"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 432 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15470 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      3 "Сыртқы саяси қызмет" кіші функциясында:

      мынадай мазмұндағы 136 бюджеттік бағдарламасы бар 226 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:

      "226 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      136 Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Елдік бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ету";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      1 "Құқық қорғау қызметi" кіші функциясында:

      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      004 "Ішкі істер органдарының объектілерін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      1 "Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту" кіші функциясында:

      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      037 "Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту объектілерін салу және реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" кіші функциясында:

      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      028 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін бiлiм беру" кіші функциясында:

      мынадай мазмұндағы 057 бюджеттік бағдарламасы бар 261 және 360 бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен толықтырылсын:

      "261 Облыстың білім басқармасы

      057 Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

      360 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы

      057 Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету";

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

      2 "Халықтың денсаулығын қорғау" кіші функциясында:

      226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      053 "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 114 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "114 Республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау";

      9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:

      271 "Облыстың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      083 "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар және фельдшерлік-акушерлік пункттерді салу" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "083 Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар және фельдшерлік-акушерлік пункттерді салу";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" кіші функциясында:

      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      039 "Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" кіші функциясында:

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      047 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен";

      458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      054 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясында:

      367 "Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      007 "Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      013 "Қаланы абаттандыруды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" кіші функциясында:

      мынадай мазмұндағы 011, 015 және 032 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 055 бюджеттік бағдарламасы бар 458, 472 және 495 бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен толықтырылсын:

      "458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

      055 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен

      472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

      055 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен

      495 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

      055 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферті есебінен".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады