"Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 тамызда № 15529 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 59 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.06.2021 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11181 болып тiркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт):

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 09.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға жүзеге асырылады.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      стандартқа қосымшаға сәйкес сауалнама-өтініш осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті:

      180 миллион теңгеге (бұдан әрі – млн. теңге) дейінгі кредиттер бойынша – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі, көрсетілетін қызметті беруші);

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      180 млн.теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің кеңсесі, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама;

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде. 

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті тұлғасының қолымен расталады. 

      Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";

      стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ______________ Д. Абаев

      2017 жылғы _________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 10 шілдедегі
№ 273 бұйрығына
1-қосымша
  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде кредиттер бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігіне субсидия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

      Кімге _________________________________________ әкімдігі

      Кімнен _______________________________________(бұдан әрі – ЖКС)

      (жеке кәсіпкерлік субъектісі)

      № ___________ САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

      "Бизнестің жол қартасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден __________________________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қарауға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

1. Бағдарламаның бағыттары
(бағытты "V" белгісімен белгілеу керек)


"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" деген бірінші бағыты


"Экономиканың басым салаларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" деген екінші бағыты


"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" деген үшінші бағыты

2. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


3. Басшылық

      Бірінші басшы

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Лауазымы


Жұмыс/үй телефон нөмірі


Туған жылы мен жері


Жеке басты куәландыратын құжатының №


Тұрғылықты (нақты) жері


Тұрғылықты жері (тіркелген жері)


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Жұмыс/үй тел.


Жұмыс/үй телефон нөмірі


Жеке басты куәландыратын құжатының №


Тұрғылықты (нақты) жері


Тұрғылықты жері (тіркелген жері)


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасайтын адам

(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефон нөмері)


4. Меншік иелері (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың
5 (бес) % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер).

Атауы/Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

%

Деректемелері



















5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ)/ Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – ИИДМБ) сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

____________ оның ішінде әйелдер
______________________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаттама)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


6. Банктік шоттары туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін банктердің барлығындағы ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

7. Тарих

      ЖКС жұмысының процесінде пайдаланылған барлық банк несиелері, лизингтік мәмілелер, өтелгендер, сол сияқты өтінім беру күніне өтелмегендер көрсетіледі.

Кредитор/ Лизинг беруші

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты (бұдан әрі – БҚШ)/қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – ҚЛШ) бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу мерзімі

1







...







8. Қолданыстағы кредит/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат Күні және валюта бағамы: ___________ / ___________

р/с №

Банк/ лизинг-тік компа-ния

БҚШ/ҚЛШ дерек-теме-лері (№, күні)

Сыйақы мөлшер-лемесі, %

Кредит/ лизинг валюта-сы

Кредит/ лизинг сомасы

Көрсетіл-ген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы

Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн

Кре-дит/ лизинг мақса-ты (қыс-қаша сипат-тама-сы)




























9. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және ЖКС қатысты қолданылатын
мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

р/с №

Мемлекеттік бағдарламаның/ мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат













10. Кепілдіктер мен келісімдер

      ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс және төменде көрсетілген күнге шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне дереу хабарлауға міндеттенемін.

      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің алғашқы талабы бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және жария етуге міндеттенемін.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ЖКС-ке ескертілді.

      5. ЖКС өзінің жарғылық құзыретінің осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған уақытта осы өтініштің кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      ЖКС осымен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мыналарға келісімін береді:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС берген құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидия алу үшін ғана беріледі.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ЖКС өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде де, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталады.

      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС-тің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің субсидия беру немесе ЖКС жұмсаған шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейіннен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне наразылық білдірмеймін.

11. Қосымшалар

      (_______ бағыты бойынша көзделген құжаттар)
      _____________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 10 шілдедегі
№ 273 бұйрығына
2-қосымша
  "Бизнестің жол картасы – 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасының
шеңберінде кредиттер бойынша
кепілдіктер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту
қоры" АҚ
өңірлік филиалының директоры
___________________________
______________________
Жеке кәсіпкер "_________"/ заңды тұлғаның басшысы
(Шаруа қожалығы,
Жауапкершілігі шектеулі
серіктестік және басқа)
_________

ӨТІНІШ

      Мен, ________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) – бұдан әрі – заңды тұлғаның/дара кәсіпкердің басшысы) мынаны хабарлаймын: _____20__ ж. "Банктің атауы" акционерлік қоғамының уәкілетті органы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде жылдық ___ %, ___ ай мерзімге, ___ теңге мөлшерінде кредит желісін ашу/банктік қарыз беру туралы оң шешім қабылдады.

      Кредиттеу мақсаты ____________________________________________.

      Кредит желісі/банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде мен мына мүлікті ұсындым:

      1) ___________________________________________________________,

      (объектінің атауы, жалпы аумағы, салынған жылы, орналасқан жері, нарықтық құны теңгеде)

      2)___________________________________________________________,

      (автокөлік құралы, шығарылған жылы, техникалық ерекшелікке сәйкес сипаттамалары, нарықтық құны теңгеде).

      3) ___________________________________________________________.

      басқа мүлік (оның ішінде атауын, сипаттамаларын, орналасқан жерін және т.б. көрсете отырып)

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сізден _____________ теңге мөлшерінде ______ айға дейін мерзімге кепілдік беру мүмкіндігін қарауыңызды өтінемін. Бекітілген кредит желісінің/банктік қарыздың шеңберінде кредиттер берілмегендігін хабарлаймын.

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына "банктің атауы" акционерлік қоғамына кепілге берілген мүлікке, сондай-ақ "банктің атауы" акционерлік қоғамы алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету болып табылмайтын мүлік бойынша талаптарды қоюға келісімімді беремін.

      Жеке кәсіпкер/заңды тұлға басшысының лауазымы ________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қолы _______________________

      Мөр орны (болған жағдайда)

      Ескертпе: электрондық өтінімді портал арқылы берген жағдайда, өтініш порталда көрсетілген нысан бойынша ресімделеді

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады