті ұйым сертификаттың қолданысын мына жағдайларда тоқтата алады:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнаманың медициналық куәландыру және сертификаттық талаптар бөлігінің талаптарын бұзу;

      2) сертификат иесі үш айдан аспайтын мерзімге өтініш беру.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Уәкілетті ұйым сертификатты:

      1) сарапшы сертификатының қолданысы тоқтатыла тұрған күннен бастап үш ай ішінде сәйкессіздіктер жойылмаған;

      2) сарапшы сертификатының иесі өтініш берген жағдайларда кері қайтарып алады.

      Қайтарып алынған сертификат оны қайтарып алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға қайтарылуы тиіс.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарының 2) тармақшасында және 24-тармақта көзделген жағдайларда берілген өтініштер уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Сарапшы сертификатының қолданылуы үш жылға дейін ұзартылады. Ұзартуға өтініш оның қолданылуының аяқталуына үш ай қалғанға дейін беріледі және уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      Сертификаттың қолданылуы ұзартудың басты шарты сарапшының өтініш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын кезеңде кемінде 50 (елу) медициналық куәландырулар өткізуі болып табылады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Уәкілетті ұйымның әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15457 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған)мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен өтінім берушінің авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне жүзеге асыратын тексеру.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сертификаттау рәсімдерінен өту және сертификат алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес авиациялық медициналық орталықты сертификаттауға ұсынылатын құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық медициналық орталық сертификатын алуға өтінімді ұсынады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды өтініш берушіге қайтарып береді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті ұйым өтінішті тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құрамына уәкілетті ұйымның қызметшілері, сондай-ақ мамандар, консультанттар және/немесе тәуелсіз сарапшылар кіретін сертификаттық тексеру жүргізу бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сертификаттық тексеруді өткізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтінім берушіге оның басталу күні туралы ақпаратпен қамтылған еркін нысандағы хабарламаны жібереді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сертификаттық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда, өтініш беруші актіні алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға түзету іс-қимылдары жоспарын (бұдан әрі – жоспар) ұсынады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкес келетін және сертификаттық тексеру кезінде анықталған сәйкес келмеушіліктерді түзеткен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Сертификаттың қолданылуы үш жылға дейін ұзартылады. Ұзартуға өтініш оның қолданылуының аяқталуына үш ай қалғанға дейін беріледі және уәкілетті ұйыммен 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырылады.";

      22- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Сертификаттық талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым мынадай тәртіпте іс-қимыл жасайды:

      1) сертификат иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес жоспарды ұсынуын және оны орындауын талап етеді;

      2) егер жоспарда белгіленген мерзімдерде сертификаттық талаптарды бұзу жойылмаса, АМО-ның мұндай сертификатының қолданылу саласын (немесе сертификатта көрсетілген, рұқсат етілген қызмет түрлерінің (кіші түрлерінің) толықтай немесе ішінара тоқтатады;

      3) сертификаттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде сертификаттық талаптарды бұзу жойылмаса, сертификатты қайтарып алады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Уәкілетті ұйымның әрекетіне және/немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.".

      1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р.Скляр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2019 жылғы "____" ______________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2019 жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 526 бұйрығына
1-қосымша
  Авиациялық медициналық
сарапшыларды тағайындау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Уәкілетті ұйым басшысына

Авиациялық медициналық сарапшыға тағайындауға ӨТІНІМ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ағылшын тілінде) __________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Туған жылы _______________________________________________________________,

      телефон / факс _____________________________________________________________,

      е-maіl: ____________________________________________________________________

      2. Білімі___________________________________________________________________

      3. Жоғары оқу орны _________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Факультеті ______________________________________________________________

      5. Интернатурасы __________________________________________________________

      6. Мамандығы _____________________________________________________________

      7. Біліктілік арттыру курстары ________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      8. Медициналық куәландыру авиациялық медициналық орталық/медициналық ұйым

      базасында өткізіледі ________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      9. Медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Күні _________________ Қолы _________________

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 526 бұйрығына
2-қосымша
  Авиациялық медициналық
сарапшыларды тағайындау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сертификаттық тексеру актісі

      __________________________________________________________________________

                              (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" _________ № ___ бұйрығына сәйкес құрамындағы комиссия:

      Комиссия төрағасы: ___________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы)

      __________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы)

      ______________________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.

                  (ұйымның атауы)

      Қорытынды мәтіні: ___________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: _____________________________________ __________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      Комиссия мүшелері: _____________________________________ ______________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      ________________________________________________________ __________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      Актімен таныстым:

      Медициналық ұйым (АМО) басшысы:____________________________________

      ________________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      Өтінім беруші___________________________________________ ___________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы) (қолы)

      М.О. (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 526 бұйрығына
3-қосымша
  Авиациялық медициналық
сарапшыларды тағайындау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Authorіzedorganіzatіonіnsphereof cіvіl avіatіon of the Republіc of Kazakhstan АМС сертификаты АМE CERTІFІCATE Авиациялық медициналық сарапшы № Аeromedіcal examіner № ________________________________ (тегі / last name) ________________________________ (аты / name) ________________________________ (әкесінің аты / fіrst name)

      Жұмыс (медициналық куәландыру өткізу) орны:____________________

      _____________________________________________ базасында _______

      класты медициналық куәландыруды орындайды/Performs medіcal certіfіcatіon of

      avіatіon personnel _______ class at the premіses of __________________________

      Медициналық сертификатты беруге,

      мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге құқылы (керегінің асты сызылсын)

      / he/she has rіght of іssue, valіdіty and renewal of a medіcal certіfіcate of pіlots.

      Сертификат 20 жылғы "___" ___________ дейін жарамды / Thіs certіfіcate

      іs valіd untіl "___" ___________ 20 y. 20 жылғы "___"

      ___________№__________бұйрық / Order of "____" ____________ 20 y. N ____.

      Азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті ұйымның қызметшісі

      не ол уәкілеттік берген адам

      (Authorіsed person) ___________________________________ ________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (егербарболса)             (қолы)

      М.О./STAMP (бар болған жағдайда/ іn the presence)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 526 бұйрығына
4-қосымша
  Авиациялық медициналық
  орталығын сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Уәкілетті ұйым басшысына

      ___________________________

      ___________________________

Авиациялық медициналық орталық сертификатын алуға ӨТІНІШ

      1. Атауы:_________________________________________________________________

      2. Орналасқан жері:________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      3. Медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия_____________________________

      _________________________________________________________________________

      4. Медициналық қызметке лицензиясы _______________________________________

      5. Өтінім берушінің ұйымдастыру қызметінің сипаты ___________________________

      _________________________________________________________________________

      6. Болжамды медициналық куәландыру түрлерінің (класта) тізбесі

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      7. Медициналық куәландыруды өткізу сапасын бақылауды ұйымдастыру жүзеге

      асырылады_______________________________________________________________

      8. Өтініш берушінің қосымша хабардар ететін мәліметтері_______________________

      _________________________________________________________________________

      9. Өтініш беруші мынаған міндеттеледі:

      1) жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығын сапалы орындауға кепілдік беру;

      2) Уәкілетті ұйымның қызметшілері қолданыстағы заңнамамен көзделген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін орындау шартымен мемлекеттік бақылау мен қадағалау іс-шараларын іске асыруға жіберу;

      3) АМО-ның АМС және дәрігер-консультанттарының қажетті дайындық/қайта дайындау деңгейін қолдау.

      Осы өтініште және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, авиациялық медициналық орталық ол туралы Уәкілетті ұйымға 5 күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      10. Осы өтініште және оған қоса берілген құжаттардағы ақпараттың сенімділігін растаймын.

      АМО басшысы __________________________________________________ _________

                        (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      "____" _____________ 20 __ жыл

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 526 бұйрығына
5-қосымша
  Авиациялық медициналық
орталығын сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сертификаттық зерттеу актісі

      _______________________________________________________________

                        (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" ____________ № _________ бұйрығына сәйкес келесі құрамдағы

      комиссия:

      Комиссия төрағасы:_______________________________________________

      (тегі, аты - әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      Комиссия мүшелері:_______________________________________________

      (тегі, аты - әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты - әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)

      _______________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.

      (ұйымның атауы)

      Қорытынды мәтіні:__________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: _____________________________________ ____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)             (қолы)

      Комиссия мүшелері: _____________________________________ ____________

                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)             (қолы)

      ______________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Актімен таныстым:

      Ұйым басшысы: _________________________________________ ____________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      М.О. (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 526 бұйрығына
6-қосымша
  Авиациялық медициналық
орталығын сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
4-қосымша

Уәкілетті ұйымның атауы Уәкілетті ұйымның мекенжайы Авиациялық медициналық орталықтың № ________ сертификаты

      20__ жылғы "___" _________ берілген.

      Осы сертификат __________________________________________________________

      (Авиациялық медициналық орталықтың, ұйымның, құрылымдық

      бөлімшенің атауы және заңдық мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      авиациялық медициналық орталықтың Қазақстан Республикасының, келесі қолданылу

      саласына қатысты ИКАО стандарттары және ұсынылған тәжірибесімен белгіленген

      сертификаттау талаптарына сәйкес келетінін куәландырады:

      _______ класс (тар) бойынша медициналық куәландыру өткізеді.

      Сертификат авиациялық медициналық орталықтың

      __________________________________________________________________________

                        (уәкілетті ұйымның атауы)

      20__ жылғы "___" _____________ № ____ сертификаттық зерттеу актісі негізінде

      берілген.

      Инспекциялық бақылауды

      __________________________________________________________________________

      (уәкілетті ұйымның атауы)

      жүзеге асырады.

      20__ жылғы "___" ____________

      Сертификаттың әрекет ету мерзімі:                   20__ жылғы "___" __________

      Азаматтық авиация саласындағы

      уәкілетті ұйымның қызметшісі

      не ол уәкілеттік берген адам ______________________________________ __________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      М.О. (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 22 шілдедегі
№ 526 бұйрығына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 16 маусымдағы
№ 358 бұйрығына
2-қосымша

Авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптары

      Авиациялық медициналық орталықтарға (бұдан әрі – АМО) келесі сертификаттық талаптарға (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) сәйкес болуы тиіс:

      1) медициналық қызметті көрсетуге лицензиясының болуы (амбулаториялық емханалық көмек, еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіби жарамдылық сараптамасы);

      2) медициналық куәландыру өткізуге қажетті нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарының болуы;

      3) қатерлерді кезеңдік бағалап және оларды басқару жолымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқару жүйесінің болуы;

      4) меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимараты болуы;

      5) үй-жайдың немесе ғимараттың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміінде № 15760 болып тіркелген) бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздігіне сәйкес болуы;

      6) осы сертификаттық талаптарға 1-қосымшаға сәйкес Авиациялық медициналық орталықтардың ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесінен кем емес медициналық құрал-жабдықтары мен медициналық бұйымдарының болуы;

      7) функциональды диагностика кабинеті (бөлімшесі) мен клиникалық-диагностикалық зертханасының болуы;

      8) функциональды диагностика кабинеті (бөлімшесі) мен клиникалық-диагностикалық зертханасында осы сертификаттық талаптарға 1-қосымшаға сәйкес Авиациялық медициналық орталықтардың ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесінен кем емес медициналық құрал-жабдықтары мен медициналық бұйымдарының болуы;

      9) медициналық куәландыру мақсатында өткізілген зерттеулер бойынша тіркеу-есепке алу құжаттамасының болуы;

      10) АМО штатында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Авиациялық медициналық орталықтарға ең төменгі штаттық нормативінен кем емес медициналық мамандары мен әкімгер қызметкерлері болуы;

      11) уәкілетті ұйымға және басқа АМО және АМС (қажет болса) ақпарат беру жүйесі болуы;

      12) үй-жай немесе ғимаратты қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету (металл сейфтері, дабыл жүйесі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады