"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 181 бұрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15472 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 279 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазандағы № 191 (28317)) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) басымды жоба – мемлекекттік және салалық бағдарламалық құжаттарда көрсетілген басымдықтарға сәйкес іске асырылатын жоба;

      2) басшылар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, ұйымды тікелей басқаруды жүзеге асыратын, ұйымның мақсаттары мен саясатын айқындайтын, ұйымның директорлар кеңесінен немесе акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар алатын, ұйымға тікелей қызмет көрсетуге байланысты міндеттерді орындамайтын адамдар;

      3) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);

      4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);

      5) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға, шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі;

      6) жұмыскерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан, сондай-ақ бір жұмыс берушімен қоса атқару бойынша жұмыс туралы еңбек шартын жасасқан жұмыскерлерден басқа, жасалған мерзіміне қарамастан, еңбек шарттары негізінде қабылданған адамдар саны;

      7) кадрлардағы жергілікті қамту – жұмыскерлердің тізімдік санына қазақстандық кадрлардың жұмыскерлердің санаттары бойынша бөлінген пайыздық саны;

      8) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама – жұмыс берушінің кадрлардағы жергілікті қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргізілетін, өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес құзыретті органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасасқан келісімшарты бар жұмыс беруші жоспарлаған және орындайтын өз жұмыскерлерін – Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды, сондай-ақ шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық кадрлармен алмастыруды қамтитын, құзыретті органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген шаралар кешені;

      9) корпоративішілік ауыстыру – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан және әрекет ететін, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

      10) мамандар – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде лауазымдарды атқаратын, жоғары деңгейдегі арнайы және (немесе) бірегей білімі мен дағдылары, ұйымның бейіні бойынша қызметтер көрсету, ғылыми-зерттеу жабдығын, прогрессивті технологиялар мен техниканы, оларды басқару әдістерін пайдалану үшін белгілі бір салада немесе ғылымда айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар адамдар. Ондай білімі мен дағдыларын бағалау кезінде ұйымның бейіні бойынша кәсіптік білімінің болуын, сондай-ақ жұмыс түрлеріне немесе ұйымның қызметіне сәйкес келетін, арнайы техникалық білімдерді талап ететін жоғары деңгейдегі біліктілігін де, оның ішінде тиісті аккредиттелген кәсіптік қауымдастықтарға мүшелігін ескерген жөн;

      11) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзім атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын иммигранттар;

      12) менеджерлер – корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыратын заңды тұлға шегінде жоғары лауазымдарды атқаратын, кәсіптік біліктілік деңгейі жоғары және тиісті салада менеджер позициясындағы жұмыс тәжірибесі бар және ұйымды, ұйымның департаментін немесе басқармасын басқаратын, өзге басшы кәсіби немесе әкімшілік жұмыскерлерінің жұмысына басшылық ететін және бақылайтын, персоналды жалдайтын және жұмыстан босататын, жалдауға, жұмыстан босатуға немесе өзге іс-қимылына ұсыным беретін, жоғары тұрған басшылардан, ұйымның директорлар кеңесінен немесе акционерлерінен тек жалпы нұсқаулар немесе нұсқама алатын адамдар.

      Қызметтер көрсету үшін қажетті функцияларды тікелей жүзеге асыратын жұмыскерлер аталған санатқа қосылмайды;

      13) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) халықты жұмыспен қамту орталығы – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме;

      15) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, жұмыс беруші еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер;

      16) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің тартуына рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің шекті саны;

      17) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) – Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшін жұмыс берушiге жергілікті атқарушы орган беретiн осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құжат;

      18) шетелдік жұмыскер – жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартатын шетілдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы Қағидалардың шетелдік жұмыскерлерге қолданылатын ережесі сондай-ақ Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде, немесе осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылатын шетілдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Осы Қағидалардың жұмыс берушілерге қолданылатын ережесі сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде, немесе осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғаның филиалдарына, өкілдіктеріне қолданылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жұмыс беруші рұқсатты беру туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.

      Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға алымды енгізгенін растайтын құжаттарды бермеген кезде жергілікті атқарушы органның шешімі, сондай-ақ рұқсаттын қолданысы осы Қағидалардың 33-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тоқталады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Рұқсат берілген шетелдік жұмыскер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда ол осы кәсіп үшін Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-баптың 16-1) тармақшасына көзделген тәртіппен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде бұрын берілген рұқсатты бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа нөмір бере отырып, басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеуге жол беріледі.

      Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға рұқсат қайта ресімделетін шетелдік жұмыскерге осы Қағидаларда көзделген құжаттарды жібереді. Осы Қағидалардың 33-тармағы 6) тармақшасына сәйкес бастапқыда берілген рұқсат қолданысын тоқтатуға жатады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттың қолданысы мынадай:

      1) ол берілген мерзім аяқталған;

      2) рұқсат кері қайтарып алынған;

      3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;

      4) жұмыс беруші рұқсатты жергілікті атқарушы органға өз еркімен қайтарған;

      5) рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алымды төлегенін растайтын құжаттардың көшірмелерін енгізбеген;

      6) рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеген жағдайларда тоқтатылады.

      Жергілікті атқарушы орган осы тармақтың 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық органына рұқсаттың қолданысы тоқтатылғаны туралы ақпарат жолдайды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Корпоративішілік ауыстыру шеңберіндегі рұқсат басшыда, менеджерде және маманда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы және олардың осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 10), 12) тармақшаларында көзделген талаптарға жұмыскерді корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның оның біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі туралы хатымен, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екені туралы хатымен расталған сәйкес келуі шартымен беріледі.";

      39-тармақ алынып тасталсын;

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдiк жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшiн жұмыс берушi не ол уәкілеттік берген адам "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтерді бередi.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Рұқсатты беру және ұзарту кезінде жұмыс берушіге оның келісімен мынадай ерекше шарттардың бірі жүктеледі:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша кәсіптік даярлау;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын тартылатын шетелдік жұмыскердің мамандығы бойынша қайта даярлау;

      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыру;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін шетелдік жұмыскерлер тартылатын мамандықтар бойынша қосымша жұмыс орындарын құру.";

      мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

      "42-1. Жұмыс берушіде кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама болған кезде ерекше шарттарды қабылдау талап етілмейді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Рұқсатты алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай:

      1) жұмыс беруші осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;

      2) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту фактісі анықталған. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;

      3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындамаған;

      4) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 37 және 38-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;

      5) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламада көзделген шараларды (шарттарды) орындамаған жағдайларда берілмейді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталардан кемiнде бір ай бұрын "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі арқылы не қағаз түрінде жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды:

      1) өтінішті;

      2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпаратты;

      3) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты;

      4) рұқсат мерзімін ұзартудың негіздемесін;

      5) шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      6) Қағидалардың 45-тармағына сәйкес рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпаратты жібереді.".

      Көрсетілген Қағидаларға 2, 3, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ____________________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 26 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 6 шілде

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 28 маусымдағы
№ 181 бұйрығына
1-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша
нысан

Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат

Р/с №

Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары

Жұмыс беруші жұмыскерлерінің саны, адам

Тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам

3-баған + 5-баған

4-баған + 5-баған

Шетелдік жұмыс күшінің жұмыскерлердің жалпы санына %, 7-баған/6-баған*100%

Барлығы
(шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер
есепке алынбайды)

оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші
 

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1 және 2- санаттар







2

3 және 4- санаттар







3

БАРЛЫҒЫ







      Ескертпе: шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда ол 6-бағанда есепке алынбайды.

      Жұмыс беруші: _________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 28 маусымдағы
№ 181 бұйрығына
2-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
3-қосымша
нысан

Басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар

Р/с №

Басымды жобаның атауы

Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары

Басымды жобада жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың %

Басымды жобада жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің %

1

2

3

4

5

1.


1-санаттағы



2- санаттағы



3- санаттағы





4- санаттағы




Келісілді:
___________________
(Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның атауы)
_____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
М.О. 

Келісілді:
___________________________
(Орталық мемлекеттік органның атауы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
М.О. 

Келісілді:
_____________________________
(Облыстың, Астана, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының атауы)
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)
М.О. 

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 28 маусымдағы
№ 181 бұйрығына
3-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
9-қосымша

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік жұмыскерлерді
тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар

      1. Еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не хаттың немесе жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), аталған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмесі).

      2. Өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат.

      3. Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:

      1) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат;

      2) шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лаузымға шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі сәйкес келетіні туралы хаты, сондай-ақ қабылдаушы тараптың жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хаты.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 тамызда № 14170 болып тіркелген) Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі – Қағидалар) 47-тармағында көзделген корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.

      5. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергені туралы құжаттың көшірмесі.

      6. Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      7. Қағидалардың 45-тармағына сәйкес рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат.

      8. Кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның көшірмесі (бар болса).

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 28 маусымдағы
№ 181бұйрығына
4-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
10-қосымша
нысан

Рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат

Р/с №

Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты

Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы)

Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіпті (мамандықты) және (немесе) олар үшін құрылатын жұмыс орындарының санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы

Ерекше шарттарды орындау мерзімі

1

2

3

4

5

_______________________________________

(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

______________________________________________

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

20 ___ жылғы "____" ___________________________

М.О.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады