Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 20 шілдедегі № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 тамызда № 15546 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
Министрінің міндетін атқарушы
А. Айдарбаев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 20 шілде
№ 486 бұйрығына
бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсетуді ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 70 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4619 болып тіркелген, 2007 жылғы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Локомотивтік тартқыш қызметін көрсетуді ұсыну ережесінде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Локомотивтік тартқыш қызметерін көрсету қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы Локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және темір жол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленеді және локомотивтік тартқыш қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.

      Қағидалар локомотивтік тартқыш операторының (бұдан әрі - оператор), тасымалдаушылардың және тасымалдау процесіне өзге де қатысушылардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейді, сондай-ақ жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошталық жөнелтілімдерді және жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру мен маневрлік және шаруашылық жұмыстарын жүзеге асыру кезінде локомотивтік тартқыш қызметін көрсетуді ұсыну тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:";

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) маневрлік жұмыс – вагондарды өңдеу, сұрыптау, тарқату, тиеуге, түсіруге, жөндеу жолына (жолынан), салмағын өлшеуге әкелу-әкету, поездарды құрастыру, тарқату кезінде олардың орнын ауыстыру, жылжымалы құрамды бір жолдан басқасына ауыстырып қою, локомотивтердің станция шегіндегі қозғалысы, арнайы жылжымалы құрамның, тартқыш көлік құралдарының (локомотивтер немесе моторвагондық жылжымалы құрамдардың) орнын ауыстыру;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "7. Осы Қағидаларға және темір жол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес талаптарды, ұсынылатын қызметтер ауқымын, тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін айқындайтын локомотивтік тартқыш қызметін көрсету жөніндегі шарт оператордың локомотивтік тартқыш қызметін көрсетуге негіз болып табылады.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "10. Оператордың локомотивтік тартқыш қызметін көрсету туралы шешімі өтініш тіркелген және осы Қағидаларға сәйкес қажетті барлық құжаттар ұсынылған соң мынадай мерзімдерден кешіктірілмей қабылдануы тиіс:".

      2. "Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацмия министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 110 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6865 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидасында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өзінің тартқыш көлік құралдары (локомотиві) жоқ тармақ иеленуші мен контрагенттер маневрлық және шаруашылық жұмыстар (поездарды қалыптастыруы, тарату, тиеу/түсіру орындарына вагондарды беру-алып кету және орнын ауыстыру, тасымалдау процесімен байланысты емес басқа технологиялық мақсаттар) үшін локомотивтік тартымның операторларымен жасаған шарттың негізінде локомотивтік тартымның қызметтерін пайдаланады.".

      3. "Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 болып тіркелген, 2011 жылғы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта:

      137-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кілт-жезлдар сондай-ақ вагондарды аралықтарға жанасатын кірме жолдарға беруді-алып кетуді ұйымдастыруда, сондай-ақ жөнелтілген поездың артынан олардың кейіннен станцияға оралуымен шаруашылық поездарының қозғалысы пайдаланылуы мүмкін.";

      140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Локомотивті жөнелту станциясына қайтарумен немесе одан әрі көрші станцияға дейін жүрумен вагондарды қосалқы пост қызмет көрсетпейтін түйісуге беру-алып кету қажеттігі кезінде машинистке түйісу бағыттамасының бақылау құлпының кілтімен бірге жезл беріледі. Көрші станция бойынша кезекші вагондарды түйісуге беру-алып кету үшін локомотивтің жөнелтілгені туралы және станцияға оралуы туралы да хабардар етіледі.";

      546-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "546. Жарылғыш материалдар бар вагондар поездарда және маневрлер кезінде, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың кірме жолдарына беру-алып кету кезінде осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасында көзделген нормаларға сәйкес паналауы болуы тиіс.";

      548-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "548. Жарылғыш материалдар бар вагондарды түсіруге қабылдайтын немесе жөнелтуші кірме жолдарға қызмет көрсету жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарда мұндай вагондарды беру-алып кету маршруттары, маневрлік құрамдардың олармен орын ауыстыру жылдамдығы, өтпелер арқылы жүру тәртібі мен маршрутты күзету, сондай-ақ жергілікті жағдайларға қарай қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті басқа шаралар анықталуы тиіс. Жарылғыш материалдар бар вагондарды арсеналдардың, базалар мен қоймалардың кірме жолдарына беру-алып кету негізінен тепловоздар жүргізеді.";

      Қазақстан Республикасы поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулыққа 88-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
Қазақстан Республикасының
темір жол көлігіндегі
поездар қозғалысы және маневрлік
жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа
88-қосымша

1-кластық қауіпті жүктер (жарылғыш материалдар) тиелген вагондарға арналған поездарда және маневрлер кезінде қалқалаудың ең төмен нормалары

Қалқалау қажет болатын жағдайлар

А-сұлбасы бойынша

Ә-сұлбасы бойынша

қалқалау вагондарының саны

қалқалау вагондарының саны

1

2

3

Жетекші локомотивтен: жарылғыш материалдар тиелген барлық жабық мамандандырылған вагондарды (тартымы мен отынның түріне байланыссыз)

3

3

жарылғыш материалдар тиелген платформалар мен жартылай вагондар құрғақ отынмен жүретін паровоздан; локомотивтердің өзге түрлерінен

5
3

5
3

Поездың соңынан соңғы вагонды ескерумен, соның ішінде итеру кезінде

3

3

Эшелонның жеке құрамы тиелген вагондардан

3

3

Жолсеріктері, жүктерге ілесіп жүруге арнап арнайы бөлінген қызметкерлері, қарауылдар, күзет наряды бар жылжымалы құрамнан (вагондардан, әрекетсіз қалпындағы локомотивтерден, крандар мен темір жол жүрісіндегі өзге механизмдерден)

3

1

Қауіпті жүктері бар вагондардан (2, 3, 4, 5 - кластық және 6. 1- ішкі кластық қауіпті жүктері бар вагондарды санамағанда)

3

3

2, 3, 4, 5- кластық және 1. 6- ішкі кластық қауіпті жүктері бар вагондардан

Тыйым салынады

3

Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған бос цистерналардан

1

1

Шартты нөмірлері: 115, 119, 121, 126, 128, 130, 134, 137, 1414, 143, 148, 154, 155, 156, 167, 168, 176, 179, 182, 199 ЖМ тиелген вагондардан

3

3

Басқа жарылғыш материалдар тиелген вагондардан

3

0

Шеткі арқалығының шектерінен шығарумен тиелген ағаш материалдары, құрыш және темірбетонды арқалықтар, рельстер, құбырлар мен соған ұқсас жүктері бар платформалар мен үсті ашық вагондардан және тасымалдағыштардан

1

1

Маневрлер кезінде құрғақ отынмен жүретін паровоздан, тепловоздан (паровоздан) және жарылғыш материалдар тиелген вагондарды кірме жолдарға беру-алып кету кезінде

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады