Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 957 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 қаңтарда № 18192 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15456 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларында:

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15457 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице - министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2018 жылғы "20" желтоқсаны

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2018 жылғы "26" желтоқсаны

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 957 бұйрығына
1-қосымша
  Авиациялық медициналық
сарапшыларды тағайындау
қағидаларына
1-қосымша

Өтініш берушіге қойылатын сертификаттау талаптары

      1. 1-класты сарапшы АМО штаттық медициналық қызметкері және:

      1) "Емдеу ісі", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы дипломы;

      2) дәрігер-маман ("Жалпы тәжірибе дәрігері", "Терапия", "Неврология" немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина") сертификаты;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мамандық бойынша бірінші санаттан төмен емес біліктілік санаты туралы сертификаты;

      4) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық және Тереңдетілген курстарынан (жалпы саны 120 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;

      5) авиациялық медицина саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      6) авиациялық медицина бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, авиациялық медицина және мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатуды өту туралы куәліктің болуы;

      7) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты болуы (жылына 10 сағаттан кем емес);

      8) өтініш беру алдындағы 3 жылдан аспайтын кезеңде кемінде 50 (елу) медициналық куәландыру болуы тиіс.

      2. 2, 3-класты сарапшы АМО штаттық медициналық қызметкері және:

      1) "Емдеу ісі", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы дипломы;

      2) дәрігер-маман ("Жалпы тәжірибе дәрігері", "Терапия", "Неврология" немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина") сертификаты;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мамандық бойынша біліктілік санаты туралы сертификаты;

      4) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;

      5) авиациялық медицина саласында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      6) авиациялық медицина бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, авиациялық медицина және мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатуды өту туралы куәліктің болуы;

      7) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты болуы тиіс (жылына 10 сағаттан кем емес).

      3. ЖАЖА класты сарапшыда:

      1) "Емдеу ісі", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы диплом;

      2) дәрігер-маман ("Жалпы тәжірибе дәрігері", "Терапия", "Неврология" немесе "Авиациялық және ғарыштық медицина") сертификаты;

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мамандық бойынша біліктілік санаты туралы сертификаты;

      4) авиациялық медициналық сарапшыларға арналған кәсіби даярлаудың Базалық курсынан (60 сағат теориялық және практикалық даярлығы) өткендігі туралы сертификаты;

      5) авиациялық медицина бойынша семинарлар, конгресстер, конференциялар, съездерде қатысу туралы сертификаттары, авиациялық медицина және мамандығы бойынша қайта даярлаудан, біліктілігін жоғарылатуды өту туралы куәліктің болуы;

      6) азаматтық авиация ұйымдарында, оның ішінде ұшу және/немесе диспетчерлік тренажерде немесе ұшуда куәландырушылардың еңбек жағдайларымен танысу, пилот немесе авиадиспетчердің жұмыс орнында тағылымдамадан өту (on the job training) хаттамасы немесе куәлігі, сертификаты болуы тиіс (жылына 10 сағат кем емес);

      7) медициналық қызметке лицензия (амбулаториялық-емханалық көмек, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама және кәсіби жарамдылық);

      8) меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығы негізінде үй-жай немесе ғимараты болуы;

      9) Заңның 14-бабы 1-тармағының 41-68) тармақшасына сәйкес бекітілген Сертификаттау талаптарына сәйкес меншік, жалдау негізіндегі медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарының болуы;

      10) Медициналық куәландыру бойынша қызметті қамтамасыз ететін ақпаратты сақтау мен есепке алу жүйесі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 957 бұйрығына
2-қосымша
  Авиациялық медициналық
орталығын сертификаттау және
оған сертификат беру
қағидаларына
2-қосымша

Авиациялық медициналық орталықты сертификаттауға ұсынылатын құжаттар тізімі

      1. Үй-жайға немесе ғимаратқа меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған).

      2. Медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, егер бар болса).

      3. Сарапшылардың нотариалды куәландырылған сертификаттары мен оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмелері (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).

      4. Медициналық куәландыруды өткізуге қатысатын дәрігер-консультанттардың даярлығы туралы деректерді және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).

      5. Кесте нысанындағы АМО-ның штаттық құрылымы (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).

      6. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқ (бар) екені туралы анықтама (заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, бар болса).

      Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін мөр талап етілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады